Елтаева Қ. Е. Алматы: ҚазҰАУ, 2018. 80 бет



бет16/40
Дата27.09.2024
өлшемі206,63 Kb.
#205240
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   40
Байланысты:
Лизинг дәрістер жинағы

Қайталау сұрақтары:

  1. Қаржылық лизинг

  2. Қаржылық лизингке тән ерекше белгілері

  3. Тікелей қаржылық лизинг

  4. Халықаралық (сыртқы) лизинг

  5. Топтық (акционерлік) лизинг

  6. Лизингті қолдаудың басқа түрлері

  7. Қызметтер нарығында лизингтің түрлері

  8. Көлік тракторы паркін жаңартуға кедерге болып табылатын негізгі қағидалар

  9. Лизинг туралы әрекет етуші заңның маңызды проблемасы

  10. Лизинг компаниялары заңнаманың кемшілігі



Дәріс №7-8
Тақырыбы: Қазақстанда ауылшаруашылық лизинг дамуының мақсаттары мен міндеттері

Ауыл шаруашылығына ресурстарды тартудың эканомикалық механизімі бәсекеге қабілетті қаржылық тұрақтылығы бар ауылшаруашылығы өндірісін қалыптастыруға өз ықпалын тигізеді. Ол үшін саланың негізгі капиталына инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар, оларды жүзеге асыруды қаржылық қолдаудың кешенді шаралары қажет.


Жабдықтарды сатып алудың өзге тәсілдеріне қарағанда (жеткізу фактісі бойынша төлеу, бөліп төлеу шартымен сатып алу, банк несие және т.б).
Лизингтің елеулі артықшылықтары бар: жалдаушы кәсіпорынға бір жолғы ірі төлемдерсіз және қарыз қаражаттарын тартпай ақ өндірісті кеңейтуге мүкіндік береді, ликвид қаражаттарының шектеулі болу проблемасы шешіледі. Жабдықтарды сатып алуға кеткен шығындар шарттың әрекет ету мерзіміне теңдей таратылады, активтердің басқа түрлеріне салу үшін қаражаттар босатылады. Арендалық төлемдер жабдықтарды орнатып, пайдалануға қосқаннан кейін төленеді, сондықтан жалға алушының жалданатын жабдықтар өндірілетін өнімді өткізуден түскен қаражаттары есебінен төлеу мүмкіндігі болады және т.б.
Лизинг несие беру нысандарының бірі бола отырып, лизинг алушыға төлемді лизинг лизинг мерзімі ішінде бөліп төлеуге мүкіндік береді. Қазақстандық нарықта лизинг мерзімі қол жетімді ақшалай несиелеудің мерзімінен ұзақ болып табылады. Лизинг лизинг алушының таза пайдасын сақтап қалып, оның қаржылық тиімділігін төмендетпей негізгі қорларды толықтыруға мүкіндік береді. Агроөнеркәсіп кешеніндегі лизинг ерекшеліктері техникамен қатар, мал алу шаруашылығын көтеру үшін асыл тұқымды мал сатып алу мүмкіндігімен шартталады.
Лизингтің артықшылығы ол табыстық түсімдердің болжамына негізделген, яғни несие тарихына емес бизнес жоспарға негізделген және коммерциялық банктерден алынатын саудалар алған кезде қойылатын талаптарға сәйкес келмитін лизинг алушылардың инвестицияларға қол жетіді болуын қамтамасыз етеді. Бірақ лизинг кез келген жағдайда банк саудасынан қымбат болып табылады. Лизинг мәмімлелері делдалдар арқылы жүзеге асырылады, ал олар үстемелерін орнатады. Сонымен қатар, көптеген ауылшаруашылақ кәсіпорындары үшін қымбат жабдықтарды лизингке алу үшін кедергі болып аванс төледерін төлеу табылады. Ауылшаруашылық кәсіпорындардың лизинг қызметтеріне қол жетімділігін қамтамасыз етуге бағытталғандықтан субсидиялық несиелеу.
Лизинг операцияларының артықшылықтар төмендегілерде көрініс табады:
- қамтамасыз етілген ликвидтік: аса қымбатты жабдықтарды сатып алу қажеттілігі жойылады. Шығындар тең көлемде шарттың әрекет ету мерзіміне таратылады. Кәсіпорын жабдықтың жаңа түрін ликвидтігі болмаса да алады;
- баланстық артықшылық: заем капиталы сырттан тартылайды және баланста өзіндік капитал мен заем капиталының арақатынасы көрсетіледі;
-жоғары икемділік: лизингтік несиелеу арқылы капитал салымдарын орта және ұзақ мерзімді қаржыландыруға қарағанда нарықты коньюнктураның өзгерістеріне жедел түрде әсер ету мүмкіндіктері пайда болады;
- салық салуда: лизинг төлемдері бойынша енгізілген соммалар төлем жылына есепке алынады. Шарттың икемді мерзімдері болғандықтан, лизинг шартының ерзімі өте қысқа болған жағдайда салық төлеуді кейінге қалдыру тиімділігіне қол жеткізіледі.
Лизингті пайдалану оған қатысушылардың барлығы үшін жеткізуші, жалдаушы және жалға беруші тиімді болып табылады. Бұл жерде жеткізуші өз өнімін сату көлемдерін ұлғайтады, өндірілген көліктер, жабдықтар, құралдар қондырғылар және өзге де материалдық техникалық құралдарды өткізуінің кепілденген көлеміне ие болады, ал ол оның тиімділігінің дәлелі болып табылады.
Ауылшаруашылық өнімді қайта өңдеу бойынша ауылшаруашылық техника, жабдықтардың лизингіне кіретіндер:
- ауылшаруашылық мақсаттағы өнімді қайта өңдеу бойынша кәсіпорындар үшін ауылшаруашылақ техника, жабдықтардың қаржылық лизингі бойынша сыйақы мөлшерлерін өтеу;
- ауылшаруашылық техника, узелдер мен агрегаттардың, оларға бөлшек заттардың өндірісі бойынша екінші деңгейлі банктердің олардың айналымдағы қорларын толықтыру үшін несиелер бойынша сыйақы мөлшерлерін субсидиялау;
- отандық және шет елдік өндірістегі ауылшаруашылық көлік құрылысы өнімдерін сынақтан өткізу және оларды түрде сертификаттау;
- сүт өндіру процесстерін, қойларды механикалар қолдана отырып, жүнді қырқу, жемтік дайындап қамтаасыз ету, мал сою процестерін автоматтандаруға маманданған сервис орталықтардың құрылуына көмектесу;
- өндіруші зауыттар мен жабдықтарды жеткізу шарттары туралы қажетті мәліметтері бар техника мен жабдықтардың халықаралық каталогтарымен, жарнамалық проспектілерімен қамтамасыз етуде мемлекеттің көмегі;
- үкімет басым бағыт ретінде бекіткен бағдарламалар ішінде қайта өңдеу өндірістері үшін қолданылатын импорттық жабдықтарды үш жыл ішінде кеден баждарын төлеуден және мүлікке салынатын салықты төлеуден босату;
- ішкі және сыртқы нарықтағы қажеттіліктер мен потенциалды сұранысын ескере отырып ауылшаруашылық техника өндірісі дамуының проспективалық бағыттарын анықтау;
- инновациялық жобаларды жүзеге асыру үшін инвестицияларды тарту, олар бәсекеге қабілетті өнім шығаруға бағытталған;
- мемлекеттік техникалық инспекцияның қызмет етуі;
- асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау.
Лизинг қатынастарының дамуын зерттеу нәтижелері көрсетіп отырғандай, олар осындай қызметтерді пайдаланудың эканомикалық пайда мен мақсатына сай болуы көрсетіледі. Пайда лизинг үшін де лизинг беруші ішінде өзара тиімді болып табылады. Өзара пайда сипаты эканомика дамуының маңызды тетігі болып табылады.
Бұрын талданған лизинг артықшылықтарының көпшілігі ішінде, біздің ойымызша, нарықтың шектелген мөлшеріндк оны пайдалану мүмкіндігін атап өткен жөн. Қазақстан үшін осы артықшылық өте маңызды болып табылады, себебі, оның нарығының көлемі шектеулі.
Республикалардың қайта құруға дейінгі дамудың интеграциялық саясат шегінде бір республиканың нарығы эканомикалық тұрғыда бағаланбағанын айта кеткен жөн, себебі, шикізат ресурстарын тиімді және теңдей пайдалану қағидасы қолданылады. Бұл өз кезегінде ірі кәсіпорындардың құрылуын талап етті, ал олардың өткізу нарығы ретінде республика болған.
Лизинг қызметін институцианалды қамтамасыз етілуін ұйымдастыруы мен дамуы келесі шараларды жүзеге асыруға бағытталған:

  • Әрбір субьектінің бәсекеге қабілетті бағыттарын дамыту;

  • Бірін бірі жоятын инвестициялық бағыттарды бөлу;

  • Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді инвестициялауды жүзеге асыру;

  • Осы бағыттағы пайданы максимизациялаудың мүмкіндігін орындау;

  • Инвестициялау үшін қаржылық институттарды пайдалану;

  • Теңестірілген инвестициялық портфелдерді қалыптастыру;

  • Тәуекелдердің неғұрлым төмен болуын қамтамасыз ету;

  • Қаражаттарды салуға жаңа қатысушыларды тарту;

  • Жаңа технологиялар өткізушісі ретінде сыртқы инвестициялар тартылуын қамтамасыз ету;

  • Қаржылық құралдарды пайдаланудың тиімділігін арттыру.

Осындай түсіну лизинг ерекшеліктерімен шартталады. Лизинг обьектісі бір уақытта меншік ретінде лизинг берушіге тиесілі болады және лизинг алушының капиталды қызметін атқарады, соның салдарынан лизинг меншік қатынастарын жүзеге асырудың тәсілі болып табылады. Осылардың негізінде лизинг қатынастарының келесі қағидалары анықталған:

  • Меншік иесі мүлкін пайдалану құқығын ерекшелеу;

  • Қатынастардың мерзімді болуы;

  • Мүлікті лизинг алушының сатып алу құқығы;

  • Қатынастардың өз еріктілігі, инновациялық;

  • Шарттық қатынастар, мүлікті қайтарып беру мүмкіндігі;

  • Мүлікке меншік иесінің ауысуы кезінде шарттың бұзылмайтындығы;

  • Мүліктік жауапкершілік;

  • Мақсатты болуы және шартты болуы;

  • Шаруашылық субьектісінің ауысуы;

  • Ақылы болуы.

Лизинг қызмет етуінің қағидаларын қарастыра отырып, олар оны іс жүзінде қолданудың функциялық қамтамасыз етілуін көрсететінін атап кеткен жөн, лизингтің соңғы нәтижесі оның осыған ұқсас қызметтер нарығында банкілік несие қызметтері нарығында бәсекеге қабілеттілігін көрсететінін атап кету керек.
Ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің тұрақты және тиімді қызмет етуі, олар өндірген өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің артуы ауылшаруашылығының материалдық техникалық базасының жағдайына байланысты. Ол ауылшаруашылығын материалдық техникалық қамсыздандыру және қызмет көрсету саласының даму проблемасын өзекті қылады.
Кез келген елдің аграрлық саясаты ол саланың өндірістік күштерін дамытуға бағытталған кезде ғана тиімді болып табылады. Өкінішке орай, соңғы 15 жылда ауылшаруашылығындағы негізгі қорларға инвестициялар үлесі қысқарып жатыр, материалдық техникалық база бұзылып, көлктер паркі ескіріп жатқаны орын алады. Кәсіпорындардың басым көпшілігі техникалық қалып қалуы салдарынан интенсивті әдістерге көшті және олардың қызметі толығымен ландшафты және ауа райы жағдайына байланысты болып отыр. Сала аралық ауысудың диспропорция мәселелері шешілмеген болып табылады. Сондықтан, бәсекелестік жағдайында орындалу үшін жаңғырту негізінде және ауылшаруашылығының материалдық техникалық потенциалын тиімді пайдаланудың негізінде өндірісті технологиялық қайта құрулар қажет болып табылады.
Аграрлық саясаттың тиімділігі көбінесе ауылшаруашылығының материалдық техникалық базасының дамуына байланысты. Өндірістік потенциалды рационалды түрде пайдаланудың, көлік трактор паркін жаңғыртудың, ғылыми техникалық прогрестің даму деңгейіне сәйкес қазіргі заманғы және сапалық техникалық сервис проблемалары аса шешуші болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет