Талдау көрсетіп отырғандай, несиеге сұраныстың бар болуы келесі факторларға байланысты болып табылады:
инвестицияларда қажеттілік немесе негізгі қорлардың маусымдық жетіспеушілігін толықтыру;
несие ресурстарына төлем қабілеттілігі бар сұраныстың бар болуы, яғни несиенің негізгі сомасы мен пайыздарды қайтару мүмкіндігі; кепілдік қамтамасыз ету немесе кепілдіктің болуы;
дұрыс несие тарихы;
тәуекелді сақтандыру мүмкіндігі;
Ұсыныс үшін, яғни, несие ұйымдары үшін келесі шарттардың болуы қажет:
несие берушілерді құқықтық қорғау;
несие ресурстарының жеткілікті көлемінің болуы;
несие мекемелерінің тәуекелдерін төмендетудің тиімді механизмдердің болуы;
ауыл аймақтарында несие мекемелері желісінің болуы;
аграрлық сектордың ерекшеліктерін білу.
Бәсекеге қабілетті өнім өндіру үшін агроөнеркәсіптік кешеннің дамуына 2009-2011 ж.ж. жалпы құны 884,2 млрд, тенге шаралар кешенін енгізуге, соның ішіннде, ауылшаруашылық техниканы сатып алуға 798,6 млрд, тенге (90,3%), сүттік таурарлы фермалар, жылыжайлар, құс фабрикаларын, жемтік алаңдарды, жүнді қайта өңдеу бойыншакомбинаттарды, ет өнімдерін өңдеу кешендерін салуға 71,5 млрд, тенге (8,1%) қажеттілік туындайтынын есептер көрсетіп отыр.
Несиелеудің қайнар көздері ретінде лизингті пайдалану аркылы алынатын сомалар болуы керек. Оның сомасы, есепте көрсетіп отырғандай, үш жылда 293,0 млрд, тенге, соның ішінде мемлекеттік ресурстар есебінен - 185,3 млрд, тенге (63,2%) және 107,7 млрд, тенге (36,8%) лизинг компанниялары мен шетелдік инвесторлардың (9 кесте).
Осындай есептер мемлекеттік бюджетте 2009-2011 ж.ж. 500 млрд, тенге көлемінде көзделеді. Сонымен қатар, аграрлық өндірістің тиімділігін арттыру үшін субсидиялау нысандары ұсынылады. Бұл мемлекеттік қаржылық қолдауды дамыган елдер қатарына жатқызуға мүкіндік беред. Сонымен қатар, 260 жуық жаңа өндірістер 35 мың жұмыс орындары жасалады. Негізгі капиталға инвестицияларға жалпы қажеттіліктің барлық лизинг шарттарының үлестік салмағы 13,4%.
Жоғарыда көрсетілген факторлар несиелеудің дамыған нарығын қамтамасыз етеді және инвестицияларды тартудың алғышарттары болып табылады.
Есептеулер көрсетіп отырғандай, ауылшаруашылық өндірісіне лизингті тарту қосымша 37,4 мың тонна сүт, 8,2 мың тонна ет, 47,8 мың тонна көкөністер тартуға мүмкіндік береді. Өнімді сатудан түскен түсімнің қосымша көлемi 15 млдр. теңгені құрайды (10 кесте).
10-кесте. Қазақстанның ауылшаруашылық өндірісіне лизингті енгізудің экономикалық тиімділігі
Қызмет түрі
Көлемі, га, бас
өнімдер ц/га, кг
Өнім өндіру, ц
1 өнімнің бағасы,мың тг
қосымша пайда млрд, теңге
әдеттегі гехнология
ұсынылатын
әдеттегі технология кезінде
ұсынылатын
Қосымша өнім өндіру
Асыл тукымды
107000
2500
60
268000
642
37400
10
3740
мал (сут) сатып
00
000
0
Алу
Тамшылап
1000
180
54
81000
540
45900
7
3213
сугару
00
000
0
(кекешстер)
Малды
55000
1,5
3,0
82500
165
82500
95
7838
Тамактандыру
000
(ет)
Жабык
71
30
30
2130
213
19170000
12
230
грунттагы
0
00
кекешстер
Барлыгы
15021
Аграрлық секторды несие ресурстарымен ары қарай қамтамасыз ету үшін және ауылдағы бизнестің дамуына кедергі жасайтын проблемаларды жою үшін:
- ауылға несие берудің институционалды жүйесін дамыту;
- ауылдық несие серіктестіктерін құру және олардың ары қарай дамуы;
- ауылшаруашылық өндіріс инфрақұрылымын қалыптастыру және несиелеу;
- ауылдағы ауылшаруашылық емес бизнесті несиелеу;
- өзара сақтандыру қоғамдарын құру.
Ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің мүдделілігін арттыру мақсатында өндірістік тәуекелдерден шығындарды өтеу үшін ақша қаражаттарын шоғырландыру арқылы ОВС құру ұсынылады. Сонымен қатар, ауылшаруашылық тауар өндірушілерде ОВС тарапына кепілдік міндеттемелерін орындауында, сақтандыру жагдайлары бойынша төлемдер төлеуге сенімділігі жатады.
Агролизинг қызмет етушінің отандық және шетелдік тәжірибесін зерттеу көрсетіп отырғандай, тиімді жұмыс жасайтын лизинг кестелерін жасау үшін өзара серіктестік және өзара пайда қағидаларына негізделген мемлекет пен коммерциялық фирмалардың бірігуі қажет болып табылады. Банктер мен жеке лизинг компанияларының инвестициялық белсенділігін арттыру және олардың қаржылық тәуекелдерін төмендету үшін лизинг алушылардың осы қызметтерді жеткізіп берушілер алдындағы міндеттемелердің орындалуын мемлекеттің кепілдік беру механизмдерін арқылы ауылдық тауар өндірушілерді бюджеттік қолдау қажет. Сондықтан, лизинг мәмілелері бойынша мемлекеттіің кепілдік беру қорын құру ұсынылады (ЛММКҚ). Ол әр түpлi деңгейдегі бюджеттердің қаражаттарының бір бөлігі есебінен құрылады, оны мемлекет ауылшаруашылық кәсіпорындарды ехникалық қаруландыруға бағыттайды. Жоғарыда аталған орган үкіметінің өкілі ретінде лизинг мәмілелері бойынша кепіл беруші болып табылады, атап айтқанда, төлемдерді қамтамасыз етуі бойынша. Осы механиздер маңызды ынталандыру ролі мемлекеттік кепілдік мөлшеріне беріп отыр. Шет елдерді тәжірибесі көрсетіп отырғандай, олар заем сомасына қарай дифференцияланған түрде бекітілуі керек және лизинг берушілер мен олардың несие берушілеріне түспеген сомалардың 70-80% қамтамасыз етуі керек. Ресейде осы турғыда жасалған жұмыстар күткен жетістіктерге әкелмегенін атап кеткен жөн. Ceбeбi, несие берушілерге берілген кепілдіктердің деңгейін өте төмен болды (заем сомасынан 40% қаражаттар).
Бюджет қаражаттарын қолданып коммерциялық лизинг бағдарламасын жүзеге асыру келесі түрде болуы мүмкін. Мемлекеттік тапсырысберуші (Қазақстан Республикасының ауылшаруашылық министрлігі) лизинг кестесі бойынша белгілі бір тауарлы материалдық ресурстардың белгіленген көлемін жеткізіп беруге жеке компаниялар арасында тендер жариялайды. Конкурстық негізде ең тиімді бизнес жобалар іріктеледі оларды лизинг компаниялары екінші деңгейлі банктермен қатар жасайды. Мемлекеттік тапсырысты орындау үшін лизинг компаниялары банктен несие алады. Лизинг төлемдерінің қайтарылуы және банктің пайыздық ставкалары мен мүдделерінің қайтарымдылығы мемлекет мүддесін білдіретін ЛММКҚ кепілденеді. Содан кейін лизинг компаниялары өндіруші зауытпен кепілденген зауыт бағалары бойынша техника мен жабдықтарды жеткізу шартын жасасады.
Сатып алған техниканы олар тауарлы несиеге айналдырады да ауылшаруашылық өнімін өндірушіге береді. Лизинг алушы көліктерді, механизмдерді жабдықтарды пайдалана отырып, жаңа өнім - тауар шығарады, оны сатып лизинг төлемін қалыптастырады да лизинг берушімен есеп айырысады. Сонымен қатар, лизинг компаниясымен алынған төлемдер банкке қайтарылады және олар өзара келісім бойынша қайтадан айналымға түседі. Аймақтардың экономикалық потенциалының бар тәжірибесінің негізінде лизинг қызметінің координациясы бойынша комиссия құру ұсынылады. Ол конкурстық негізде ең тиімді лизинг операцияларын жүзеге асырады. Ол лизинг пәндері номенклатурасы мен олардың жиынтық көлeмдepiнiң қалыптастуына, облыстық бюджеттен түсетін қаражаттарды пайдаланудың басым бағыттарының қалыптасуына лизинг төлемдерінің қайтарылуына және т.б. өз ықпалын тигізеді.
Лизинг қатынастарын жетілдіру қаржы қаражаттарының шектеулі мәселелерін шешуге, ауылшаруашылық техника мен жабдықтарды сатып алуға шығындарды теңдей бөлуге, лизинг төлемдерін бекітілген кесте, қарапайымданған кестелер бойынша төлеуге мүмкіндік береді. Ол тәуекелдерді төмендетеді және ауылшаруашылығына инвестициялық салымдар тартады. Ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерді материалдық техникалық қамсыздандыру мен оларға қызмет көрсетудің прогрессивті нысаны ретінде лизинг жүйесі негізінде әрекет ететін агросервис кәсіпорындары мен көлік техникалық станцаларды салу табылады. Аграрлық сектордың экономикалық мүдделерін қорғау осы процессте лизинг қызметтері нарығында тікелей қызмет ететін банк мекемелерінің, өнеркәсіптік өндіруші кәсіпорындардың, мамандандырылған лизинг фирмалары мен компанниялардың, дилер мекемелерінің қатысуын талап етеді.
Лизинг операцияларын жүзеге асыру тәртібі нарықтық индикаторлармен толық сәйкестік кезінде жүзеге асырылуы керек. Бул аудандық кәсіпорындар жepгiлiктi деңгейде аулылшаруашылық кәсіпорындардың әр түрлі көліктер мен жабдықтарға төлем қабілеттілігі бар сұранысты анықтап, шет елдік фирмалардың дайындаушы зауыттарына, сондай ақ республика ішінде лизинг төлемдерін қамтамасыз етуі керек деген сөз. Олар техника бағасы мен өзге де лизинг құралдарының құнын өтеудің белгілі бір кепілі болып табылады. Бұнда мүлік жалға берушіден жалға алушыға өтетіні маңызды.
Сонымен қатар, әрбір ауданда лизинг бөлімшелерін құру қажет, олар күрделі және қымбат техниканы жалдау шарты бойынша қызметтер көрсетеді, ал материалдық техникалық мақсаттағы ауданаралық және облыстық базаларды акционерлік үлгідегі сауда уйлеріне айналдыру қажет, олар жеткізушілер (дайындаушы зауыттар) мен тұтынушылар арасныдағы өзара әрекеттерді
қамтамасыз етеді. Қызмет көрсетудің осы нысаны жағдайында құрылтайшы акционерлер аудандық және облыстык звенодағы агроқызметті қамтамасыз ету қызмет көрсетудің тиімді қызметіндемүдделі болып табылады. Бұнда сауда үйлері материалдық техникалық құралдарды дайындаушы зауыттардың мемлекеттік емес құрылымдарының құрылтайшыларының бірі болып табылады және көтерме делдал фирмаларының дамуына мүдделі болып табылады.