2.2 Негізгі қорлардың ауылшаруашылық лизингі дамуының шет елдік тәжірибесі. Соңғы екі онжылдықта лизинг еуропалық елдер мен американдық континентте кеңінен дамыды. Нәтижесінде оның халықаралық деңгейде үндестірудің қажеттілігі туындады. Осы мақсаттарда халықаралық қаржылық лизинг туралы Конвенцисының жобасы жасалды, онда лизинг мүліктік қатынастардың үш жақтық кешені ретінде қарастырылды.
Қаржылық лизинг мәмлесіне үш тарап қатысады: бірі – лизинг беруші, ол пайдаланушымен қуатталған шарттарға сәйкес (екінші тарапты) жеткізушімен (үшінші тараппен) жеткізу туралы келісімге келеді. Лизинг қызметтерінің алуан түрлілігі Қазақстандық эканомика жағдайында да мүмкін, ол оны сапалық жағынан жаңа жағдайға өтуге ықпалын тигізеді. Мұнда маңызды болатыны лизинг беруші өндіріс құралдарын өзге де жабдықтарды сатып алады және пайдаланушыға мерзімді төлемдерге айырбастау арқылы жабдықтарды пайдалану құқығын беретін қатынастарға түседі. Яғни, тиімділеу, сондықтан қолдануға болатын өзара қатынастарға түседі.
Халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілік әлемдік деңгейдегімен қатар тұтынушылық, сапалық және бағалық қасиеттері бойынша әлемдік деңгейге тең келер өніммен қамтамасыз етуге көздеиді. Бірақ, өзінің табиғи потенциялды, техникалық қарулануы, әлеуметтік эканомикалық және өндірістік инфрақұрылымы бойынша отандық ауылщаруашылығы халықаралық нарықта бәсекеге түсе алмайды.
Дамыған елдердің ауылшаруашылығы бұқара емлекеттік жағдайында қалыптасты, ол оның халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігінің шарты болып табылады. Мәселен, егер дамыған елдерде мемлекетті қолдаудың барлық түрлері ауылшаруашылық өнімнің өзіндік құны құрылымында 40 және одан астам % болса, Қазақстанда 8% жуық, 1 га егіске есептелген қолдау мөлшері: АҚШ та 107, Еуропада 855, Швейцарияда 4214долл, Қазақстанда 9,3 долл ғана, Еуропа елдеріне өнім импортына кеден тарифтері республикадағыға қарағанда 10 есе артық.
Япония бюджетінің шығыстық жағындағы мемлекетті қолдау деңгеиі 65% ға жуығын құрайды, ЕҚ елдерінде 49, АҚШ 24, Канада да 20, Қазақстанда 1,9% құрайды, Японияда адам санына шаққандағы мемлекеттік қолдау деңгейі 566 долл, ЕҚ елдерінде 366, АҚШ 350, Қазақстан 12,4 долл.
Осы жағдайларды ӘСҰ ауылшаруашылықты (ауылшаруашылық тауар өндірушулерді) қорғау шараларын жинақтау бойынша талаптары өнім нарықтарының толық либерализациясы кезінде Қазақстанды әлемнің көптеген елдерімен салыстырғанда әлсіз жағдайда қалдырады. Мемлекеттік қолдау көлемдері тереңдетілген жағдайларда әлі әлсіз болып отырған АӨК сыртқы тауар өндірушілермен бәсекеге төтеп бере алмай қалады.
Зерттеулерге сәйкес лизинг Батыста маңызды және дамыған ғылыми техникалық және өндірістік базаны ресурстарды талап ететін жоғарғы технологиялық салалардағы қаржыландыру әдістерінің бірі, кәсіпкерлік қызметте пайдалану үшін уақытша бос ақша қаражаттарын уақытша пайдалғанда мүлікті беру үшін беретін кәсіпкерлік қызметтің бір саны болып табылады. Ол салыстырмалы түрде алғандағы аз (бір жолғы инвестициялауға қарағанда) қаржылық мүмкіндік жағдайында негізгі қорларды жаңартуға мүмкіндік береді де жоғарғы технологиялық тауарлар мен қызметтерді нарыққа енгізу үшін кедергілерді жояды. Онымен бәсекені нарықтық эканомикалық қозғалғышын ынталандырады. Эканомикасы тұрақты елдерде лизинг арқылы инвестициялардың 30% жүзеге асырылса 80% ға жуық жаңа және модернизацияланған өнім лизингке алынған жабдықпен өндіріледі.
Ақш лизингтің қалыптасуын 50-жылдарға жатқызуға болады. Осы елдің үлесіне лизинг бойынша жеткізілген тауарлар айналымының жартысы келеді. АҚШ оның тез дамуының факторларының бірі ретінде салықтық жеңілдіктер табылады: жеделтеілген амортизация және инвестициялық салықтық жеңілдіктер (жаңа инвестицияларды 10% дейінгі соммада салық сомасынан алынып тасталады). Салықтық реформа лизингтің эканомикалық пайдасын едәуір төмендетті. Бірақ оның дамуы тоқтатылай, жалғасып жатыр, себебі, лизинг мәмілелерін мысалы, әдеттегі саудаға қарағанда, жабудың икемділігі жоғары болып табылады. АҚШ та көптеген лизинг компанияларының жабдықтар туралы мәліметтері басқа несие берушілерге қрағанда көп болады. Лизинг компаниясының несие қабілеттілігі мәміленің мерзімі аяқталған соң жабдықты сату мүмкіндігіне байланысты болғандықтан компаниялар ең бағалы және тиімді жабдықтарды сатып алуда мүдделі, осы жағдайда олар барлық тәуекелдерді өз мойнына қуана алады. Дегенмен, кеибір халықтық жеңілдіктер әлі де сақталады. Ең ірі американдық лизинг компаниялары болып табылатындар:Bank Amerilase Group, Goldets Trading Corp, Security Pacific Group, Considar corp.
Ұлыбританияда лизинг 1970 ж. кейін салықтық жеңілдіктер енгізілген сәттен бастап дами бастады. Компаниялар олар жүргізілген салықтық жылы жасаған инвестициялардың 100% салық салынатын табыстан алып тастай алған. Осы жеңілдіктер ірі табыстылығы бар компаниялар үшін ғана елеулі болған, бірақ олар жалдаушылар үшін де жанам түрде қол жетімді болды. Компания салықтық жнңілдікке есеп жылы аяқталған кезде ғана қол жеткізе алған. Сондықтан, ол жылдың басында инвестициялар салса, осы жеңілдіктерді алу үшін белгілі бір уақыт күтуі керек болған.
Японияда ірі лизинг компаниясы болып «Century Leasing System» табылады, ол 1969 жылы құрылған, оның төленген капиталы 585 млн иен құрайды. Оның Гонконг, Сингапур, Ұлыбританияда филиалдары бар. Оның акционерлері коммерциялық банк, сауда және екі сақтандыру компаниялары, Испанияда лизингпен аиналысатын 117 компаниялар тіркелеген, олардың 20 тәуелсіз, қалғандары банктердің қасында. Аренда мерзімі 3-5 жыл. 1977 жылғы деректер, (лизинг анықтамасы), 1980 ж. (лизинг операциялары, қозғалмаитын мүлік), 1988 ж. Заң (банк мекемелерінің қатысуы).
Лизнг қызметтерінің әлемдік нарығы қалыптасуына Қазақстанда әрекетететін көптеген факторлар ықпалын тигізді: ликвидтік қаражаттардың жеткіліксіз көлемі, инвестициялар оптимизациясын атап өтетін және олардың өндірісті кеңейту үшін жеткілікті қаржылық қаражаттарды бөлуді қажет ететін бәсекенің шиеленісуі. 70 ж. басында жалпы әлемдік эканомика жағдайы нашарлануы нәтижесінде көптеген компаниялар үшін дәстүрлі қайнар көздер жабық болып есептеледі. Осы жағдайларда көптеген кіші, орта және ірі қорлардың өсіп жатқан саны негізгі қорлар лизингіне жүгінуге мәжбүр болды. Кейін әлемдік эканомиканың өсу темптерінің кезеңінде компанияларға техниканы ол тозғанға дейін ауыстыру немесе модернизациялау қажеттілігі туындады. Мәселен, 70 ж. аяғынан 80 ж. аяғына дейін жабдықтарға жиынтық капитал салуындағы лизинг үлесі 15 тен 32% дейін арттырды, Японияда 4 тен 8, ФРГ-6 дан 15, Ұлыбританияда 8 ден 33%.