АҚ «ҚазАгроҚаржы» аркылы малдарды алу үшін төмендегілерді анықтау қажет: - асыл тұқымды малдардың қайсысын сатып алу жоспарланып отыр (тұқымы, жыныстық жастық тобы);
- малдар саны, қай елден.
Асыл тұқымды малдарды сатып алу үшін өтінімді берер алдында төмендегілерді ескеру керек:
ғимарат мен жабдықтар;
жемтік базасы;
кәсіпорында асылдандыру жұмыстары жүргізіліп жатыма және мамандармен қамсыздандырылуы;
малдарды ұрықтандыру.
Асыл тұқымды малдарды сатып алған кезде шарттың әрекет ету мерзімінде олардың сақталуы қамтамасыз етіледі, ол АҚ«ҚазАгроҚаржы» ескертіледі:
белгіленген үлгідегі өтінім мен анкета;
құжаттардың қажетті жиынтығы;
кепілдік қамсыздандырылуы;
келісілген кепілдік қамсыздандырылуы.
Асыл тұқымды малдарды лизингтік негізде іріктеген кезде ескерілетіндер:
ауылшаруашылық кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығы;
асыл тұқымды малдарды қабылдау ушін ғимарат пен жабдықтардың дайындығы;
кепілдік қамсыздандыруды 6ipжылдық төлемге беру мүмкіндігі.
Қаржылық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етумен жұмыстың әдістемесі. Қаржылық аренда (лизинга) шартын, бөліп төлеу шартымен сатып алу сату шартын, материалдық техникалық ресурстар мен асыл тұқым өнімдерін жеткізудің өзге де шарттарын жасасудың міндетті шарты болып контрагенттердің төлемдер бойынша міндеттемесінің орындалуын қамсыздандыру табылады.
АҚ «ҚазАгроҚаржы» заңмен көзделген міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің барлық түрлерін қабылдайды: кепіл, кепілдік, банк кепілдігі, мемлекеттік кепілдік, тәуекелдерді сақтандыру және т.б.
Қамтамасыз ету көлемі котрагенттің лизинг шарты бойынша немесе аванс телемдерін алып тастай отырып, басқа да шарттар бойынша міндеттемелер сомасы ретінде анықталады. Қамсыздандыру көлемін АҚ «ҚазАгроҚаржы» контрагенттің қаржылық жағдайын, оның несиелік тарихын және өзге де факторларды ескеріп» анықтайды. Қамсыздандырудың минималды көлемі мәміле бойынша жылдық төлем сомасынан кем болмауы керек, лизинг шарты немесе өзге де шарт әрекет ету мерзімі бойынша қамтамасыз етуді жыл сайын қайта рәсімдеу шартымен.
АҚ «ҚазАгроҚаржы» міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуге қоятын негізгі талап қамтамасыз ету пәнінің сенімділігі мен ликвидтігі, сондай ақ беріп отырған қамсыздандырудың құкықтық нормаларға сәйкес болуы.
Қамтамасыз етуді бepіп отырған тұлғаның қаржылық тұрақтылықы болып ұйымның қалыпты қызмет ету қабілеттілігі, сыртқы факторлардың ықпалына қарамастан есеп айырысулар бойынша міндеттемелерін уақытында және толық орындау қабілеті танылады. Қаржылық тұрақтылық қаржылық көрсеткіштер бойынша есептеледі, ол АҚ «ҚазАгроҚаржы» нормаларымен есептеледі кәсіпорын пайдалы, рентабельдік қаржылық тәуелсіз, компанияның таза активтерінің құны он және қамтамасыз етіліп отырған міндеттемелердің құнынан жоғары, өзіндік айналымдағы қорлары, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді міндеттемелері бойынша төлем қабілеттілігі, болуы қажет.
Қамтамасыз ету пәнінің сенімділігі сәйкес мүліктің өзіндік тұтынушылық, пайдаланушылық және өзге де пайдалы сипаттамаларын ұзақ мерзім сақтау және пайдалану кезінде сақтай қабілеттілігін көздейді.
Қамтамасыз ету пәнінің өтімділігі міндеттемелерді өтеу үшін максималды мүмкін баға бойынша қамтамасыз ету пәнін өткізу деген мағынаны білдіреді.