Әліппе. Оқыту әдістемесі



бет95/175
Дата03.02.2023
өлшемі4,89 Mb.
#167329
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   175
Байланысты:
ліппе о ыту дістемесі

Бекіту және саралау

Оқушылар өздеріне берілген саралау тапсырмаларын орындайды.










Саралау тапсырмасымен жұмыс ұйымдастыру:

  1. деңгей:

«Б» дыбысының «бақбақ», «бақа» сөздеріндегі орнын анықта.

  1. деңгей:

Бақбақ сөзінен жаңа сөздер жаса.

  1. деңгей:

Бақбақ сөзімен сөйлем құра.

1-деңгейдегі оқушылар «Б» дыбысының «бақбақ», «бақа» сөздеріндегі орнын анықтайды. 2-деңгейдегі оқушылар бақбақ сөзінен жаңа сөздер жасайды. 3-деңгейдегі оқушылар бақбақ


сөзімен сөйлем құрайды.

Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.



Саралау тапсырмалары




Рефлексия


Сабақтан алған әсерлерін қайықты түрлі түсті қарындашпен бояй отырып білдіреді.




Желкенді қайық суреті


181



  1. сабақ




Бөлім: Әліппе кезеңі







Педагогтің
аты-жөні:

Күні:




Сынып: 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Й дыбысы және әрпі

Оқу бағдарла- масына сәйкес күтілетін нәтижелер

Білімділік: дыбыстық талдау дағдылары (мәтіннен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілген дыбысы бар сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөліп алу) қалыптасады; әріпті таниды, дыбыс пен әріпті бір-бірінен ажыратады; дыбысты дұрыс айтуға жаттығады; оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады; дыбыстың мағына ажыратушы қызметін түсінеді; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптерді, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады.
Дамытушылық: сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды. Сөзге дыбыстық талдау жасайды. Дыбыс пен әріпті ажыратуда ойын дәлелдейді.
Тәрбиелік: өзгелердің ойын тыңдауға, пікірін сыйлауға үйренеді.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы (1–7 мин)

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу.

  2. Оқушыларды түгендеу.

Психологиялық ахуал орнату.
«Көңілді шеңбер» ойыны.
Балалар шеңбер жасап отырады. Бір-біріне мұқият қарап болған соң, көздерін жұмулары қажет. Сол кезде отырған балалардың алдына әртүрлі заттар қойылады (доп, көлік, секіртпе т.б.).

  • Ойын қызықты болу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?

  • Ұрыспау, бір-бірін сыйлау, ойыншықтарды қызғанбау.

Балалар көздерін ашқан соң алдындағы заттардың атын атайды. Сол заттармен қандай ойын ойнауға болатынын айтады.

Қолдау


Ойыншықтар



Сабақтың
ортасы (26 мин)

Сабақтың күтілетін нәтижесімен таныстыру:
– Балалар, сендер бүгін сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайсыңдар. Құраған әңгімелеріңнен

Күтілетін нәтижені мұқият тыңдайды.










182






сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілетін дыбысы бар сөзді бөліп аласыңдар. Бөлініп алынған сөзге дыбыстық талдау жасайсыңдар. «Й» дыбысының айтылу ерекшелігін білесіңдер. Оны дауысты, дауыссызға ажыратасыңдар.
«Й й» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысасыңдар.
«Й й» әрпін көркем жазып үйренесіңдер. Сөздерді буындап, тұтас оқиды.
(МК, Ұ) Дыбыстық талдау дағдыларын дамыту жұмысы.

  1. Сурет бойынша әңгіме талдау.




  1. Әңгімені сөйлемдерге талдау. Сөйлем санын анықтау.

  2. Бір сөйлемді сөздерге талдау. Сөйлемдегі сөз санын анықтау.

  3. Өтілетін жаңа дыбысы бар «ай» сөзіне дыбыстық талдау жасау.

  4. Сөзді буынға бөліп, жаңа дыбыстың орнын анықтау.

  5. «Й» дыбысының айтылу ерекшелігімен танысу.

  6. «Й» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысу.

  7. Ермексаздан «й» әрпін жасау.


  1. Оқушылар сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды: «Балалар түнгі аспанды бақылады. Олар жарқыраған айды көрді. Арай жұлдыздарға қызыға қарады. Жұлдыз бен айды бақылау балаларға ұнады».

  2. Әңгімені сөйлемдерге талдайды: Құраған әңгімелерің неше сөйлемнен тұрады? (4).

  3. Осы сөйлемдердің ішіндегі бір сөйлемді (Олар жарқыраған айды көрді.) сөздерге талдайды: Бұл сөйлемде 4 сөз бар.

  4. Өтілетін жаңа дыбысы бар «ай» сөзіне дыбыстық талдау жасайды:

«ай» бір буынды сөз екенін айтады.

  1. «Ай–й-й» деп созып айтып, «й» дыбысын анық естиді.

  2. «Й» дыбысының айтылу ерекшелігімен танысады.

  3. Ермексаздан «й» әрпінің сұлбасын жасайды.

Қолдау
Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.


Оқушыларға әріпті жасауда қажет болған жағдайда көмек беру.

Суреттер, оқулық Сызба
Ермексаз



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет