Елтаева Қ. Е. Алматы: ҚазҰАУ, 2018. 80 бет


Лизинг: түсінігі, типтері, түрлері, нысандары



бет2/40
Дата27.09.2024
өлшемі206,63 Kb.
#205240
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Байланысты:
Лизинг дәрістер жинағы

1.1 Лизинг: түсінігі, типтері, түрлері, нысандары. ҚР «Қаржы лизингі» Заңына сәйкес - инвестициялық қызеттің бірі болып табылады, онда:
1) лизинг беруші лизинг шартымен көзделген лизинг пәнін сатушыдан сатып алуға және оны ары қарай кәсіпкерлік мақсаттарда пайдалану үшін лизинг алушыға белгілі бір төлемге, белгілі бір мерзімге және белгілі бір шарттар мен уақытша иеленуге жіне пайдалануға береді. Сонымен қатар, лизинг пәні лизинг алушыға беріліп отырған мерзім лизинг пәнінің барлық немесе оның елеулі бөлігінің (кем дегенде 80%) амортизациясына тең неесе одан жоғары болып табылады;
2) лизинг алушы лизинг шартына сәйкес төленуге жататын мерзімді төлемдерді төлеуге міндеттенеді, олар лизинг шартын жасасқан кездегі баға бойынша лизинг пәнінің барлық нееесе оның елеулі бөлігінің ( кем дегенде 80%) аммортизациясын ескере отырып анықталады.
Лизингтік мәміле - лизингке қатысушылардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді орнату, өзгерту және тоқтату бойынша өзара келісілген іс әрекеттері. Үйлесімді әсерлерінің жиынтығы азаматтық індеттер де дұрыс аитады. Басқа сөзбен аитқанда қаржылық аренда (лизинг) шарты бойынша жалға беруші (лизинг беруші) алдын ала анықталған сатушыдан шартпен келісілген мүлікті сатып алуға және ол мүлікті жалға алушыға (лизинг алушыға) ақылы түрде кәсіпкерлік мақсаттар үшін уақытша беруге міндеттенеді.
Өзімен өзі лизинг идеясы жаңа болып табылмаиды. Лизинг мәмілесінің мәні Аристотель кезінен ақ белгілі болған. Мәселен, былай аталған: «Байлық меншік құқығында емес-пайдалануда». Өзгеше айтқанда, пайда табу үшін белгілі бір мүлікті меншік құқығында иелену міндетті емес, осындай пайданы табу үшін белгілі бір мүлікті пайдалану құқығы болғаны жеткілікті.
Арендалық мәмілелер (лизингтік) Аристотель кезіне дейін де белгілі болған. Мысалы, «Еуропалық лизинг мектебі» кітабында лизингтік мәмілелер ежелгі Шумер мемлекетінде б.д.д. 2000 ж. жасалғаны белгілі. Оған дәлел 1984 ж. Шумер қаласы УР табылған ретінде ауыл шаруашылық құралдарды, жерлерді, су қайнар көздерін, малдарды және т.б. жалдау туралы мәліметтері бар балшық кестелері табылады.
Ағылышын тарихшысы Т.Кларк б.д.д. 1775-1750 жылы қабылданған Хаммурапи Заңдарында лизинг туралы бірнеше ережелерді тапқан. Оның баптарында жалдаудың барлық түрлері, арендалық төлем нормалары, мүлікті кепілге салу шарттары қарастырылған. Рим құқығына да затты меншік құқығынсыз иеленумен байланысты мүліктік қатынастар кешені белгілі болған. Осы қатынастар шарттық құқықпен қатар заттық құқықта да қарастырылған. Ежелде лизинг меншіктің белгілі бір түрлерін ғана жалдаумен шектелмеген, ауылшаруашылық техника мен қол өнері жабдықтары ғана емес, әскери техника да жалданған.
Алғашқы рет жүзеге асырылған лизинг мәмілесі туралы алғашқы құжаттар 1066 жылы кездеседі, онда жаулап алушы Вильгельм нормандық кеме иелерінен Британ аралдарына ену үшін кемелер жалдаған.
Англияда жүзжылдықтар бойында қозғалатын мүлік арендасы Ағылшын жер заңына сәйкес заңсыз деп танылған. Ұлыбританиядағы лизинг қатынастарына ұқсас қатынастарды реттейтін нормативтік актілердің бірі ретінде 1284 ж. қабылданған Уэльс Заңы (жарғысы ) табылады (Statute of Wales). 1572 ж. Ұлыбританияда жалған емес, нақты лизинг қолдануға рұқсат беретін лизингті қолдануға рұқсат берілді, яғни ақылға қонымды негіздерде жасалатын шарттар заңды деп танылды.
ХХ ғ. басында Ұлыбританияда өнеркәсіп дамуына, жабдықтардың әр түрлерін өндіру өсуіне байланысты лизингке берілетін тауарлар саны артты. Оған ерекше үлес қосқан темір жол көлігі мен таскөмір өнеркәсібінің дамуы.
АҚШ-та жеке меншік арендасының алғашқы тіркелген шарты ХІІІ ғ. басында пайда болды, ол бойынша гильдия мүшелері жалға жылқы, фургондар, арбалар алды. Ары қарай лизинг қатынастарының өсуі Ұлыбританияда сияқты темір жол көлігінің дамуымен байланысты болды. Австриялық зерттеуші В. Хойер дамуымен байланысты болды. Австриялық зерттеуші В.Хойер «Еуропада бизнесті қалай жасау керек» кітабында жазғандай, «лизинг» термині алғашқы рет 1877 ж. кездеседі, онда АҚШ «Белл» телефон компаниясы өзінің телефон аппараттарын сатпай, жалға беру туралы шешім қабылдады, яғни олар клиенттің үйінде немесе офисінде тек қана арендалық төлем негізінде жабдықтарын орнатты.
АҚШ үкіметі екінші дүниежүзілік соғыс кезінде бекітілген рентабельдігі бар келісім шарттарды кеңінен жасады (cost-plus contrfcts). Бұл арендалық бизнестің дамуы үшін тағы бір маңызды ынтаны қатамасыз етті, себебі келісім шарттардың көбінде мердігерлерге шығындарға қарап пайданың белгілі бір бөлігін бекітуге мүмкіндік берілген.
Осы уақытта көлік құралдармен байланысты лизинг бизнесі дами бастады. 30 жылдары Г.Форт аренданы өзінің көліктерін өткізу аймағын кеңейту үшін кеңінен аренданы пайдаланды. Бірақ автокөлік лизинг бизнесінің «заңды әкесі» ретінде З.Френк табылады, ол Чикагоның сауда агенті, 40 жылдардың басында автокөліктердің ұзақ мерзімді арендасын ұсынған.
Ресей мен Қазақстанға «лизинг» ұғымы Екінші дүние жүзілік соғыс кезінде 1941-1945 ж.ж Leand-lease бойынша американдық техниканы жеткізу жүзеге асырылған кезде енді.
Бірақ, арендалық қатынастардағы нағыз революция Америкада 50 жылдары болды. Жалға өндіріс құралдары кеңінен беріле бастады: технологиялық жабдықтар, көліктер мен механизімдер, кемелер, ұшақтар және т.б. осы құбылысқа тиісті баға бере отырып, АҚШ үкіметі оны ынталандырудың мемлекеттік бағдарламасын жедел түрде жасап, жүзеге асырды.
Олар үшін лизинг операцияларын қызметтің негізгі түрі болып табылатын алғашқы акционерлік қоғам ретінде Сан-Франциско қаласында 1952 жылы құрылған американдық компания «UNITED STATES LEASING CORPORATION» болды. Оны Г.Шонфельд құрған. АҚШ коммерциялық банктері 60 ж.ж басында лизинг операцияларына қатыса бастады.
Отандық ішкі нарықтағы лизинг қатынастарының дамуы 1989 ж ортасымен анықталады, ол кәсіпорындарды шаруашылықтың арендалық нысанына ауыстырумен байланысты болды. Лизингті қолдану ережелері қалыптасуындағы алғашқы қадам ретінде ССР және одақтас республикалардың 1989 ж. 23 қарашасындағы №810-1 заңнама негіздері және онда бухгалтерлік есептегі лизингті көрсету тәртібі көзделген 1990 ж.16 ақпанындағы № 270 «бухгалтерлік есеп жоспары туралы» ССРО Менбанк хаты болды. Коммерциялық банктер желісінің дамуы лизинг қатынастарының банк саласына енуі ықпал етті. Сонымен, «лизинг» термин ағылшын глаголы «tolease» пайда болды, ол жалдау, жалға алу деген мағынаны білдіреді. Лизингтің Қазақстанда жақсы танылған арендадан айырмашылығы неде?
Аренда ретінде белгілі бір ақыға мүлікті уақытша иеленуге және пайдалануға беру танылады. Әдетте, жалға беруші жалға өзінің меншігін береді, ол арендалық төлемдер арқылы өзінің шығындарын өтеп, пайда табады. Сонымен, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді аренда ретінде екі жақты (жалға беруші - жалдаушы) қатынастар табылған. Жаңа термин «лизинг» қолдану аренданың жаңа түрі – қаржылықты жеке шығару қажеттілігімен түсіндірілді.
Қаржылық лизинг кезінде өндіруші мен оны пайдаланушы арасында қаржылық делдал пайда болады. Ол мәмәлені қаржыландырады.
Бірақ лизингтің кез келген анықтамасы шектелген болып табылады және осы икемді қаржылық құралы көрініс табуының барлық нысандарын қамтымаиды.
Жабдықтардың лизингі бойынша ұлттық ассоцициялардың Еуропалық федерациясы ұсынған лизингтің тағы бір анықтаасын келтіриік: «Лизинг – бұл зауытты, өнеркәсіптік тауарларды, жабдықтарды, қозғалмаитын мүлікті оларды жалға алушы ары қарай өндірістік мақсаттарда қолдану үшін пайдалануға беру шарты, сонымен қатар, тауарды жалға беруші сатып алады және онда меншік құқығы сақталады».
Сонымен, лизинг ретінде меншік иесі (жалға беруші) мен жалға алушы арасындағы мүлікті алды ала келісілген мерзімде жыл сайын, тоқсан сайын немесе ай сайын белгіленген рента бойынша төлеп, пайдалануға беру туралы келісім танылады.
Лизинг пәні ретінде ғимараттар, үй жайлар, көліктер, жабдықтар, құралдар, көлік құралдары, жер учаскелері және өзге де тұтынылмаитын заттар танылады.
Лизинг операциялары несиелікке теңестіріледі және несие қатынастарын реттейтін нормалар мен реттеледі. Бірақ, лизингтің несиеден айырмашылығы лизинг (аренда) мерзімі аяқталған соң және шартпен көзделген сомманы барлығын төленген соң лизинг берушінің меншігі болып қалады (егер шартта лизинг обьектісінің қалдық бағамен сатып алу немесе лизинг алушының меншігіне беру көзделмеген болса). Несие кезінде банк сомманы кепілі ретінде обьектіге меншік құқығын өзінде қалдарады.
Лизингтің екі нысанын ажыратады:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет