Қаржылық лизинг үшін келесі ерекше белгілері тән болып табылады:
лизинг беруші мүлікті лизинг беру үшін өз қалауы бойынша емес, лизинг алушының тапсырысы бойынша сатып алады;
лизинг алушы мен лизинг берушімен қатар мәмілеге үшінші тарап мәміле обьектісін сатушы қатынасады;
лизинг шартының ұзақтығы амортизация мерзіміне тең немесе одан артық болады;
меншік құқығының ауысуы мен шарттың тоқтатылуы лизинг алушы төлемдердің толық төлегенше мүмкін емес болып табылады.
Қаржылық лизингті «мүлікті сатып алумен жасалатын лизинг» және «мүлікті сатып алмай жасалатын лизинг» деп екіге бөлуге болады.
Мәнісі бойынша қаржылық лизинг қызмет етуші капитал түріндегі ұзақ мерзімді несие нысаны болып табылады. Лизинг шартының әрекет ету мерзімі аяқталған соң пайдаланушы мүлікті жеңілдік немесе қалдық бойынша сатып ала алады немесе шартты жеңілдік жағдайында жаңартуға немесе шартты тоқтатуға құқылы. Қаржылық лизинг жалға беруші тарапынан мүлікке сервистік қызмет көрсетуді көздемейді. Потенциялды арендатор қажетті техниканы іріктеуді жүзеге асыра, дайындаушымен баға мен жеткізілім мерзімі туралы, лизинг компанияларына жабдықтар сатып ала және банктермен сауда шарттарын жасай алады.
Қайтарымды лизинг немесе лизбэк еншік иесі (мысалы, зауыт) оны алдымен болашақ лизинг берушіге сатумен басталады, ал кейін өз осы обьектіні сатып алушыдан жалға алады, яғни бір тұлға (бастапқы меншік иесі) сатушы ретінде де лизинг алушы ретінде де болады. Нәтижесінде жабдық иесі ғана ауысады,ал оның тұтынушысы өзгермейді де өз иелігіне қосымша қаражаттар алады. Ал инвестор (сатушы) мәнісі бойынша, бұрынғы меншік иесін қаржыландырады, және кепілге міндеттемелердің орындалуын қамтаасыз ету тәсілі ретінде мүлікке меншік құқығын алады.
Тікелей қаржылық лизинг (direct financing leasing ) мәмілеге үш тараптың қатысуын көздейді: жеткізуші, лизинг алушы, және лизинг беруші.
Мүліктің дайындаушысы немесе сатушысы болып табылмайтын жалға берушімен өз еркімен жүзеге асырылады. Мәміленің аяқталу сәтіне қарай обьектіні иелену құқығы жалға алуға берілуі керек. Шарт ережелері мүлікті саудаға қатысу арқылы сатып алу құқығын көздейді. Аренда мерзімі лизинг обьектісінің эканомикалық негізделген мерзімінің 70-80% құрайды. Минималды лизинг төлемдерінің дисконтталған құны жалданатын обьектінің нақты құнының 90% құрайды, одан лизинг беруші ұстап қалатын инвестициялық салықтық несие шегеріліп тасталады.
Вендор - лизинг ( АҚШ та «vendor leasing», ал Еуропада-sales-aid lease деп аталады), оның тікелей лизингпен ұқсастықтары көп, себебі ондай лизингті сатушының (жеткізушінің) өзі бастайды, ал оның мақсаты бақыланып отырған лизинг компаниясы арқылы өз өнімін өткізу аймағын кеңейту. АҚШ та осындай кесте бойынша 2006 ж. 99 компаниялармен 48 млрд.долл. (жылдың ішінде жасалған барлық шарттардың 22,8%) астам сомаға лизинг шарттары жасалған. Ұлыбританияда 2006 ж. жасалған осыған ұқсас шарттардың құны 7 млрд.фунтов стерлингке жуық соманы құрады неесе осы елдегі лизинг бизнесінің жалпы көлемінің 1,3 жуығын құрады.