1.2 Қазақстандализинг дамуының тарихы, тенденциялары және проблемалары. ТМД елдерінде, соның ішінде, Ресей мен Қазақстанда, ішкі нарықтағы лизинг құрылымдарының қалыптасуы 1989 ж. бастап басталды. Шетелде қабылданған лизингтің ұйымдасқан нысандарының ішінде бұнда қаржылық лизинг компаниялары мен лизинг операцияларын жүзеге асыратын коммерциялық банктер осында өз дамуын тапты.
Қазақстанда лизинг дамуы төрт каналдар бойынша жүргізіледі: - техникалық құралдар боиынша әрекет етуші пунктер мен кәсіпорындар;
- коммерциялық банктердің лизинг операциялары;
- жаңадан құрылып жатқан лизинг фирмалары;
- халықаралық лизинг нысандарының кәсіпорындарының шетелдік фирмалдарымен бірлесіп дамуы және республика аумағындағы шетелдік лизинг компанияларының қызметі.
1995 ж сәуір айының аяғында министрлер кабинеті мемелекеттік мүлік бойынша мемлекеттік Комитет жанынан лизинг бойынша департаменттің құру туралы қаулы қабылдады. Атқару билігінің осы орталық органы, ол өндірістік салаға ірі масштабты инвестицияларды тарту және техникалық және технологиялық жаңартуды қамтамасыз ету құралы ретіндегі лизингті паидалану саласындағы мемелекеттік саясатты қатамасыз етеді.
ҚР президентінң 1995 ж 31 тамыздағы «ҚР банктер және банктік қызмет туралы» заң күші бар Жарлығына сәйкес банктер лизинг бойынша операцияларын Ұлттық банк лицензиялары болған кезде ғана жүзеге асыра алады. Банк мекемелері лизинг қызметіне қатысу үшін мамандандырылған ұйымдар болып табылады.
1990-1997 жж. лизингтің дамуын талдау және бірқатар лизинг компаниялары арасындағы жүргізілген сұраулар Қазақстандағы лизинг дамуын осы жаңа механизмді пайдалану мүмкіндіктерін тежеп отырған негізгі проблемеларды айқындады. Маңызды проблема ретінде заң шығару актілерінің сондаи ақ мемлекетті қолдаудың және лизинг бтзнесін жеңілдікпен несиелеу, салықтық және амортизациялық жеңілдіктер арқылы ынталандырудың жоқ болуы табылады.
Көптеген дамыған елдерде лизинг бизнесін ынталандыру үшін жеделдетілген амортизация қолданылады.
Қазақстандағы лизингтің дамуы қосымша құнға салынатын салықтың екірет болуымен тежеледі: бірінші рет жабдықты сатып алған кезде, екінші рет - оны жалға берген кезде лизинг төлемдерін жылдық жиынтық табыстан алып тастау керек еді. Дамыған нарықтық эканомикасы бар елдерде лизинг мәмілелері әдетте салықтық жеңілдіктер берумен байланысты. Амортизацияның қолайлы шарттарының болуы лизингтің артықшылықтарының бірі және несие алдындағы артықшылықтарының бірі болып табылады.Осындай жеңілдіктер Қазақстандық нысандарда көрсетілмеген.
Белгілі болғандай, АҚШ баснда 7% жеңілдік қолданылған, ал 1978 ж бастап – 10%. АҚШ лизинг туралы арнайы заңның болмауы оның жақсы дамығанына кедергі бола алмады. Бұл осы елде лизинг дамуының басты ынтасы ретінде амортизациялық және салықтық жеңілдіктердің болуымен түсіндіріледі. Ал олар салық заңдарымен реттеледі. Англяда 1984 ж. амортизациялық есептерді жабдықты сатып алудың алғашқы жылы 100% көлемінде есептеуге жол берілген. Осының арқасында салықтар үнемделіп, капиталды жаңарту ен жинақтау процессі жеделдетілді. Осындай жеңілдіктерді қолданбай Қазақстанда қаржылық лизингтің дамуы қиынға соғады.
Сонымен қатар, қазіргі кездегі өндірісті жабу жағдаиындағы лизингтің дамуы басым бағыттарды анықтамау мүмкін емес. Саланың басымдығы ең алдымен осы саланың ішкі нарығын мемлекет тарапынан ерекше қорғауда көру керек. Бұнда мемелекеттің үш мықты рычагтары болады: мемелекеттік тапсырыс, кеден баждары, ал соңғы өнімді өндіретін салалар үшін еңбекақы мен трансферттер саласындағы саясат.
Ғылыми техникалық прогресстің тиіді құралы ретіндегі лизингтің толыққанды дамуы барлық шаруашылық ағзаның жалпы сауығу негізінде ғана мүмкін болып танылады.
Қазақстан эканомикалық дамуының зерттелген индекаторларының, лизинг операцияларының әлемдік өсу динамикасының, әр түрлі елдердегі лизинг қызметінің құрылымы негізінде біздің республикамызда лизинг қызеті дамуының болжамын жасауға тырысамыз.
Жақын арада (1998-2000) олардың қызметтерін негізгі тұтынушылары қалалардың тұрғындары болатын лизинг компанияларының саны артатыны, операциялық лизингпен аиналысатын бірнеше аумақтық компаниялар пайда болатыны болжанып отыр. Ірі лизинг компониялары банктер қаласында немесе олардың ортақ құрылтайшылық етуімен, сондаи ақ шетелдік компаниялардың қатысуымен жасалуы мүмкін. Сонымен қатар, 1998-2000 ж. брокерлік лизинг компанияларының пайда болуы болжанып отыр. Олар көбінесе мүмкін болатын серіктестер туралы мәліметтер ұсынып, ірі отандық және шетелдік қаржылық құрылымдар мен лизинг фирмаларына қызымет көрсетеді. Осындай компаниялардың лизинг операцияларының жалпы көлеміндегі үлесі көп емес 20% төмен. Бірақ олардың қызметі өте маңызды, атап айтқанда өткізілмеген өнімді өткізу үшін.
Тұрғындардың қатынасты түрде түрде тұрақты төлем қабілеттілігі бар сұранысын сақтау мүліктің, жабдықтардың және т.б. мүліктің прокатымен, яғни операциялық лизингпен айналысатын компаниялардың пайда болуына жағдай жасаиды. Осындай компаниялардың пайда болуына банктердің қатысуымен немесе несиелеудің сыртқы қайнар көздері болған кезде мүмкіндік артады.
Лизинг қатынастарының дамуы көлік саласында, әсіресе, авиациялық құрылыс, соның ішінде жол құрылысы саласында, медицинаның мемлекеттік емес секторында, ауыл шаруашылық өнімді өндіру және қаита өңдеу халыққа қызмет көрсету саласында кеңінен дамиды деп көзделіп отыр.
Лизинг қызметінің елелулі түрде кеңейуі «сатып алынатын жекешелендірілетін тұрған үй» муниципалды және ведомствалық тұрғын үй орнына тұрғын үи лизингіне ауысу кеңінен таралады. 1998-2000 жж. эканомиканың жалпы көлеміндегі лизинг операцияларының көлемі 10-15% құраитыны болжанып отыр. 1998-2000 жж. жасалған лизинг операцияларының сомасы кем дегенде 500 млрд.доллар құрайды, соның ішінде автокөлік саласында кем дегенде 50 млн доллар. Лицензиялауға үш жылдан артық ерзімге лизинг шарттарын жасайтын, қаржылық лизинг саласында жұмыс істейтін және заем қаражаттарын қаржыландыратын лизинг компанияларының қызметі лицензиялауға жатуы мүмкін. Мәмілелердің белгілі бір жылдық көлеміне лицензиялар берудің критерилері болып өзіндік және заем қаражаттарының арақатынасы, сондай ақ банктердің фирманың міндеттемелері бойынша кепілдіктері болады. Бұл, біздің ойымызша, көптеген несие берушіліерінің қатысуымен жасалатын ірі мәмілелерді жасасу үшін және мәмілені жасап отырған лизингтік фирманың ликвидтігі төмен болған кезде қажет болып табылады.
Сонымен лизинг мүлікті басқару тәсілі ретінде ғана емес. Ұлттық эканомиканы қаржыландырудың тиімді құралы, оның интенсивті дамуының факторы ретінде елдің бәсекеге қабілетті болуына өз ықпалын тигізеді.
1.3. Лизинг агроөнеркәсіп кешенінде пайдалану. АӨК техникалық қамсыздандыру құралдарының қазіргі заманғы қайта қарулануы: _ үлкен ғылыми және практикалық проблема. Мемлекет лизингтің ауылшаруашылық тауар өндірушілердің ресурспен қамтамасыз ету каналы ретіндегі дамуын мақсатты түрде дамытуын ынталандыруға және онымен маңызды эканомикалық жетістіктерге жетуге қабілетті. Осындай әсер етудің құралдары болып негізгі қорларға инвестицияларды жеңілдікпен салық салу және лизинг берушілерді басым несиелеу табылады. Лизинг нарығының қалыптасу кезеңінде мемлекеттік қолдау әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылған.
Дамыған нарықтық эканомикасы бар елдерде мемлекеттік субсидиялар фермерлер шығындарының 30 дан 80% дейінгі бөлігін жабады. Лизингтің эканомикалық механизнің және онымен қоса жүретін құжаттардың талдауы мемлекеттік тәжірибеде жеңілдіктері бар мақсатты несиелеуді қолданатынын көрсетіп отыр. Несие оны міндетті түрде мақсаты бойыншаа жұмсау міндетімен ақшалай түрде емес, қажетті техникалық және басқа да құралдар түрінде беріледі.
Сонымен қатар, мемлекеттік лизингтің жүзеге асырылып отырған эканомикалық механизмнің бірқатар кешіліктері бар екенін атап өткен жөн: - бөлініп отырған қаражаттардың сол берілген қаражаттарды қайтарудың кепілдіктері жеткіліксіз болуы;
- ауылшаруашылық өндіруші лизинг алушы бола отырып құқықтық және эканомикалық тұрғыда қорғалмаған болып табылады;
- лизинг операцияларын іске асырудың ұйымдастырушылық жүйесі толық қанды жетілмеген.
Лизингті мемлекеттік қолдаудың төмендегідей шараларын ұсынып отырмыз, Бағалық саясат ауылшаруашылық тауар өндірушілер үшін (лизинг алушылар) кепілденген сатып алу және кепіл бағаларын өндіріп, қолдануда көрініс табады.
Бағалық қатынастарды бүкіл қайта өндіру процессі жүйесінде:материалдық, техникалық ресурстарды сатып алудан бастап өнімді өткізгенге дейін қарастыру қажет. Зерттеулер көрсетіліп отырғандай, ауылшаруашылық тауар өндірушілерге несиелік қызмет көрсетудің қай түрі ұсынылса да (соның ішінде лизингке де) шығындық және рентабельдігі төмен қызмет көрсету жағдайында және ең бастысы баға диспаритеті жағдайында ол ссудалардың қайтарылуын қамтамасыз етпейді.
Ауылшаруашылық өнімді өндіруге кеткен шығындардың негізгі бөлігін лизингке алған атериалдық техникалық құралдарға бағалар ( өзіндік құнның 57% жуығы) қалыптастырады. Сондықтан, бірінші кезеңде біздің ойымызша олардың өсуін тежеп отыру, қатаң шектеулер орнатпау, ал кейінгі кезеңдерде реформалардың басталуына дейін орын алған бағалар паритетіне ауысуы керек.
Осы міндетті шешу әдістерінің бірі болып материалдық техникалық құралдардың негізгі түрлеріне бағаларды мемлекеттік реттеу болып табылады. Шекті бағаларды енгізумен қатар, осы шектерді асырғаны үшін экономикалық санкциялар мен оларды төмендеткені үшін эканомикалық ынталандыру орнату керек.
Лизинг жүзеге асырған кезеде баға қалыптастыру өндірісті дамытуға және лизинг алушылардың табыстарын арттыруға бағытталуы керек.
Мемлекет өз тарапынан лизинг жобаларын жүзеге асыру үшін мемлекеттік кепілдіктер беруі керек. Салықтық саясат лизинг дамуына мемлекеттік әсер етудің маңызды тетігі юболып табылады. Салық салу жүиесі лизингке инвестициялауда халық шаруашылығының басқа да салаларын ынталандыруы керек.
Көптеген экономикасы дамыған елдерде салықтар жиынтығында барлық фермерлік шығындардың 6% аспауы керек. Олардың жартысы табысқа салынатын салықпен мүлікке салынатын салық болып келеді. Біздің ойымызша, лизинг операцияларын жүзеге асыруда осындай арақатынасты басшылыққа алған жөн.
Осыған байланысты дифференцияланған салық салу жүйесі және лизинг қатынастарының субьектілеріне салықтық жеңілдіктер жүйесін қолдану қажет олардың ішінде:
лизинг фирмасын құрғаннан кейін алғашқы жылы лизинг төлемдерін салық төлеуден босату,
әрекет ету мерзімі кем дегенде үш жыл болатын қаржылық лизинг шартын жүзеге асырудан түскен табысқа салынатын салықтан босату;
қаржылық лизинг операцияларын жүзеге асыру үшін үш жыл және одан да көп мерзімге несиелерді беруден түскен пайдаға салынатын салықтан банктер мен өзге де несие мекемелерін босату;
лизинг берушілерді лизинг қызметтерін көрсеткен кезде қосылған құнға салынатын салықты төлеу тәртібін сақтай отырып, қаржылық лизинг обьектісін сатып алған кезде қосылған құнға салынатын салық төлеуден босату;
заңдық тәртіптерде олардың қызметі үшін қолаилы эканомикалық жағдаилар тудыру үшін салықтық жеңілдіктер беру.
Лизинг қатынастарын реттеудің маңызды факторы ретінде қаржылық несие АӨК лизинг бизнесіне қатысты республикалық және аймақтық деңгңеилердегі қаржылық саясат жобаларды тікелей инвестициялауда көрініс табады.
Аграрлық сектордағы қарызды есепке алу мен шығындарды жабу саясаты сақталып қалды. Сондықтан инвестициялар бөлу мен өндірістің соңғы нәтижелері арасындағы өзара байланыс төмен болып табылады. Ал ол жүйе қаржылық жауапкершілікпен лизинг субьектілерінің қаржылық жауапсыздығын тудырады және тікелей бюджеттік төлемдердің өсуіне, ауылға нақты түсімдердің төмендеуіне әкеп соғады.
Эканомикалық тұрғыда АӨК қаржылық проблемалары бюджеттен бөлінген лизинг қаражаттарын пайдалану механизмдерінің тиімді еместігін де көрініс табады. Осы қаражаттардың жетіспеушілігі де маңызды рөль атқарады.
Директивті орталық жүйеде әрекет ететін қаржыландыру тәсілдерін мемлекеттік қолдау тәсілдеріне ауыстыру қажет, оған кіретіндер қайтарымсыз және ақысыз қаржыландырудан бас тарту, АӨК комерциялық банктерінің желісін құру. Мемлекеттік қаражаттарды лизингті тікелей инвестициялау үшін емес, лизинг қарым қатынастарында кепілдіктер беру үшін.
Отандық лизинг копаниялары (фирмалары) алдында пайда болатын келесі проблема ретінде ұзақ мерзімді несиелерді тартудың мүмкіндігін шектеу болып табылады. Коммерциялық банктер беретін саудалардың қысқа мерзімді сипаты лизинг операцияларының ұзақ мерзімді сипаты талаптарына қарама қайшы болып табылады.
Ауыл шаруашылық салалары мен АӨК ресурстарымен қамтамасыз ету салаларының дағдарыс кезеңінен шығуы үшін және нарықтық жағдайдағы қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз етуі үшін АӨК материалдық техникалық қамтамасыз ету бағдарламасының болуы қажет.
Барлық аталған ұймдастырушылық эканомикалық шаралар техниканы лизинг арқылы жеткізудің көлемін ұлғайтып, тозған техника шығуының ішінара болса да қалпына келтіруін және сол арқылы механизацияланған жұмыстардың минималды түрде қажетті көлемін жүзеге асыруға және ауылшаруашылық өнім өндірудің ары қарай түсуін алдын алуға ықпалын тигізуі керек.
Агроөнеркәсіп кешеніндегі лизинг (агролизинг) – бұл көлік, жабдықтар, көлік құралдары мен өндірістік мақсаттардағы ғимараттардың ұзақ мерзімді арендасы, оның мақсаты уақытша бос немесе тартылған қаржылық қаражаттарды инвестициялау арқылы ауылшаруашылық кәсіпорындарды техникалық қамтамасыздандырудың деңгейін көтеру.
Агролизинг обьектісі болып кез келген қозғалатын және қозғалмайтын мүлік табылады. Ол әрекет етуші сыныптама бойынша ауылшаруашылық мақсаттардағы негізгі қорларға жатады, оған кірмейтіндер әрекет етуші заңнама бойынша нарықта еркін айналымға түсуге тыйым салынған немесе кеден заңдары бойынша уақытша кіруге (шығуға) тиым салынған мүліктер.
Агролизинг обьектілері: