|
а) Сұрақ қою және оқушылар жауабының дұрыс және толық болуын қадағалау:
Бұл – қаз.
Қаздың нелері бар?
Қаздың балапандары бар.
Оның балапандары нешеу?
ә) Сұраққа жауап болған сөйлемдерден әңгіме құрау: Қаз суда жақсы жүзеді. Балапандарына жүзуді үйретеді.
Әңгіменің неше сөйлемнен тұратынын анықтау.
Қажетті сөйлемді (Бұл – қаз) бөліп алып, оны сөздерге (Бұл, қаз) ажырату. Сөйлемдегі сөз санын анықтау.
Өтілетін жаңа дыбысы бар «қаз» сөзін бөліп алып, дыбыстық талдау жасау.
Сөздегі жаңа дыбыстың орнын анықтау.
«З з» дыбысының айтылу ерекшелігімен танысу.
«Зз» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысу.
Түймелерден «з» әрпінің сұлбасын жасау.
«Дыбысты естиміз, әріпті көреміз және жазамыз» қорытынды пікірін тәжірибе жүзінде меңгеру.
|
Өтілетін жаңа дыбысы бар «қаз» сөзіне дыбыстық талдау жасайды.
Сөзде бір дауысты дыбыс болғандықтан, сөз бір буыннан тұратынын айтады.
«Қаз» сөзін «қаз-з-з» деп айтып,
«з» дыбысын анық естиді.
«З» дыбысының айтылу ерекшелігімен танысады.
Түймелерден «з» әрпінің сұлбасын жасайды.
|
Оқушыларға әріпті жасауда қажет болған жағдайда көмек беру.
Қолдауды қажет ететін
|
Түймелер
Оқулық
«Менің алғашқы сөздігім» көмекші құралы
|