Елтаева Қ. Е. Алматы: ҚазҰАУ, 2018. 80 бет


Шартты қарастыру жоспары және лизинг мәмілелерінің



бет22/40
Дата27.09.2024
өлшемі206,63 Kb.
#205240
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   40
Байланысты:
Лизинг дәрістер жинағы

Шартты қарастыру жоспары және лизинг мәмілелерінің лизинг шартын жасау ушін:
- АҚ «ҚазАгроҚаржы» өтінім беру;
- жарғылық және қаржылық құжаттар беру;
- кепілдік қамсыздандыру, оның нысаны мен көлемі бойынша келісімге келу қажет.
Лизинг мәмілесін қарастыру мерзімі - құжаттардың толық кешенін, өтінімді беріп, кепілдеме қамсыздандыру құрылымын келіскеннен кейін екі апта. Лизинг алушылардың калауы бойынша төлемдер тоқсан сайынғы, жарты жылдық (жарты жылдық болғаны дұрыс, ceбебi, ауылдықтардың табыстары ауылшаруашылық өнімін өндірудің технологиялық циклына байланысты) және жылдық болуы мүмкін, сондай ақ телемді 1 жылға шегеру мүмкіндігі бар. Компанияның жұмыс нәтижелері туралы лизинг алушы жазбаша хабарландырылады.
Лизинг мәмілесін мақұлдаған жағдайда АҚ,«Қаз АгроҚаржы» және лизинг алушы компания шартқа мөр басып басшылары қолдарын қояды. Бip уақытта тауар жеткізушілері мен тауар жeткiзiлiмi шарты жасалады.
Тауар жеткізілімі шарты бойынша лизинг пәнін сатып алу лизинг алушы лизинг шарты бойынша аванс телемдерін толығымен төлеген күннен бастап 2 жумыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Асыл тұқымды малдарды сатып алу шарттары. Асыл тұқымды малдар (ipi қара мал, қойлар, шошқалар) қаржылық аренда (лизинг) шарттары бойынша алынады:
- шарттар бойынша есеп айырысу мерзімдері -5 жылға дейін;
- аванс телемдері - 7% бастап;
- жылына қымбаттау 2,3% артық емес;
- ҚҚС-12%.
Асыл тұқымды малдар (ipi қара мал, қойлар, шошқалар) бөліп төлеу шартымен сатып алу сату шарттары бойынша:
- есеп айырысу мерзімдері - 5 жылға дейін;
- аванс телемдері- 7% бастап;
- жылына қымбаттау 0,9% дейін;
- ҚҚС - 0%.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет