Әліппе деген – алтын жол


-тапсырма. Әліппеде жаттаған тақпақтарын айтқызу. Камила



бет5/5
Дата20.07.2020
өлшемі58,5 Kb.
#63392
1   2   3   4   5
3-тапсырма. Әліппеде жаттаған тақпақтарын айтқызу.
Камила:

Әріп біткен шығыңдар,

Орындарыңа тұрыңдар.

Бастайық, кәне айтысты

Жібермейік намысты.
Нұрасыл:

А-ға й-ды қоссаңыз

Көкте тұрған ай болар.

Т-ны алдына тоссаңыз

Бәсірелі тай болар.
Айнар:

Ә әрпінен табамыз

Әжемізді ақылгөй.
Елнұр:

Б дегенің- бабамыз

Бауыржандай батыр ғой.
Самал:

М дегенің мал болар

Қадір тұтқан бабалар.
Ислам:

Ғ әрпімен бір келер

Ғылым атты ұлы тау.
Еркебұлан:

Д әрпімен бастасаң

Дархан, дария далам бар.
Аружан:

Е-ні ұмытпас ешқашан

Елін сүйген жарандар.
Еркежан:

Ж дегенің – жөргегің

Туып-өскен жерлерің.
Ельдар:

И дегенің – иманың

Адалдықтың асқары.
Қайрат:

Ө әріпімен өрістер

Өмір атты дүниең.

Дайана:

С әрпінен тұратын

Сый-сияпат, сенімің.
Қайрат: Алфавит сыры ( мәнерлеп айту)
Мұғалім:

Балалар, ең алғашқы ұстаз кім?


Оқушылар:

Ыбырай Алтынсарин


Мұғалім:

Ы.Алтынсарин аталарың қандай өсиет қалдырды?


Оқушылар:

Кел, балалар, оқылық!


Кәусар:

Алфавитті білдіңдер,

Онда жүйе, қалып бар.

Біздің қазақ тілінде

42 әріп бар.
Ән: Әліппе
Қарақат:

Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға басқа кітап аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ бол,

Сауатты боп шықты міне балаңыз.
Ерасыл:

Әліппем менің Әліппем,

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым мектептің,

Ертеңгі сәуле жарықпен.
Нұрай:

Қош бол құтты, Әліппем!

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің.

Әліппе:

Әліппе оқуға

Үйреткен әр күні

Кім, атан атай ғой?


Оқушылар:

Ол біздің мұғалім апай ғой


Әліппе:

Үйретіп санауды,

Көп еңбек сіңірген

Кім, атын атай ғой?


Оқушылар:

Мұғалім апай ғой.


Камила:

Ең алғаш алғанымда Әліппені,

Қызығып қарай бердім әріптерге.

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,

Ұстазым оның кілтін алып берді.
Ән: Ақылшым мұғалім.
Әліппе:

Балалар, мен сендерге ризамын. Мені жақсы меңгеріпсіңдер. « Әріптер елінен» іздеген қымбат асыл қазыналарыңды алып келдім. Ол « Ана тілі» кітабы.


( Ана тілі кіреді)
Оқушылар:

-Қош келдіңіз, Ана тілі!


Ана тілі:

Ана тілі пәнімін,

Ана тілі ұраным.

Ана тілі болмаса,

Мықты болмас тұрағым.

Балалар, енді мені оқитын боласыңдар. Мен сендерге көп нәрсе үйретемін. Мен сендерге әр кезде Мұхтар Әуезовтың « Кімде-кім ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды» деген нақыл сөзін еске саламын.


Мұғалім:

Рахмет, Ана тілі, ана тіліміздің, дара тіліміздің, дана тіліміздің мәртебесін жоғары көтереміз деп уәде береміз. Бізбен бірге болыңыз .

Әліппе дос, балаларға ризамысың?
Әліппе:

Ризамын, ризамын.

Әліппенің бетін жарық ет!

Ұл-қызды түгел білімді ет!

Келесі оқу жылына

Аман-есен түгел жет!

«5» болсын алар бағамыз,

Біліммен бақыт табамыз

Өнер білім көп тоқып

Өсе берсін санамыз.

Қош болыңдар, сендерге көп рахмет!
Оқушылар:

Қош бол, құрметті Әліппе!


( әліппе қол бұлғап кетеді)

Мұғалім:

Әліппені бітірді балаларым,

Әліппеден нәр алған даналарым.

Өзі жазып оқитын халге жетті,

Құтты болсын білімі балалардың.

Балалардың білімі құтты болсын

Денсаулығы әрқашанда мықты болсын

Білімдерін әрі қарай дамытатын



Ерінбейтін еңбекқор күшті болсын.
Құрметті қонақтар, енді оқушылардың өнерін тамашалаңыздар.





Каталог: uploads -> doc -> 10fe
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
10fe -> Сабақ Тақырыбы: Тігін машиналарының бөлшектері мен жұмыс жасау механизмдері
10fe -> Құрманғазы Сағырбайұлы (1818-1889)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет