Лизинг операцияларының негізгі көлемі үш континентте шоғырланған: Солтүстік Аерика, Азия және Еуропа, олардың үлесіне 1997 ж. барлық лизинг нарығынң (London Financial Group мәліметтері бойынша) 93,5% Солтүстік Америка 41,3% 177 млрд. Долларға жуық көлемімен. АҚШ үлесі әлемдік лизингтің 40% жуығын және Солтүстік Америкалық лизингтің 95% астамын құрайды.
Ирландиядағы техника лизингінің жалпы көлеміндегі үлестік салмағы барлық инвестициялардың-45% құраса, Германия мен Францияда 20 да жетпейді, Англияда -30 кем, Италияда 15, ал Ресейде- барлық инвестициялардың 2,5% кем. Ирландиядан лизинг дамуы бойынша Еуропаның басқа мемлекеттері де едәуір қалып қалған.
Бұл Ирландияда мемлекет ауылшаруашылық техника лизингінің дамуын эканомикалық шаралар арқылы ынталандырылумен түсіндіріледі. Мемлекет лизингке берілетін көліктердің 20% мөлшерінде салықтық жеңілдіктер береді, ал ол өз кезегінде лизинг операцияларын қаржыландыру үшін корпорациялардың ақша қаражаттарын тартуға өз ықпалын тигізеді.
Ирландия лизингінің жалпы көлеміндегі ауылшаруашылықлизингінің үлесі бойынша Ирландия Еуропада Швециядан кейін екінші орын алады, Ирландияда елдегі жалпы инвестициялар үлесі 8%, Швецияда 10% Англияда – 3,6%, Францияда-3,2%, Испанияда -3,1%. Ауылшаруашылық лизингінің одан да төмен көрсеткіштері қалған еуропалық елдерде байқалады.
Лизинг операцияларының ірі көлемдерін қаржыландыратын ірі қаржылық корпорация «ДЕ Кэпитая Удчестер» лизингті ұйымдастырып қаржыландырудағы тәжірибесі көп қызығушылық тудырады. Ол ірі еуропалық қаржылық өнеркәсіптік корпорация «Дженерал Электрик» ирландық филиалы болып табылады.
Корпорацияның жалпы айналымы 1 млрд.фунтов (1,2 млрд.долларов) жылына құрайды, штат 600 адам, оның Ирландияда 11филиалдары бар.
Негізгі айналым автокөліктерді сатып алуға тиеді, бірақ аграрлық секторды қаржыландыру 80 млн фунт (92 млн долл) жылына құрайды, олардың ішінде 60 ден 70% ауылшаруашылық техника лизингіне келеді.
Бұл Ирландия сияқт кішкентай мемлекеттің фермерлері жыл сайын бір қаржылық корпорация арқылы лизингке 50-60 млн футке (58-70 млн долларға) техника сатып алынатынын көрсетеді. Лизингтің негізгі обьектілері болып тракторлар, комбайндар, және өзге де көліктер табылады. Олар Ирландияға «Джон Дир», «Класс», «Форд» және т.б. фирмалары арқылы енгізіледі.
Көліктерді лизинг бойынша сатып алуда қажеттілік туындаған кезде фермерлер компания дилерлеріне жолданады, ол оларға осы тапсырыс туралы айтады. Корпорацияның қызметкерлері фермерге барып, оның қаржылық жағдайын, шаруашылық жағдайын, көлікті сатып алу себептерін, фермер кепілге қай мүлікті сала алатынын, және т.б. зерттейді. Фермермен ол лизингке берілетін көлікті сатып алу бағасы келісіледі. Осы көрсеткіштер корпорация орталығына хабарланады және жедел түрде фермер тапсырысы бойынша шешім қабылданады.
Дилер фермермен лизинг бойынша көлікті жеткізу туралы келісім жасады, одан кейін корпорациядан ақша алады да өндіруші фирмадан көлікті сатып алады және оны фермерге береді.
Лизинг мерзімі 2 және 7 жылға дейін. Ол көліктің құнына байланысты қымбатырақ техниканың лизинг мерзімі қызығырақ болып табылады. Лизинг шартының әрекет ету мерзімі ішінде көліктер индекстеуге жатпайды, осы мерзімде нақты сату бағасына қарағанда.
Техника лизингі шет елдерде кеңінен дамыды. Оның ерекшелігі ретінде лизинг операцияларын қаржыландыру боиынша банк капиталының қатысуы болып табылады. Нарықтық эканомикасы дамыған елдерде мемлекеттік лизинг болмайды, бірақ мемлекет эканомикалық шаралар арқылы коммерциялық банктердің осы мақсаттарда өзіндік және несиелік қаражаттардың тартуына ынталандырады.
Біріншіден, барлық елдерде банктерді мүліктік лизингке беруге құқсат берілген, яғни олар тікелей жалға берушілер ретінде әрекет ете алады. Нәтижесінде 60-70 жылдарда компанияларда ликвидті қаражаттар аса жеткіліксіз болғанда банктер осы құқықты пайдаланып жабдықтарды лизингке бюере бстады.
Екіншіден, егер көптеген елдерде банктерге жарғылық капиталының 100% астам мөлшерде несие беруге тиым салынса, лизингке осы шектеулер тартылмайды.
Үшіншіден, лизинг операциялары несие берудің нысандары болып табылатындықтан және олардың негізігі мазмұны қаржыландыру (ең алдымен қаржылық лизинг) болатындықтан, банктер лизинг операцияларына міндетті қатысушылар және ұйымдастырушылары болап табылады. Бүгінігі таңда бірде бір ірі операция банктердің қатысуынсыз жүзеге асырылмайды.
АҚШ лизингтің тез дамуының факторларының бірі ретінде салықтық жеңілдіктер табылад: жеделдетілген амортизация және инвестициялық салықтық жеңілдік жаңа инвестициялар құнының 10-20% салық сомасынан алынып тасталған. Мысалы, жабдықты сатып алу шығындары 100 мың.долл. құраса, инвестициялық жеңілдік 10% құрайды. Осы жағдайда 10 мың долл. Салық сомасынан алынып тастылады. Лизинг шарты жеңілдікпен салық салу мақсатында жасалады, онда лизинг копаниясы меншік иесі ретінде болады, ал жалға алушы мүлікті оның қызмет етуінің барлық ерзімінде пайдаланбаиды. Шын мәнінде, оларда шарттар лизингтік еес танылған сот істерінің көпшілік бөлігі мүлік эканоикалық қызмет етудің барлық мерзімінде қолданылмайтын шарттар табылады.
АҚШ жасалатын лизинг шарттарының көпшілік бөлігі жалға алушылардың шарт мерзімі аяқталған соң олар пайдаланған мүлікті сатып алу құқығын көздей отырып жасалады. Бірақ лизинг мәмілесін жарамсыз деп тану үшін жалға алушы төлейтін сомма осы мүлікті жалға беруші басқа тұлғаға сатуы мүкін бағаға тең болуы керек, яғни баға «әділетті нарықтық баға» болуы керек.
Австрияда лизинг келісім шартының негізгі мерзіммі мүліктің эканомикалық қызмет тету мерзімінің 40 - 80% құрайды, ал сатып алуға опцион құны опционды өткізу сәтіндегі мүлік құнына бара бар болуы керек. Егер лизинг келісім шартының пәні ретінде тұтынушы үшін ғана қажетті арнайы мүлік болса, онда эканомикалық меншік иесі ретінде оны тұтынушы болады.
Ұлыбританияда лизинг 1970 ж. кейін салықтық жеңілдіктер енгізген сәттен бастап дами бастады. Компаниялар олар жүргізілген салықтық жылы жасаған инвестициялардан 100% салық салынатын табыстан алып тастай алған. Осы жеңілдіктер ір табыстылығы бар компаниялар үшін ғана елеулі болған, бірақ олар жалдаушылар үшін де жанама түрде қол жетімді болады. Компания салықтық жеңілдікке есеп жылы аяқталған кезде ғана қол жеткізе алған. Сондықтан, ол жылдың басында инвестициялар салса, осы жеңілдіктерді алу үшін белгілі бір уақыт күтуі керек болған.
Салықтық инвестициялық жеңілдік ақысыз болған жоқ және арендалық төлемдерге салықтар арқылы қайтарылып отырды. Бірақ, ол дегенмен пайызсыз сауд беру үшін мүмкіндіктер береді, ол орташа есеппен алғанда мүлік құнының 52% құраған, ол арендатор үшін лизинг құнына өз әсерін тигізеді.
Германияда лизинг мүлкіне салық салу кезінде экономикалық көзқарас маңызды болып табылады. Қаржылық лизинг жағдаиында мүлікке салынатын салықты жалға берушы төлейді, егер оны пайдаланудың қалыпты мерзімі аренданың негізгі мерзімінен едәуір көп болса.
Германия еуропадаға лизинг қызметтері нарығының дамуы бойынша ірі елдердің бірі болып табылады. Мәселен, 1996 ж. лизинг операцияларының жалпы көлемі 28437 млн ЭКЮ құраса, 1997 ж. лизинг операцияларының көлемі 30803 млн ЭКЮ жетті, яғни, 8,3% өсті.