Әліппе. Оқыту әдістемесі



бет32/175
Дата03.02.2023
өлшемі4,89 Mb.
#167329
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   175
Байланысты:
ліппе о ыту дістемесі

сабақ





Бөлім: Әліппе кезеңі




Педагогтің аты- жөні:

Күні:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Р дыбысы және әрпі

Оқу бағдарла- масына сәйкес күтілетін нәтижелер

Білімділік: оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады; дыбыстың мағына ажыратушы қызметін түсінеді; дыбыстан буын, буыннан сөз, сөзден сөйлем, сөйлемнен мәтін құрайды; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптерді, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады. Дамытушылық: сөздік қоры байиды; байланыстырып сөйлеуге үйренеді.
Тәрбиелік: ана тілін, Отанын, халқын, мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтей біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы (1–7 мин)

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу.

  2. Оқушыларды түгендеу.

Психологиялық ахуал орнату. Ойсергек: «Суреттер жауыны»

Суреттердегі Р әрпі бар сөздерді табады. Оларға дыбыстық талдау жасайды.




Суреттер


67



Сабақтың ортасы (26 мин)

Сабақтың күтілетін нәтижесімен таныстыру:
– Балалар, сендер бүгін сурет, сызбаның көмегімен сөздер құрап, оларды дыбыс сызбасы арқылы
«оқисыңдар», дыбыстық талдау жасайсыңдар. «Ара» сөзі екі түрлі мағына беретінін білесіңдер. Сурет арқылы шағын мәтін құрайсыңдар.
«Р р» әрпі кездесетін сөздерді көркем жазып үйренесіңдер.

Күтілетін нәтижені мұқият тыңдайды.



Қолдау








(МК, Ұ) Дыбыстық жинақтау дағдыларын дамыту жұмысы. Оқылым.

1.Оқулықтың 19-бетінде берілген нар, қасқыр, қарға, құр суреттерінің дыбыс сызбасын «а», «р» дыбыстарымен толықтырып оқыту, дыбыстық талдау жасау.


2.. «А», « р» дыбыстарының сөз алдында, ортасында, соңында келетін орнын оқушылардың өздіктерінен табуына мүмкіндік жасау.




  1. «Нар», «қасқыр», «қарға», «құр» сөздерін сурет және дыбыс сызбасының көмегімен «оқиды».

  2. Бос ұяшықтағы дыбысты табады.

  3. Сөздерге дыбыстық талдау жасайды. Сөзді буынға бөліп, «а», «р» дыбыстарының сөз алдында, ортасында, соңында келетін орнын анықтайды.

  4. «Ара» сөзінің беретін мағыналарын мұғалімнің көмегімен сурет және

«Менің алғашқы сөздігім» арқылы ажыратады, дыбыстық талдау жасайды.
«Нар», «арлан» сөздерінің түсіндірмесін де мұғалімнің көмегімен тауып оқиды.

  1. Оқушылар «Ара!», «Ара!» сөйлемін мәнерлеп оқиды.

  2. Сурет бойынша сөйлем құрайды:

1) Баланы ара шақты. 2) Бала «А-а-а!» деп қашты.
7. Жоғарыдағы сөйлемдермен мәтін құрастырады: Баланы ара шақты. Ол
«А-а-а!» деп қашты.

Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.
Мақтау
Қолдау көрсету

Суреттер, оқулық Сызба


68






  1. «Ара» сөзінің әртүрлі мағынасымен жұмыс ұйымдастыру. Сөздіктен табуға үйрету.

  2. «Ара! Ара!» сөйлемін оқу. Сурет бойынша әңгіме құрау.

Оқушылар «ара» сөзінің әртүрлі мағынасын қимылмен көрсетеді.

















Сызба, оқулық


«Менің алғашқы сөздігім» көмекші құралы

5. Екі мағынадағы араның қимылын жасау арқылы сергіту сәтін ұйымдастыру.
Жазылым
Жазу дәптерімен жұмысты ұйымдастыру.

Оқушылар жазу дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды:

  1. Үзік сызықтарды бастырып жүргізеді, көп нүктенің орнына тиісті әріпті жазады.

  2. Сабақ соңында өз іс-әрекетіне (каллиграфиялық талапқа сай дұрыс және сауатты жазу) кері байланыс жасап, өзін-өзі бағалауы үшін әр беттің соңында берілген дөңгелек-шартты белгілерді бояйды: «жасыл» түс –

«Бәрекелді!», «көк» түс – «Жарайсың!»,
«қызыл» түс – «Ойлан!».

Оқушыларға қолдау көрсету.


Мақтау, қолдау.



Оқулық Жазу дәптері



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет