Оқу бағдарла- масына сәйкес күтілетін нәтижелер
|
Білімділік: дыбыстық талдау дағдылары (мәтіннен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілген дыбысы бар сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөліп алу) қалыптасады; дыбысты дұрыс айтуға жаттығады; әріпті таниды, дыбыс пен әріпті бір-бірінен ажыратады; оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады; дыбыстың мағына ажыратушы қызметін түсінеді; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптерді, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады.
Дамытушылық: сөздік қоры байиды; сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрайды; байланыстырып сөйлеуі қалыптасады.
Тәрбиелік: ана тілін, Отанын, халқын, мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтей біледі.
|