Қайтарымды лизинг: (sale and lease back) қаржылық лизингтің бір түрі болып табылады, онда лизинг пәнін сатушы (жеткізуші) бір уақытта лизинг алушы болып табылады. Қайтарымды лизинг «қаржылық лизинг туралы» шартта лизингтің жеке негізгі түрлерінің бірі болып есептеледі. Ол жабдыққа меншік иесінің (өнеркәсіптік кәсіпорынның) лизинг компаниясына осы жабдықтарға пайдаланушы ретінде лизинг шартын жасайды. Осы операцияда тек қана екі қатысушы: мүлікті жалға алушы(бұрынғы иесі) және лизинг компаниясы (жаңа иесі). Нәтижесінде, бастапқы меншік иесі лизинг компаниясынан жабдықтардың толық бағасын алады, өзінде иелену құқығын сақтайды және жабдықты пайдаланғаны үшін мерзімді ақылар төлейді.
Осындай мәміле кәсіпорынға өндіріс құралдарын оларды пайдалануды тоқтатпай отырып сату есебінен ақша қаражаттарын алуға және олардың жаңа капиталдар салу үшін пайдалануға мүмкіндік береді. Осы операцияның рентабелдігі арендалық төлемдердің соммасынан артық және инвестициялардан алынған табыстан жоғары болады. Қайтарымды лизинг операциялары кәсіпорын баланысын азайтады, себебі, олар меншік иесінің ауысуын көздейді.
Осындай мәмілені кәсіпорынның пайда табу деңгейі төмен болған кезде жасауға болады, және ол жеделдетілген амортизация мен пайдаға салық салу бойынша жеңілдіктерді толығымен пайдалана алмайды. Ол мәмілені жасайды, ал лизинг компаниясы жеңілдіктерді паидаланады. Ал ол өз кезегінде арендалық төлем мөлшерін төмендетеді.
Жедел лизинг көбірек пайдаланылатын мүлікті қысқа және орта мерзімге беруді көздейді, ол мерзім мүлікті паидаланудың эканомикалық мерзімінен (амортизациялық мерзім) төлем болады. Бұнда жалға алушы келісім-шарттың белгілі бір мерзімі өткен соң шартты бұзуға құқылы болып табылады.
Мерзім аяқталған соң жабдық жаңа лизинг келісім-шартының обьектісі бола алады немесе жалға берушіге қайтарып беріледі. Әдетте жедел лизингке құрылыс техникасы (крандар, экскаваторлар және т.б), көлік, ЭЕТ және т.б. беріледі. Көбінесе лизинг компаниясы обьект лизингіне техникалық қызмет көрсету міндетін яғни жөндеу сақатандыру өз мойнына алады. Ол толық сервистік лизинг немесе ішінара сервистік лизинг (шартта міндеттемелерді бөлу қарастырылады) болуы мүмкін.
Сонымен қатар, толық төлемі бар лизинг шартын ( fall-payout lease) және ішінара төлемі бар (non fall-payout lease) лизинг шартын ажыратады. Толық төлемі бар лизинг кезінде лизинг компаниясы шарт мерзімі ішінде өзіне жабдықтың құнын қайтарады, яғни мерзімді төлемдер мерзімі жабдықтың құнын қайтарып, пайда әкелетін болып есептеледі. Қаржылық лизинг әдетте толығымен төленетін болып есептеледі.
Ішінара төлемі бар лизинг компаниясының шарт мерзімі ішінде жабдықтың тек бір бөлігін қайтаруды көздеиді.
Жедел лизинг – ішінара төлемі бар лизингке мысал болып табылады. Бір жабдықты лизинг компаниясы уақытша пайдалануға бірнеше рет бере алады, нәтижесінде компанияның барлық шығындары өтеледі.
Көбінесе лизинг компанияларының лизинг операцияларын жүзеге асыру үшін қаражаттары жеткіліксіз болғандықтан, сол қаражаттарды қосымша тарта отырып жасалатын лизинг – левередж деп аталады (несиелік,жарнамалық, бөлек). Батыста 85% астам лизинг мәмілелері қаражаттарды тарта отырып жасалған лизинг деп аталады, яғни левередж лизинг негізінде. Жалға беруші жалға беретін активтердің 80% дейінгі соммаға бір немесе бірнеше несие берушілерден сауда алады (арендаторға регресс құқығынсыз), арендалқ төлемдер мен жабдықтар сауданы қамтамасыз ету тәсілі болып табылады. Негізгі жалға берушіде арендалық төлемдерді алуға артықшылық құқығы болады. Шартты әдетте үшінші звеноның (делдалдың) банкроттығы кезінде арендалық төлем жалға берушінің өзіне тікелей түсіп тұрады деп көрсетіледі. Осындаи мәмілелер сублизинг деп аталады.
Сонымен, сублизинг – қатынастардың ерекше түрі, олар лизинг пәнін пайдалану құқығын үшінші тұлғаға берумен баиланысты болады, ол сублизинг шартымен рәсімделеді. Сублизинг кезінде осы операцияның жүзеге асырушы тұлға лизинг пәнін лизинг берушіден қабылдап алады және оны лизинг алушыға уақытша пайдалануға сублизинг шарты бойынша береді. Бұнда лизинг берушінің жазбаша келісімі міндетті түрде қажет болып табылады. Лизинг алушының төлемдерді төлеу боиынша өз мінддеттерін үшінші тұлғаға беруге жол берілмеиді.
Халықаралық сублизинг кезінде лизинг пәнінің Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан өтуіне тек қана сублизанг шартының әрекет ету мерзімінде ғана жол беріледі.
Халықаралық салада қолданылатын лизинг мәмілесінің бір түрі болып «дабл дин» мәмілесі табылады. Олардың мәні болып екі немесе одан да көп мемлекеттерде қолданылатын салықтық жеңілдіктерді үилестіріп қолдану табылады. Мысалы, 80 жылдардың басында бір қатар ұшақтарды сатып алу АҚШ пен Ұлыбритания арасындағы «дабл дин» несиелендіріледі. Салықтық жеңілдіктерден алатын пайда Ұлыбританияда егер жалға берушінің меншік құқығы болса жоғары болады, ал АҚШ та егер жалға алушының текқана иелену құқығы болса, салықтық жеңілдіктер көбірек болады. Лизинг компаниясы Ұлыбританияда ұшақ сатып алады, оны Американдық лизинг компаниясының лизингке береді, ал ол өз кезегінде жергілікти авиокомпанияларға.
Соңғы кездері жабдықты өндіруші мен лизинг компаниясы арасында келісімдер жасау кеңінен таралды. Осы келісімге сәйкес өндіруші лизинг компаниясының атынан клиенттерге өз өнімін жеткізуді лизинг арқылы қаржыландыруды ұсынады. Сонымен, лизинг компаниясы жеткізушінің сауда желісін пайдаланады, ал жеткізуші өнімді өткізудің шектерін кеңейтеді. Бұл мәмілелер сатуда көмек (sales-aid) деген атқа ие болды.
Кәсіпорындар лизинг компанияларымен үнемі және тығыз байланыста болған кезде «лизинг желісін» (lease-line) беру туралы келісімдер жасауы мүмкін. Осы келісімдер банк несие желілеріне ұқсас және жалға алушыға және лизингке қосымша жабдықты жаңа келісім-шарттар жасаспай алуға үмкіндік береді.