Әліппе. Оқыту әдістемесі



бет38/104
Дата02.02.2022
өлшемі5,67 Mb.
#117037
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   104
Байланысты:
Әліппе КТП и ҚМЖ
10 сынып 2 токсан БЖБ 2 2021ж, 10 сынып 2 токсан БЖБ 3 2021ж, қыз тәрбиелей отырып
Сабақтың соңы (7 мин)

Бекіту және саралау

Саралау тапсырмасымен жұмыс ұйымдастыру:



  1. деңгей:

Бос ұяшыққа «а» немесе «о» әріптерінің тиістісін қой. Сөз құра.

  1. деңгей:

«Т» дыбысының ат, от, тау, тон

сөздеріндегі орнын анықта.



  1. деңгей:

Ат, от, тау, тон сөздерінің бірімен сөйлем құрау.

Бүгінгі сабақтың тәрбиелік мәні ашылатындай мазмұнда сұрақтар қойып,

жауап алады.

Оқушылар өздеріне берілген саралау тапсырмаларын орындайды.



  1. деңгейдегі оқушылар бос ұяшыққа тиісті әріпті қояды. Сөз құрайды: ат, от, тау, тон.

  2. деңгейдегі оқушылар сөздер көмегімен сөйлем құрайды.

  3. деңгейдегі оқушылар ат, от, тау, тон сөздерінің бірімен сөйлем құрайды.

Мақтау


Оқулық


Рефлексия



Сабақта алған көңіл күйлерін смайликпен көрсетеді.




Рефлексия тақтайшасы




  1. сабақ




Бөлім: Әліппе кезеңі







Педагогтің аты-жөні:

Күні:

Сынып: 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:


115



Сабақтың тақырыбы

Қ дыбысы және әрпі

Оқу бағдарла- масына сәйкес күтілетін нәтижелер

Білімділік: дыбыстық талдау дағдылары (мәтіннен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілген дыбысы бар сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөліп алу) қалыптасады; дыбысты дұрыс айтуға жаттығады; әріпті таниды, дыбыс пен әріпті бір-бірінен ажыратады; оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады; дыбыстың мағына ажыратушы қызметін түсінеді; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптерді, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады.

Дамытушылық: сөздік қоры байиды; сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрайды; байланыстырып сөйлеуі қалыптасады.

Тәрбиелік: ұлттық ойын түрлерін білуге және ойнауға талаптанады.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы (1–7 мин)

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу.

  2. Оқушыларды түгендеу.

Психологиялық ахуал орнату.

«Сиқырлы сандық»

Оқушылар сандықтың ішінен парақшаларға жазылған жылы сөздерді таңдап, сол қасиетке лайықты сыныптастарына сыйлайды. Соңында

бір-бірін қошеметтеп, алғыс айтады.





Сандық, жылы сөздер жазылған

ақ қағаздар


Сабақтың ортасы (26 мин)

Сабақтың күтілетін нәтижесімен таныстыру:

– Балалар, сендер бүгін сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайсыңдар. Құраған әңгімелеріңнен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілетін дыбысы бар сөзді бөліп аласыңдар. Бөлініп алынған сөзге дыбыстық талдау жасайсыңдар. «Қ» дыбысының айтылу ерекшелігін білесіңдер. Оны дауысты, дауыссызға ажыратасыңдар.

«Қ қ» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысасыңдар.

«Қ қ» әрпін көркем жазып үйренесіңдер. (МК, Ұ) Дыбыстық талдау дағдыларын дамыту жұмысы.

1. Сурет мазмұны бойынша әңгіме құрау:


Күтілетін нәтижені мұқият тыңдайды.


1. Оқушылар сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды: «Бүгін күн жылы. Аулада қозы мен лақ жайылып жүр.

Балалар асық атып ойнады».


Қолдау


Қолдауды қажет ететін

Суреттер, оқулық Сызба


116







а) Сұрақ қою және оқушылар жауабының дұрыс және толық болуын қадағалау:

  • Бүгін күн қандай?

– Бүгін күн жылы.

  • Аулада нелер жайылып жүр?

  • Аулада қозы мен лақ жайылып жүр.

  • Балалар не істеді?

  • Балалар асық атып ойнады.

ә) Сұраққа жауап болған сөйлемдерден әңгіме құрату: Бүгін күн жылы. Аулада қозы мен лақ жайылып жүр. Балалар асық атып ойнады.

  1. Әңгіменің неше сөйлемнен тұратынын анықтау.

  2. Қажетті сөйлемді (Аулада қозы мен лақ жайылып жүр.) бөліп алып, оны сөздерге ажырату. Сөйлемдегі сөз санын анықтау.

  3. Өтілетін жаңа дыбысы бар «қозы» сөзін бөліп алып, дыбыстық талдау жасау.

  4. Сөзді буынға бөліп, жаңа дыбыстың орнын анықтау.

  5. «Қ» дыбысының айтылу ерекшелігімен танысу.

  6. «Қ» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысу.

  7. Асықтардан «қ» әрпінің сұлбасын жасау.

2. Әңгіменің құрамындағы сөйлемдер санын анықтайды.

  1. Өтілетін жаңа дыбысы бар «қозы» сөзіне дыбыстық талдау жасайды.Сөзде бір дауысты болғандықтан, бұл бір буынды екендігін анықтайды.

  2. «Қозы» сөзін буынға бөліп, бірінші буындағы алғашқы дыбысты «қ-қ-қ» деп созып айтып, «қ» дыбысын анық естиді.

  3. «Қ» дыбысының айтылу ерекшелігімен танысады.

  4. Асықтардан «қ» әрпінің сұлбасын жасау.

оқушыларға көмек беру.

Оқушыларға әріпті жасауда қажет болған жағдайда көмек беру.


Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.

Мақтау

Оқушыларға қолдау көрсету.

Сызба, оқулық


Асықтар

Оқулық



117






9. «Дыбысты естиміз, әріпті көреміз және жазамыз» қорытынды пікірін тәжірибе жүзінде меңгеру.
(МК, Ұ) Дыбыстық жинақтау дағдысын дамыту жұмысы.

Оқылым.

  1. Оқулықтың 34-бетінде берілген сөздер мен мәтінді мұғалімнің оқушылармен бірге буындап, тұтас оқуы.

  2. «Қ» дыбысының сөз алдында, ортасында, соңында келетін орнын оқушылардың өздіктерінен табуына мүмкіндік жасау.

  3. Сөз мағынасымен жұмысты перспективті қатардағы сөздермен ұйымдастыру. Сөздің басына (ақ  лақ), ортасына (қалта  тақта), соңына (қала  қалақ) тиісті дыбысты қосу арқылы оның мағынасы өзгеретінін түсіну.


Жазылым

  1. Оқулықтағы «Қ» әрпінің таңбалануына назар аудару.

  2. «Қ» әрпін тақтаға жазып көрсету.

  3. «Қ» әрпін ауада жазып көрсету.

  4. Жазу дәптерімен жұмысты ұйымдастыру.


  1. Әр буындағы дыбыстарды тұтастырып, «бір дыбыс» сияқты қосып, яғни дауыссыздан дауыстыға қарай және дауыстымен үндестіріп оқиды.

  2. Буындарды жеке тұтас сөздегі айтылуымен оқиды.

  3. Әрбір дыбысты естіп, әріпті көріп, өздігінен саналы оқиды.


  1. Оқушылар жазу дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды: сызықтарды бастырып жазу арқылы Қ әрпінің бас және кіші әрпін жазады. Оқушылар таныс әріптерді қолданып сөз құрап, жазады.

  2. Сабақ соңында өз іс-әрекетіне (каллиграфиялық талапқа сай дұрыс және сауатты жазу) кері байланыс жасап, өзін-өзі бағалауы үшін әр беттің соңында берілген дөңгелек-шартты белгілерді бояйды: «жасыл» түс –

«Бәрекелді!», «көк» түс – «Жарайсың!»,

«қызыл» түс – «Ойлан!».





Жазу дәптері



Сабақтың соңы (7 мин)

Бекіту және саралау

Саралау тапсырмасымен жұмыс ұйымдастыру:



  1. деңгей:

Дыбыс сызбасына сәйкес келетін суретті анықта. Сөзге дыбыстық талдау жаса.

  1. деңгей:

Оқушылар өздеріне берілген саралау тапсырмаларын орындайды.


1-деңгейдегі оқушылар дыбыс сызбасына сәйкес суретті анықтайды:




Оқулық



118






«Қаратау» мәтінінде құрамында «қ» дыбысы кездесетін сөздерді тап.

3-деңгей:

«Тышқан», «сауысқан», «асық» сөздерінің бірімен сөйлем құра.


«Сөз тану» тыңдау материалымен жұмыс Мұғалімнің QR-пен жұмыс арқылы немесе үнтаспадан тыңдату арқылы ұйымдастыруы.
Жұмбақтың шешуін тап. Шік түсті, бүк түсті, Алшы тұрды, тәйке тұрды. Шеше алады ал кім мұны?

(Асық)
Бүгінгі сабақтың тәрбиелік мәні ашылатындай мазмұнда сұрақтар қойып, жауап алу. Сабақты

«Ұлттық ойындарымызды ұмытпауымыз керек» деген қорытынды пікірмен аяқтау.



қарға. Осы сөзге дыбыстық талдау жасайды.

  1. деңгейдегі оқушылар «Қаратау» мәтініндегі «қ» дыбысы кездесетін сөздерді анықтайды: Қаратау, қала, Қанат.

  2. деңгейдегі оқушылар «тышқан»,

«сауысқан», «асық» сөздерінің бірімен сөйлем құрайды.



  1. Оқушылар жұмбақты тыңдайды.

  2. Жұмбақтың шешуін табады.

  3. Асық ату қазақ халқының ұлттық ойыны екендігін түсінеді.

  4. Ұлттық ойындарымызды қадірлеп, қастерлеп, ұрпақтан ұрпаққа мұра етіп қалдыруымыз керектігін түсінеді.



Әліппе. Үнтаспа.



«Атамұра», 2020

Рефлексия



Сабақта алған көңіл күйлерін смайликпен көрсетеді.




Рефлексия тақтайшасы





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет