Елтаева Қ. Е. Алматы: ҚазҰАУ, 2018. 80 бет


Ресей лизинг компанниялары заңнаманың осы кемшілігін келесі жолмен білдіртпейді



бет30/40
Дата27.09.2024
өлшемі206,63 Kb.
#205240
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   40
Байланысты:
Лизинг дәрістер жинағы

Ресей лизинг компанниялары заңнаманың осы кемшілігін келесі жолмен білдіртпейді: лизинг алушы техниканы қайтарган кезде және оны қайтадан лизингке беру мүмкіндігі болмағанда лизинг компанниясы лизинг пәнін аффиирленген тұлғаға одан ары қарай алдын ала анықталған лизинг алушыға беру мақсатында сатуды жүзеге асырады. Сонымен, осы кестеде тағы да сатушы пайда болады, ол техниканы қайтадан лизингке беруге мүмкіндік береді, ал ол лизинг объектісін тек қымбаттатады.
Оған бастапқы лизинг алушы қайтарып берген техниканы қайтадан лизингке беру үшін айналма жоларды лизинг берушінің іздеуін алдын алу үшін заңға қайталама лизинг терминін енгізу қажет, ол лизинг процессінің екі тарапын да қанағаттандыруға мүкіндік береді.
Қазақстанның ішкі нарығында ауылшаруашылық техниканы ipi көлемде өндірушілер болмағандықтан АҚ «ҚазАгроҚаржы» ауылшаруашылық техниканы ресейлік және шет елдік өндірушілерден сатып алуға мәжбүр.
Осы жағдай техниканы жеткізу орнына дейін орналастыру үшін көптеген уақыт бөлуді қажет етеді. Жеткізу мерзіміне кіретіндер: техниканы тасымалдау үшін техникаға тапсырыс беру, оны тиеп түсіру үшін техника мен адамдарды жалдау, сәйкес құжаттарды рәсімдеу, техниканы тасымалдауды жүзеге асыру, кеден және өзге де рәсімдерді жасау.
Сонымен, оны жіберу пунктісіне қарай техниканы жеткізу 2 айдан астам уақытты талап етеді. Ауылшаруашылық техникаға сұраныстың маусымдық сипатқа ие болғанын ескере отырып, техниканы алдын ала сатып алған дұрыс болады, ал ол ез кезегінде қаржылық лизингке сатушыдан алдын ала сатып алған техниканы лизинг алушыға беру турғысында тузету дұрыс болып табылады.
Мүмкін болатын лизинг алушының тауар сапасын, оның жағдайын, техникалық сипаттамаларын және т.б, нақты тексеру мүмкін.
Психологиялық тұрғыдан қарағанда сатып алушыға нақты тауарды оны көріп отырып, таңдау тиімді болып табылады. Ол сатып алушыны күтумен байланысты. Мәселен, техниканы қаржылық лизинг шартын жасасу алдында жеткізгенде мүмкін болатын лизинг алушыда төмендегілерге мүмкіндік пайда болады:

  • тауар сапасын, оның техникалық жағдайы мен сапасын нақты бағалауға;

  • тауар сапасы мен бағасының арақатынасын анықтауға, ол мәмілені жасау туралы шешім қабылдағанда негізгі бағыттардың бірі болып табылады;

  • техниканы лизинг негізінде алған соң, оған қызмет көрсетудің нақты мүмкіндігін бағалауға.

Жоғарыда көрсетілген дәлелдердің негізінде заңнамаға «пайдаланылған лизинг» терминін енгізуді және заңнамаға алдын ала сатып алған техниканы лизинг алушыға беру тұрғысында түзетулер енгізуді ұсынамыз.
Ұсынылған өзгерістердің көпшілік бөлігi «Қаржылық лизинг туралы» Заңы мен Салық кодексіне 2002-2003 жж. енгізілді.
Лизинг компанияларының практикалық кызметі процесстерінде, халықаралық деңгейдегі лизинг мәмілелерінің масштабтарын кеңейту кезінде лизинг дамуын тежейтін бірқатар факторлар пайда болды. Олар қаржылық лизинг анықтамасына, лизинг пәнінің пайдалы қызметіне, салық ауыртпалығын төмендетуге, салық жеңілдіктерін сақтауға байланысты болды.
Heгізгі өзгертулер мен толықтырулар халықаралық қаржылық лизинг шарттары бойынша резидент еместердің долдарына салық салумен байланысты болды. 179 б. 36. төмендегі ережемен толықтырылды: 2004 ж. бастап осындай шарттар бойынша резидент еместердің табыстарына төлем көзінде салық салынбайды, оған сыйақылар кірмейді. Салық кодексіне өзгерістер енгізбестен бұрын осындай операцияларға салық салу тәртібі анық көрсетілмеген және көптеген даулар тудырған. Бұл қадам, әрине, халықаралық лизингтің дамуы үшін өте қолайлы болып табылады және Қазақстанға шет ел капиталды жинауға ықпалын типзеді.
Сонымен қатар, 94 баптағы өзгерістер лизинг алушыларға салынған сыйақы сомаларын салық салынатын табысты анықтаган кезде шегіп тастауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, лизинг алушы республика аумағында алғашкы рет пайдаланылып жатқан техникаға амортизацияны екі есе норма бойынша есептеуге мүкіндік беретін нормалар да сақталған (110 б.).
Салық кодексінің 138-140 баптарына және «Инвестициялар туралы» Заңға сәйкес лизинг инвестициялық кызметтің бip түрі болып табылатындықтан, лизинг алушыға корпоративті табыс салығы және мүлікке салынатын салық бойынша инвестициялық салық преференцияларын алу мүмкіндігі сақталды.
Ең маңызды өзгepic ретінде негізгі қорлар импортын ары қарай қаржылық лизингке беру үшін ҚҚС босату табылады. (234 б.) осындай негізгі қорлардың тізімі ҚР Үкіметпмен бекітіледі және қазіргі кезде өңделу үстінде. Сонымен қатар, лизинг беруші импорт режимі мен әкелген негізгі қорларды лизингке беру жоғарыда көрсетілген тізім бойынша ҚҚС босатылады. (228 б.). Сонымен лизинг алушы негізгі қорларды бағасында ҚҚС болмағандықтан, тікелей импорт арқылы төмен бағамен сатып алуға мүмкіндік алады.
Қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақыға ҚҚС салық салу тәртібі бұрынғыдай сақталып қалды, яғни аталған сомалар ҚҚС салудан босатылады (228 б.), жалпы алғанда, лизингке салық салу бойынша бұрынғы салық жеңілдіктерінің сақталуы, сондай ақ 2004 ж. күшiне енген жоғарыда көрсетілген өзгерістерді енгізу Қазақстандағы лизинг дамуына оң ықпалын тигізеді. Ол бәсекелестікті дамытуға, лизинг қызметтерінің сапасын арттыруға, сыйақы мөлшерлерін төмендетуге мүмкіндік береді. Лизинг қызметтерінің нарығы инвесторлар үшін де өндірушілер үшін де тартымды болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет