Ішкі лизинг. Ішкі лизингті жүзеге асырған кезде лизинг беруші, лизинг алушы және сатушы Қазақсатан Республикасының резиденті болып табылады;
Халықаралық лизинг. Халықаралық лизингті жүзеге асырған кезде лизинг беруші немесе лизинг алушы Қазақстан Республикасының резидент еместері болып табылады.
Лизингтің негізгі түрлеріне жататындар: ұзақ мерзімді лизинг, ол үш және одан да көп жылда жүзеге асырылады, орта мерзімді лизинг, ол бір жарым жылдан артық мерзімде әрекет етеді және бір жарым жыл әрекет ететін қысқа мерзімді лизинг.
Лизингтің негізіг түрлері: Қайтарымды лизинг - сатушы лизинг пәнін лизинг берушіге лизинг пәнін қаитадан лизинг алушыдан лизингке алу шартымен берілетін лизинг түрі;
Банк лизингі- лизинг беруші ретінде банк болатын лизинг түрі;
Толық лизинг – лизинг пәніне техникалық қызмет көрсету мен оның ағымдағы жөндеуін лизинг беруші жүзеге асыратын лизинг түрі;
Таза лизинг – лизинг пәніне техникалық қызмет көрсету мен оның ағымдағы жөндеуін лизинг алушы жүзеге асыратын лизинг түрі.
Қаржылық лизинг келісім-шарттың ұзақ мерзімі мен (5ж-10ж дейін) және жабдықтың барлық немесе көпшілік бөлімінің амортизациясымен сипатталады. Іс жүзінде лизинг сатып алуды ұзақ мерзімді несиелеудің нысаны болып табылады.
Қаржылық лизинг келісім шартының мерзімі аяқталған соң, сонымен қатар мәмілелер обьектісі бойынша лизинг қозғалатын (жолдық, әуе және теңіз көлігінің, вагондардың контеинерлердің, баиланыс техникасының) және қозғалмайтын (сауда және кеңсе, ғимараттары өндірістік ғимараттар, қоймалар) мүлік лизингі болып бөлінеді. Қозғалмайтын мүлік лизингі кезінде жалға беруші жалға алушының тапсырысы бойынша қозғалмайтын мүлікті салады немесе сатып алады және оған эканомикалық өндірістік мақсаттарда пайдалану үшін береді. Қозғалатын мүлікпен жасалатын мәмілелердегідей келісім шарт әдетте обьектінің амортизациялық кезеңінен аз немесе тең мерзімде жасалады. Жалға алушы келісім-шарттың әрекет ету мерзімі ішінде барлық тәуекеледерді, шығындарды, салықтарды өз мойнына алады. Жалға алушыға жалға алынған мүліктің кездейсоқ бүлінуі немесе жойылу қауіпі ауысады. Жалға алушының осы тәуекелдер үшін жауапкершілігі, егер қаржылық жалдау шартымен өзгеше көзделмесе жалға алынған мүлікті берген кезде оған ауысады.
Жалданатын мүлікке қатысты лизинг шартының екі түрін ажыратуға болады: таза лизинг шартының (netleasing) онда жалданатын мүлікке қызмет көрсету бойынша шығындар жалға берушіге болады және толық лизинг (wet leasing) шартын, онда техникалық қызмет көрсету, жөндеу, сақтандыру және т.б. лизинг беруші де болды. Бұл ретте қосымша міндеттемелері бар лизинг туралы айтылады.
Лизингтің осы түрінің пәні ретінде, әдетте, енгізілген арнайы жабдықтар, құрылыс техникасының кей бір түрлері және т.б болады. Қаржылық мекемелер мен банктер лизингтің осы түрін сирек қолданады, себебі, олардың қажетті техникалық базалары болмаиды.
Қарыз алушы мен жалға беруші арасындағы қатынастарды ұйымдастыру ерекшеліктеріне қарай онда дайындаушы немесе меншік иесі жалға беруші тұлға ретінде болатын тікелей лизинг пен жалға беру үшін үшінші тұлға арқылы жүзеге асырылатын жанама лизингті ажыратады.
Қаржыландыру әдісіне қарай бір жолғы аренда жүзеге асырылатын мерзімді аренда және келісім шарттың бірінші мерзімі аяқталған соң лизинг шарты жалғастырылатын жаңартылып отыратын (револьверлік) лизинг ажыратылады.