Білімділік: сұрақты тыңдайды және түсінеді, жауап бере алады; сөйлеу, сөйлем туралы бастапқы тілдік ұғымдарды түсінеді; сөйлемнің графикалық сызбасын таниды; дәптер бетінде берілген суреттерді бояйды, сурет салады, түрлі бағытта сызықтар жүргізеді.
Дамытушылық: сөйлем сызба-моделімен әңгімелеуді, мәтін құрауды үйренеді; байланыстырып сөйлейді.
Тәрбиелік: сабақтан тыс уақытты дұрыс пайдалануға талпынады.
Сабақбарысы
Сабақтыңкезеңі/уақыты
Педагогтіңәрекеті
Оқушыныңәрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтыңбасы (1–7мин)
(Ұ)Ұйымдастырукезеңі: Сәлемдесу.
(МК,Ұ)Ойсергек. «Атыната»ойынын
ойнату.
Ойын ойналып болған соң, сұрақ қою:
– Бұл суреттерді топтастырып, барлығына қандай ат беруге болады?
Оқушылар сынып ішіндегі заттардың атын атайды.
Тақта, парта, бор т.б. – оқу жабдықтары; дәптер, қалам, сызғыш, ермексаз т.б. – оқу құралдары.
Жаңа сабақ тақырыбын таныстыру. Сөйлеу. Сөйлем
Сабақ мақсатын хабарлау:
– Балалар, сендер бүгін сурет және сызбаның көмегімен сөйлем құрауды үйренесіңдер.
(МК,Ж)Тыңдалым-айтылым 1. Сурет және сызбаның көмегімен сөйлем құрауды үйрету үшін оқушыларға
«Оқушылар не істеді?» сұрағын қойып, олардың назарын суретке аудару.
Оқушылар парталас жұптарымен суретке қарап, «Оқушылар не істеді?» сұрағына жауап береді.
Мұғалім түзеткен сөйлемді қайталап айтады.
Мұғалім оқушыларды мадақтау арқылы бағалайды:
«Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»
Сурет
Интербелсенді тақта
30
Сергіту сәті
Оқушылардың жауабын тыңдау және дұрыс құралмаған, толық емес сөйлемдерді түзеп, оқушыларға қайталатып отыру.
Әр суретке берілген сызба-моделімен сөйлем құрату.
Сөйлемнің жеке сөздерден тұратынды- ғын, сөйлемнің бірінші сөзі бас әріппен жазылып, соңғы сөйлемнен кейін тыныс белгісі қойылатынын сызбаның көмегімен тәжірибе жүзінде таныту.
(МК,Ұ, Ө)Жазылым Бала қолының ұсақ бұлшықеттерін дамыту үшін төменде берілген жазуға даярлау жұмыстарын басшылыққа алу:
дәптер бетіндегі суреттерді бояу;
үзік сызықтарды бастырып жүргізу;
әртүрлі (түзу, қисық, сынық) сызықтар сызу.
3. Сурет мазмұны бойынша берілген сызба-модельмен сөйлем құрайды:
Оқушылар ән айтты.
Оқушылар асханада тамақтанды.
Балалар кітапханаға барды.
Балалар мәшине құрастырды.
4. Мұғалімнің көмегімен оқушылар сөйлем туралы (сөз саны, тыныс белгісі) білімдерін толықтырады және сызбаға сәйкес әңгіме құрауға үйренеді.