Тақырып: Арнайы педагогика пәні, міндеттері. 1.Арнайы педагогика ғылымының мақсаты, міндеттері.
2.Арнайы педагогика салалары.
Арнайы педагогиканың зерттеу пәні ретінде және педагогикалық ғылымның бір саласы ретінде денелік және психикалық ақаулығы бар балалардың жалпы мәселерімен шұғылданады.Дефектология ғылымы философия, әлеуметтану, психология, педагогика, медициналық ғылымдармен тығыз байланыстылықта дамып жетілуде.
Біздің елімізде арнайы педагогикаға, түзету педагогикасы енеді.Арнайы педагогика- денелік және психикалық ауытқушылығы бар тұлғаларға арнайы білім және тәрбие беру қызметін қамтиды. Ол қалыпты педагогикалық жағдайда жалпы педагогикалық құралдар мен әдістердің көмегімен жүзеге асырылады.
Арнайы педагогика негізгі мақсаты:
- ауытқушылығы бар тұлғаларды тұлғалық жағынан қоршаған ортаға бейімдеу;
- ақаулығы бар балалардың бойында өзіндік абырой, әрі бедел сезіміне тәрбиелеу;
- балаларда жағымды мінез-құлық салаларын қалыптастыру;
- дербес қоғамдық пайдалы өмірге белсенді етіп даярлау;
- қарапайым еңбек дағдыларын меңгерту;
- іскерлік дағдыларын қалыптастыру;
Дефектологияның мақсатын іске асыруда төмендегідей міндеттер шешіледі:
тұлғалық дамудың педагогикалық заңдылығын зерттеу;
арнайы білім беру жағдайда оқытудың технологиясын, әдістерін,принциптерін ғылыми негізде жетілдіру;
мүмкіндігі шектелген балаларды оқыту және тәрбиелеу, тузетуге арналған бағдарламаларды жетілдіру және оларды тарату.
Арнайы педагогиканың салалары.
Олигофренопедагогика ( интеллект жағынан бұзылған).
Тифлопедагогика (көрмейтін, нашар көретін).
Сурдопедагогика (саңырау,нашар еститін).
Тифлосурдопедагогика (соқыр-саңырау).
Логопедия (сөйлеу тілі бұзылған).
Осы аталған салалардың әрқайсысы өзіндік ерекшеліктеріне қарай зерттеу, түзету және тәрбиелеу жұмыстарын қарастырады.
Қазіргі таңда қоғамымызда ақаулығы бар балаларды оқыту тәрбиелеу және тузету бұл курделі болып танылған әлеуметтік және педагогикалық мәселе болып отыр. Мұндай тұлғадағы балалар дер кезінде үйлесімді көмек беруді тұлғалық жағынан қажет етеді.