Елтаева Қ. Е. Алматы: ҚазҰАУ, 2018. 80 бет


Ауылшаруашылық малдардың лизингі



бет20/40
Дата27.09.2024
өлшемі206,63 Kb.
#205240
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   40
Байланысты:
Лизинг дәрістер жинағы

5.4 Ауылшаруашылық малдардың лизингі. Басым ұлттық бағдарламаларды жүзеге асыру мал шаруашылығы өнімдерінің нарығы өсуінің негізінде мал шаруашылығының жедел дамуын талап етеді.
Өндіріс дамуының, мал шаруашылығы саласы пайдалығы мен оның даму интенсивтілігінң маңызды сәті болып өндірістің мамандануы мен шоғырлануы, шағын және орта шаруашылық құрылымдар рөлінің төмендеуі, соның салдарынан, еңбек өнімділігінң артуы табылады.
Көптеген шаруашылықтар кызметінің талдауы олар асыл тұкымды малдың ақысын толығымен бірден төлеуге немесе коммерциялық банктерден несие алуға қабілетсіз екенін керсетіп отыр. Осы жағдайда мал санын көбейтудің нақты тәсілдерініің бірі ретінде лизинг болып табылады.
2008 ж. Басында асыл тұқымды малдар саны, малдардың барлық түрлеріндегі асыл тұқымды жас малдарды сату және импортты ескере отырып, төмендегілерді құрады:
- Ipi қара мал - 253,6 мың бас (4,1%);
- қой - 1200 мың бас (7,3%);
- жылқы - 39 мың бас (2,8%);
- шошқалар - 94 мың бас (6,8%);
- туйелер - 14,5 мың бас (9,7%);
- құстар - 4,2 млн бас (19,2%).
АҚШ, Канадада малдардың жалпы санынан асыл тұқымды малдың үлесті салмағы 20-30% құрады. Қазақстанда асыл тұқымды малдың санын 25% дейін көбейту жоспарланып отыр яғни, ipiқара мал бойынша 6,1 есе (1547 мың бас), қойлар - 3,4 есе (4,1 млн), жылқылар - 8,9 есе (300 мың), шошқалар - 3,7 есе (348 мың), (түйелер - 2,6 есе (36 мың) және құстар - 1,8 есе (8 млн).
Ресей тәжірибесі көрсетіп отырғандай, қазіргі заман жағдайында лизинг бойынша кез келген асыл тұқымды мал алуға болады: ipiқара мал, қойлар, шошқалар және құстар.
Тұқымдық құрамды жақсарту мақсатында 1700 бас құнажындар мен тайшалар әкелінді соның ішінде АҚ «ҚазАгроҚаржы» арқылы 1,0 млрд, теңгеге Канададан 1504 бас голштин тұқымынан өнімділігі жоғары сүтті мал әкелінді. Сиырлардың өнімділіг күніне 22 л сүт құрайды.
Ipiқара мал асыл тұқымын дамыту үшін АҚ«ҚазАгроҚаржы» арқылы 3 жылда (2009- 2011жж.) кем дегенде - 9 мың бас 5,4 млрд, теңгеге мал сатып алынуы керек.
Қаржылық лизинг шарттары бойынша қосылған құнға салынатын салықтан босатыла отырып асыл тұқымды малдар сатып алынды. Бұл әкелінген малдардың құнын төмендетуге, екі пилотты жобаларды: «Қазіргі заманғы жабдықтары бар және шет ел селекциясындағы өнімділігі жоғары малдары бар ipi тауарлы кешендерді құру» жузеге асыруға қатысқан лизинг алушының қаржылық салмағын төмендетуге мүмкіндік берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет