Әліппе. Оқыту әдістемесі



бет80/175
Дата03.02.2023
өлшемі4,89 Mb.
#167329
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   175
Байланысты:
ліппе о ыту дістемесі

Сабақтың соңы (7 мин)

Бекіту және саралау
Саралау тапсырмасымен жұмыс ұйымдастыру:

  1. деңгей:

Буындардан сөз құра.

  1. деңгей:

Есен, емен, ерте, немере сөздеріндегі «е» дыбысының орнын анықта.

  1. деңгей:

«Сен», «емен» сөздерімен сөйлем құра.
Бүгінгі сабақтың тәрбиелік мәні ашылатындай мазмұнда сұрақтар қойып,
жауап алу.

Оқушылар өздеріне берілген саралау тапсырмаларын орындайды.

  1. деңгейдегі оқушылар жасырулы тұрған буындардан сөздер құрайды: Есен, емен, ерте, немере.

  2. деңгейдегі оқушылар Есен, емен, ерте, немере сөздеріндегі

«е» дыбысының орнын анықтайды.

  1. деңгейдегі оқушылар «Сен»,

«емен» сөздерімен сөйлем құрайды.

Мақтау

Оқулық


149






Рефлексия




Сабақта алған көңіл күйлерін смайликпен көрсетеді.




Рефлексия тақтайшасы




  1. сабақ



Бөлім: Әліппе кезеңі







Педагогтің аты-жөні:

Күні:




Сынып: 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Д дыбысы және әрпі

Оқу бағдарла- масына сәйкес күтілетін нәтижелер

Білімділік: дыбыстық талдау дағдылары (мәтіннен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілген дыбысы бар сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөліп алу) қалыптасады; дыбысты дұрыс айтуға жаттығады; әріпті таниды, дыбыс пен әріпті бір-бірінен ажыратады; оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады; дыбыстың мағына ажыратушы қызметін түсінеді; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптерді, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады.
Дамытушылық: сөздік қоры байиды; сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрайды; байланыстырып сөйлеуі қалыптасады.
Тәрбиелік: ана тілін, Отанын, халқын, мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтей біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы (1–7 мин)

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу.

  2. Оқушыларды түгендеу.

Психологиялық ахуал орнату.
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Өсемiз бiз күлiп-ойнап, Он саусақтың саласындай.
Өсемiз бiз күлiп-ойнап, Бiр адамның баласындай.







Сабақтың ортасы

Сабақтың күтілетін нәтижесімен таныстыру:











150



(26 мин)

– Балалар, сендер бүгін сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайсыңдар. Құраған әңгімелеріңнен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілетін дыбысы бар сөзді бөліп аласыңдар. Бөлініп алынған сөзге дыбыстық талдау жасайсыңдар. «Д д» дыбысының айтылу ерекшелігін білетін боласыңдар. Оны дауысты, дауыссызға ажыратасыңдар.
«Д д» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысасыңдар.
(МК, Ұ) Дыбыстық талдау дағдыларын дамыту жұмысы.
1. Сурет мазмұны бойынша әңгіме құрау:

а) Сұрақ қою және оқушылар жауабының дұрыс және толық болуын қадағалау:



  • Сыныпта қандай сабақ басталды?

  • Сыныпта домбыра сабағы басталды.

  • Мұғалім оқушыларға не үйретті?

  • Мұғалім оқушыларға күй үйретті.

  • Оқушылар не шертті?

  • Оқушылар күй шертті.

ә) Сұраққа жауап болған сөйлемдерден әңгіме құрау: Сыныпта домбыра сабағы басталды.
Мұғалім оқушыларға күй үйретті. Оқушылар тез қағып алды.

  1. Әңгіменің неше сөйлемнен тұратынын анықтау.

  2. Қажетті сөйлемді (Сыныпта домбыра сабағы басталды.) бөліп алып, оны сөздерге (сыныпта,

Күтілетін нәтижені мұқият тыңдайды.



  1. Оқушылар сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды: «Сыныпта домбыра сабағы басталды. Мұғалім оқушыларға күй үйретті. Оқушылар тез қағып алды».

  2. Әңгіме құрамындағы сөйлемдер санын анықтайды.

  3. «Сыныпта домбыра сабағы басталды» сөйлемінде неше сөз бар екенін анықтайды.

  4. Өтілетін жаңа дыбысы бар «домбыра» сөзіне дыбыстық талдау жасайды: алдымен

«дом-бы-ра» деп буынға бөледі.

  1. «Домбыра» сөзінде қай дыбыс созылмай айтылып тұрғанын табады.

  2. «Дд» дыбысының айтылу ерекшелігімен танысады.

  3. Қарындаштардан «д» әрпінің сұлбасын жасайды.

Қолдау
Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.

Суреттер, оқулық

Сызба

Қарындаштар

Оқулық



151






домбыра, сабағы, басталды) ажырату. Сөйлемдегі сөз санын анықтау.

  1. Өтілетін жаңа дыбысы бар «домбыра» сөзін бөліп алып, дыбыстық талдау жасау.

  2. Сөзді буынға бөліп, жаңа дыбыстың орнын анықтау.

  3. «Д д» дыбысының айтылу ерекшелігімен танысу.

  4. «Д д» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысу.

  5. Қарындаштардан «д» әрпінің сұлбасын жасау.

  6. «Дыбысты естиміз, әріпті көреміз және жазамыз» қорытынды пікірін тәжірибе жүзінде меңгеру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет