Байдәулет Асылзат
Индивид және қоғам
Рөлдік тұжырымдама Американың әлеуметтік психологиясында XX ғасырдың 30-жылдары пайда болды. Оның ірі өкілдері Кули Чарльз Хортон (1864-1929), Мид Джордж Герберт (1863-1931), т.б. Кули Ч.Х. «шағын кіші» топтар теориясына негізін салушылардың бірі, оның «Зеркальное я», «Человеческая природа» и «Социальный порядок» (1902), «Социальная организация» (1909), «Социальный процесс» (1918), «Социологическая теория», «Социальное иследование» (1930) деген еңбектері бар. Кулидің жалпы әлеуметтік теорияларының негізінде әлеуметтік ұйым және сананың әлеуметтік процестерді қалыптастырудағы шешуші рөлін мойындап жатыр. Ч.Кули тұлғаның қалыптасуы айналасындағы адамдармен алуан түрлі қарым-қатынастармен байланыстар негізінде болады деп тұжырымдады. Осылардың негізінде адам өзінің «Айнадағы мен» деген имиджін жасайды. Ол 3 элементтен тұрады:
Жұрт мені қалай қабылдайды;
Жұрт менің сыртқы түріме қалай әсер етеді;
Мен жұрттың тигізген ықпалына қалай жауап беремін.
Бұл теория біздің қоғамдық пікірді қалай қабылдап, оған қалай жауап беру керектігін түсіндіреді.
Ал Мидтің, әлеуметтану теориясының пайда болу негізінде өткендегі болған әрекет, оқиға ұғымы жатыр. Бұл акт ұғымы әрекеттеуші субъектіні шынайы өмірді қабылдаудағы ерекшелігін анықтайды. Мидтің пікірінше әрекет етуші субъект кең мағынада физикалық «субъект», «тірі форма», әлеуметтік «мен» ретінде қарастырылады. Мид тұлға өзінің «менін» қалай алға дамытатынын түсіндіруде тіпті тереңдеп кетті. Кули сияқты Мид тұлға, яғни «мен» деген ұғым әлеуметтік дамудың жемісі, ол өзі сияқты адамдармен әр түрлі қарым-қатынас байланыстар негізінде қалыптасады деп санайды.
Достарыңызбен бөлісу: |