Әліппе. Оқыту әдістемесі



бет1/175
Дата03.02.2023
өлшемі4,89 Mb.
#167329
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   175
Байланысты:
ліппе о ыту дістемесі

ӘЛІППЕ
ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ


Жалпы білім беретін мектептің 1-сынып мұғалімдеріне арналған

Алматы, 2021



Әліппе. Оқыту әдістемесі: Жалпы білім беретін мектептің 1-сынып мұғалімдеріне арналған.
– Алматы, 2021. – 322 б.


АЛҒЫ СӨЗ


Құрметті мұғалім! Сіздерге ұсынылып отырған 1-сыныпқа арналған «Әліппе оқыту әдістемесі»


– Ахмет Байтұрсынұлы әдістемесінің негізінде әзірленген «Әліппе» оқулығының әдістемелік ерекшеліктері мен оны оқытудың жолдары баяндалатын оқу құралы.
«Әліппе» оқулығы оқу материалдарының негізіне тілдік білім және сөйлеу алынып, оқулықта негізгі тілдік бірліктер (мәтін, сөйлем, сөз, буын, дыбыс) мен орфоэпиялық, орфографиялық, пунктуациялық нормалар туралы қарапайым түсініктер, қазақ тілінің дыбыстық және әріптік жүйесінен берілетін білім, қазақ тілі бойынша грамматикалық дағдылар қалыптастыру материалдары, ауыз әдебиеті және көркем әдебиет шығармалары балалардың жас ерекшеліктері мен күтілетін нәтижелерге сәйкес берілген.
«Әліппе» оқулығы оқу материалдарын сұрыптау мен орналастыруда Ахмет Байтұрсынұлының дыбыспен жаттығу; әрбір дыбыстың сөз жасаудағы қызметін есепке алу; оңайдан қиынға, жеңілден күрделіге өту; білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу ұстанымдары басшылыққа алынған.
«Әліппе» оқулығының әліппеге дейінгі кезең оқу материалдары сөйлеу барысында тілдік бірліктер (мәтін (сөйлеу), сөйлем, сөз, буын, дыбыс) туралы қарапайым түсінік беруді қамтиды. Сызба- модель арқылы сөз, сөйлем құрауға және оларды сызбаның көмегімен «оқып», сөздің әр буынындағы дыбыстарды ажыратуға үйренеді. Бұл тілдік түсініктерді сөйлеу барысында меңгертуде Ахмет Байтұрсынұлының «оңайдан қиынға, жеңілден күрделіге өту» ұстанымы басшылыққа алынады. Бала мектепке келгенде «сөйлей білсе де», сөйлеуінің сөйлемдерден, сөйлемнің сөздерден, сөздің дыбыстардан тізілетінін біле бермейді. Алғашқы берілетін білімді білетін сөйлеуден, яғни «оңайдан» бастап, әрі қарай бала үшін жаңа ұғым, түсініктерді (сөйлем, сөз, буын, дыбыс) меңгерту бұл ұстанымның дұрыс таңдалғанын көрсетеді. Мұғалімнің қолдауымен тапсырмаларды орындау арқылы сөйлеу, сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы мәліметті тұжырымдауға үйренеді. Мұғалім оқушыларды жаңа өтілетін фактіні байқауға, аңғаруға бағыттауда, өзіндік қорытынды жасауға дағдыландыруда
«Сұрақтарға жауап бер», «Бала кімді шақырды? Ол ата сөзін қалай айтты?» және т.б. сұрақ қою-жауап алу тәсілін қолданады. Бұл ұстаным әліппе кезеңі материалдарымен жұмыста да басшылыққа алынады. Әр жаңа әріп пен дыбыстың бірінші сабағына «Айт» шартты белгісімен берілген сюжетті суретпен жұмыста сұрақ-жауап тәсілі арқылы әңгіме құрату, әңгімеден сөйлемдерді, сөйлемнен дыбысты танытуға арналған сөзді бөліп алу үдерісі бала үшін жеңілден бірте-бірте күрделіге қарай өтеді.
Оқулықтың 9, 10, 11, 12-сабақ материалдары Ахмет Байтұрсынұлының дыбыспен жаттығу ұстанымы негізінде құрастырылып, сабақ мақсаттары дыбыспен жаттығу әдісі негізінде анықталған. Дыбыспен жаттығудың сабақ мақсаттары мен тапсырмалары әдіскер ғалымның «Дыбыспен жаттығу» еңбегінде көрсетілген «әуелі балаларға әртүрлі дыбыс бар екенін білдіру»; «балаларға таныс сөздерді алып, олардың ішіндегі қандай дыбыстар барын айырту»; «бөлек-бөлек дыбыстарды тіздіріп, сөз айтуды білдіру»; «сөз ішіндегі дыбыстарды, екі, үш буынды сөздің, тұтас сөздің ішіндегі дыбыстарды айырту»; «дыбыстарды қосып, сөз айтуды үйрету» әдістемелік талаптарының негізінде түзілген. Дыбыспен жаттығу жолдарын қысқамерзімді жоспарда толық қарастыруға тырыстық. Дыбыспен жаттығуды А. Байтұрсынұлының әдістемесімен берудің артықшылығы көп екенін байқадық. Өйткені А. Байтұрсынұлыша айтсақ, оқушылар «дыбыстарды тізіп үйренсе, әріптерді тізуі қиын болмайды. Сөздің ішінде қанша және қандай дыбыстар бар екенін айыруды білсе, әріптерін қою қиын болмайды».

3
Оқулықта 1 сағаттық оқу материалы бір бетте қамтылған. Кез келген сабақ сюжетті суретпен жұмыстан басталған. Сюжетті сурет мазмұны бойынша мұғалім сұрақ қояды, оқушылардың жауабынан сөйлеу, яғни мәтін түзіледі. Әрі қарай А. Байтұрсынұлының «дыбысты», «жалқылаулы» әдістерін қолдану арқылы осы мәтін құрамындағы сөйлем, сөз, буын, жаңа дыбыс пен оның таңбасы – әріп танытылады. «Жалпылау» әдісі арқылы дыбыстармен буын, буындармен сөз, сөздермен сөйлем, сөйлемдермен мәтін құрастырылады. Оқулықта бұл процесс жаңа сөздерді оқу, сөз құрау, сөйлем құрау, орны ауыстырылып берілген сөйлемдерден мәтін құрастыру тапсырмалары арқылы жүзеге асқан.


Жаңа дыбыс пен әріпті танытуға арналған сабақ материалдары дыбыстық талдау-жинақтау (Байтұрсынұлыша «дыбысты әдіс», «жалпылаулы-жалқылаулы әдісі») әдісін қолдану арқылы жүзеге асады. Жаңа дыбыс пен әріпті танытуға арналған беттің алғашқы бөлігін (көкшіл түспен берілген) дыбыстық талдау дағдыларын дамыту материалдары қамтиды: сюжетті сурет, дыбыстық талдау сызбасы бар жеке сурет, дыбыстың айтылу сұлбасы, дыбыс туралы мәлімет, әріптің баспа және жазба түрлері, әріп сұлбасына ұқсас айналадағы заттардың суреттері, әріптің сұлбасын түрлі заттармен (ермексаз, моншақ, қарындаш, түтікше) жасау үлгісі. Қызғылт түспен берілген келесі бөлікте оқушылардың дыбыстық жинақтау дағдыларын дамыту материалдары берілген: буын, сөз, сөз тіркесі, сөйлем, мәтін.
Беттің соңғы бөліктерінде саралау және сөз тану материалдары орналастырылған. Саралау материалының тапсырмалары қысқамерзімді жоспарда үш деңгейде қарастырылған.
«Сөз тану» шартты белгісімен берілген тыңдау материалдары (жұмбақ, жаңылтпаш, мақал- мәтел, өлеңдер) оқушылардың ойын, есте сақтауын дамытып, тілін ұстартады, 1-сынып оқушысының бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыруды көздейді. Отанды сүюге, табиғатты аялауға, үлкендерді құрметтеуге, әдепті болуға тәрбиелейді. Бұл материалдарды мұғалім кітаптан оқып беруіне немесе үнтаспадан тыңдатуына болады.
Қазіргі технология дамыған кезеңде 6–7 жастағы балалар үшін оқулықты сандық технология элементтерімен жабдықтау – өзекті мәселе. Бұл жастағы балалар техниканың құлағында ойнайды. Өз кезінде А.Байтұрсынұлы әдістеме үнемі жаңарып, қоғамның дамуынан қалмай, толығып отыру қажеттігін әдістемелік еңбектеріне арқау еткен. «Әліппе» оқулығын құрастыруда оның
«жаңашылдығы, өзгеріс және толықтырудың қажет етілуі» ұстанымы негізге алынып, оқушының «Сөз тану» айдарында берілген жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, өтірік өлеңдерді QR арқылы тыңдауына мүмкіндік жасалды.
Жаңа дыбыс пен әріпті танытуға арналған беттің алғашқы бөлігінде жаңа әріптің айналадағы заттарға ұқсастығын таптыру арқылы әріп сұлбасын оқушыға берік меңгерту мақсаты көзделген.
«Кез келген әріпке берілген «... әрпін түтікшеден (қарындаш, асық, жіптен) жасап көрсет»,
«... әрпін санағыштардан жасап көр, ... әрпін ермексаздан (бұршақтардан) жасап көр», «... әрпін түймелерден жасап көрейік» суретті тапсырма бала саусақтарының ұсақ моторикасын дамытуда, ой- өрісін жетілдіруде, жазу дағдыларын дамытуда үлкен рөл атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет