Білімділік: буынның графикалық сызбасын таниды; дәптер бетінде берілген суреттерді бояйды, сурет салады, түрлі бағытта сызықтар жүргізеді.
Дамытушылық: сөздік қоры байиды, байланыстырып сөйлейді.
Тәрбиелік: үй жануарларын күтуге, олардың адам өміріндегі маңызын түсінуге талпынады.
Сабақбарысы
Сабақтыңкезеңі/уақыты
Педагогтіңәрекеті
Оқушыныңәрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы(1–7мин)
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу.
Ойсергек. «Төлдер»ойынын
ойнату.
Интербелсенді тақтамен жұмыста әртүрлі төлдердің дауысын ажыратады.
Оның енесінің атын табады.
https://www. youtube.com/watch?v
=M0uHim-9kSg
Сабақтыңортасы(26мин)
Сабақ мақсатын хабарлау:
– Балалар, сендер бүгін әр сөзде неше буын бар екенін ажыратуды үйренесіңдер.
(МК, Ж, Ө) Тыңдалым жәнеайтылым. Суреттегі төлдерді атап, оларды буынға бөліп айтқызу.
Буын сызбасына сәйкес суреттердің атауын таптыру.
«Неліктен әртүрлі сөздердің буын сызбасы бірдей?» сұрағына жауап бергізу.
Оқушылар суреттегі «бота», «бұзау»,
«қозы», «құлындарды» атап, буынға бөліп айтады.
Әр сөзде неше буын бар екенін айтады.
2-тапсырма бойынша:
Буын сызбасына сәйкес үй жануарлары мен заттардың атауын табады.
Бағанның сол жағында «түйе», «ешкі» суреттеріне сәйкес екі буынды сөздің сызба- моделі, бағанның оң жағында «ірімшік»,
«алаша» суреттеріне сәйкес үш буынды сөздің сызба-моделі берілген. «Неліктен әртүрлі сөздердің буын сызбасы бірдей?» сұрағына жауап беру арқылы сөзде қанша
дауысты дыбыс болса, сонша буын болатынына көз жеткізіледі.
Жетістік критерийі: Төлдердің атын буынға бөліп, буын санын анықтай алады. ҚБ: Оқушылар мұғалім көмегімен бір- бірін бағалайды.
Интербелсенді тақта
42
(МК,Ө)Жазылым Бала қолының ұсақ бұлшықеттерін дамыту үшін төменде берілген жазуға даярлау жұмыстарын басшылыққа алу:
Оқушылар мұғалімнің көмегімен заттарды сызықтар арқылы қосады.
Дәптер бетіндегі суреттерді бояйды.
Үзік сызықтарды бастырып жүргізеді.
№1 жазу дәптері
Сабақтың соңы(7мин)
(МК, Т) Сабақты бекіту жәнесаралау «Сөз тану» айдары бойынша берілген «Асқат қасқа ат мінді, Мақсат басқа ат мінді» жаңылтпашымен жұмыс:
Жаңылтпашты QR арқылы немесе үнтаспадан тыңдату және жатқа айтқызу. Сөз аралығындағы дыбыстарды үндестік заңына сәйкес айтуға үйрету.
Саралау тапсырмаларын орындату:
деңгей:
«Асқат» сөзін буынға бөліп айт.
деңгей:
«Мақсат басқа ат мінді» сөйлеміндегі сөздерді буынға ажырат.
деңгей:
Сөзді буынға бөлу шартты белгісін көрсет.
Жаңылтпашты QR арқылы немесе үнтаспадан тыңдайды және жатқа айтады.
Жаңылтпаштағы «қасқа ат», «басқа ат» тіркестерін айтқан кезде тіркестегі екі сөзді бөлек-бөлек айтпай, «қасқат», «басқат» деп, үндестік заңына сәйкес айтуға үйренеді.
Оқушылар жаңылтпашты жаңылмай, тез- тез, үндестік заңына сәйкес дұрыс айтудан жарысады.