Қайталау сұрақтары:
Ауылшаруашылық лизингтің даму стратегисы
Қазақстан эканомикасының аграрлық саласындағы лизингтік даму стратегиясының бағыттары
Агролизингті дамыту жеңілдіктері
Лизинг операцияларын тиімді пайдалану
Техниканы пайдаланушылардың сатып алу мақсаты
Техникаға төлем қабілетті сұранысқа жасау негізінде, өзіндік сатып алу
Агроөнеркәсіп кешені және ауылшаруашылық көлік құрастыру субъектілерін техникалық қамсыздандырудың басым бағыттары
Ауылшаруашылық өнімін қайта өңдеу, дайындау, сақтау бойынша лизинг
Үйлер мен ғимараттардың, соның ішінегі ауылшаруашылық мақсаттардағы лизингі
Ауылшаруашылық малдардың лизингі
Шартты қарастыру жоспары және лизинг мәмілелерінің лизинг шартын жасау
Лизинг мәмілесін қарастыру мерзімі
Дәріс №12-13
Тақырыбы:Негізгі құралдар лизингін дамыту үшін нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру
Қазакстандағы лизинг қатынастарын құқықтық реттеу Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген сәйкес нормативтік құқықтық базаны құрудан кейін мүмкін болды.
Қазақстан Республикасында лизинг қатынастарының құқықтық аумағы келесі нормативтік құқықтық актілермен қамтамасыз етіледі:
ҚР 05.07.2000ж. «Қаржылық лизинг туралы» №78-И Заңы сонымен қатар, осы баптың сәйкес пунктіне сәйкес егер Қазақстан Республикасымен ратификацияланған халықаралық шарттарында лизинг туралы Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделгеннен өзге ережелер болса, онда халықаралық шарттардың нормалары қолданылады.
ҚР Азаматтық кодексімен (Ерекше бөлім) 01.07.1999ж. №409-1;
ҚР 12.06.2001 ж. № 209-П «Салықтар және бюджетке төленетін өзге де төлемдер туралы» (Салық кодексі);
ҚР 13.07.1999ж. № 411-1 Азаматтық ic жургізу кодексімен;
ҚР 08.01.2003ж. № 373-П «Инвестициялар туралы» Заңымен;
ҚР 05.04.2003ж. № 401-И Кеден кодексімен;
ҚР Үкіметінің Қаулысымен;
17 бухгалтерлік есеп стандартымен «Аренданы есепке алу».
«Каржылық лизинг туралы» Заңның 5 6.1 б. сәйкес лизинг алушыға уақытша пайдалану және иелену құқығымен берілген лизинг пәніне меншік құқығы лизинг берушіде лизинг шартының әрекет ету мерзімінде қалады.
Осы ережеден шектеу лизинг алушы лизинг шарты бойынша барлық ақшалай міндеттемелерін орындаған жағдайда лизинг шартының мерзімі аяқталғанға дейін (егер осындай ету лизинг шартымен көзделген болса).
Сонымен, лизинг пәніне меншік құқығының лизинг берушіден лизинг алушыға ауысуы екі жағдайда ғана жүзеге асырылады:
лизинг шартының әрекет ету мерзімі аяқталғаннан кеиін;
егер ол лизинг шартымен көзделген болса, лизинг шартының мерзімі өткеннен кеиін. Сонымен қатар, бірінші және екінші жағдайларда лизинг пәніне меншік құқығы лизинг алушы лизинг беруші алдындағы ақшалай міндеттемелерін толығымен орындаған кезде ғана ауысады.
Лизинг алушы ретінде өкілдік боған жағдайларда ҚР «қаржылық лизинг туралы» Заңымен өкіл лизинг алушылар туралы жеке ережелермен көзделмеген. Осыған байланысты өкіл болып табылатын лизинг алушыға меншік құқығының ауысуы жалпы тәртіпте жүзеге асырылады.
Экономиканың әр түрлі салалары негізінде лизинг мәмілелерін ic жүзінде жүзеге асыру ҚР заңнамасын ары қарай жетілдіру қажеттілігін анықтады. Шаруашылық субъектілерінің негізгі қорларын жаңартудың қажеттілігі жағдайында мемлекет міндетті уақытша бос ақша қаражаттарын негізгі қорлар лизингіне тікелей салуға ықпал ететін заң арқылы реттеу жүйесін құру болып табылады. Ол үшін қаржы лизингіне салықтық жеңілдіктер беру институтын сақтау және жетілдіру, әрекет етуін нормативтік құқықтық актілерден кемшіліктерді жою бойынша, оларды әр түрлі түсінуге жол бермеу мақсатында кейбір нормаларға нақты редакция беру бойынша, «Қаржылық лизинг» және «қаржылық лизинг бойынша сыйақы» терминдерін салық және азаматтық заңнамада әр түрлі түсінуге жол бермеу бойынша шараларды жүзеге асыру керек.
«Бидай лизинг компаниясының» тәжірибесі лизинг кызметінде бірқатар проблемалар мен әрекет етуші заңдардың кемшіліктерін анықтады. Қаржылық лизингке байланысты және шешілуі үшін әрекет етуші заңнамаға өзгерістеpмен толықтырулар енгізу қажет ететін мәселелерді қарастырып кетейік.
ҚР «Қаржылық лизинг туралы» Заңында қаржылық лизинг анықтамасы беріліп, оның міндетті белгілері көрсетіліп кеткен. Сондай ақ ҚР «Салықтар және бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдер туралы» кодексінде (ары қарай Салық кодексі) лизинг белгілері шамалы өзгеше көрсетіліп кеткен. Мәселен, Заңның 2 бабына сәйкес лизинг пәніне меншік құқығының лизинг алушыға ауысуы лизинг шартының мерзімі аяқталғаннан кейін жүзеге асырылаады және ол өтуге шартта көзделген жағдайда ғана жол беріледі және ол лизингтің міндетті емес белгісі болып табылады. Сонымен қатар, Салық кодексінің 74 бабында лизинг пәніне меншік құқығының лизинг алушыға ауысуы қаржы лизингін өзге ұқсас мәілелерден ажырату үшін кажетті міндетті белгілер қатарына жатқызылған. Нәтижесінде, егер лизинг пәніне меншік құқығының лизинг алушыға ауысуы көзделген болса, ол заң талаптарына толығымен сәйкес болған, ал салық салу мақсаттары үшін осы мәміле лизинг бойынша қарастырылмауы керек, ceбeбi, жоғарыда көрсетілген шарт жоқ. Сонымен қатар, қаржылық лизинг мәнін анықтаған кезде заң мен Салық кодексі әр түрлі терминдерді қолданады, атап айтқанда, Заңда қаржылық лизингтің мерзімін лизинг пәнінің барлық немесе елеулә құнының (кем дегенде 80%) амортизациясымен байланыстырса, Салық кодексінде (74 б.) осы лизинг мерзімін негізгі қорлардың пайдалы мерзімінен асырмауы керектігі туралы айтылады.
ЖШС «Бидай лизинг компаниясының» несие қаражаттарын лизинг кестелеріне қарай тарту бойынша тәжірибесі несие беру мерзімдері лизинг пәнінің пайдалы қызмет ету мерзімдерінен едәуір төмен екен көрсетіп отыр. Сонымен қатар, несиелеудің ұзақ мерзімі лизинг алушылар үшінде қолайсыз болып табылады, ceбeбi, оадың бизнес жоспарлардың ақталу мерзімдері пайдалану мерзімдерінен едәуір төмен болып табылады.
Іс жузінде қаржылық лизингтің минималды мерзімін шектеу компаниялар пайдалану мерзімдерін ic жузіндегіден қысқа көрсетуге әкеп соқтырған, ал ол өз кезегінде мәмілені қаржылық лизинг емес деп тануға және салық салудың режимiн қайта қарастыруға әкеп соқтырған немесе қаржылық лизинг шартындағы мерзім пайдалы қызмет ету мерзіміне сәйкес келеді, бірақ төлем кестесі лизинг алушы барлық соманы алғашкы 3-5 жылда толеп тастайтындай жасалған. Бағасының қалған бөлігі шарттың мерзімі анықталғаннан кеиін төленген, меншік құқығы ол аякталғаннан кеиін ауысады. Меншік құқығының жоқ болуы, яғни лизинг пәніне билік ету құқығы лизинг алушы үшін елеулі қолайсыздықтар тудырып отырды, соның ішінде барлық төлемдері төленген мүлікті кепілге алуға мүмкіндігінің болмауы. Сонымен қатар, Салық кодексінің 74 бабының нормалары қаржылық лизинг мәмілесін сипаттайтын халықаралық стандарттарға сәйкес келмейді. Бұрын әрекет еткен Заңның 43 бабына сәйкес (ҚР Салық кодексін 23.01.2001ж № 147-П қабылдануымен 74 бапқа ауыстырылды, «ҚР «Салықтар және бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдер туралы» Заңына өзгерістep мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның қабылдаумен) жалдау мәмілесі келесі шарттарды қанағаттандырған кезде лизингтік деп танылған:
- жалға алу мерзімі негізгі қорллар қызмет етуінің 80% асатын болса;
- жалға алушы негізгі қорларды бекітілген баға бойынша немесе жалдау аяқгалған кезде анықталатын баға бойынша сатып алу құқығына не болса;
- жалдау аяқталған кезде негізгі қорлардың қалдық құны олардың жалдау басындағы құнының 20% құраса;
- жалдау мерзіміндегі ағымдық (дисконтталған) баға жалға алынатын құралдар бағасының 90% құраса.
Біздің ойымызша, 43 бапта қаржылық лизинг түсінігі халықаралық экономикалық стандарттарға сай болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |