Біздің ойымызша төмендегілер арасындағы келесі тәуелділіктердің арасында:
несие алу мен шаруашылықтар тиімділігінң арасында;
шаруашылықтардың несиеге қол жеткізілуі мен олардыңлизингке қатысуы арасында;
лизингке қатысу мен шаруашылықтардыңтөлем қабілеттілігі арасында;
кәсіпорындарды мемлекеттік субсидиялау мен олардың несиеберуге қол жеткізуі арасында.
AӨK саласында лизингті тиімді пайдалану үшін төмендегілерді көздейтін стратегия негізделген:
Лизингті пайдалану географиясын кеңейту;
ауылшаруашылық тауар өндірушілермен тікелей шарт жасасу арқылы жағдайларды қоса, лизинг алушылар санын көбейту;
техниканы жасаушы зауыттармен тікелей байланыстарды орнату;
жеткізіліп отырған техниканың құрамымен мен номенклатурасын ауылшаруашылық мақсаттағы автокөлік пен жабдықтар есебінен құрылыдандыру. Олар ауылшаруашылық өнімдерді сақтау, қаита өңдеу,өткізу бойыншаисатылардың жабық циклын қамтамасыз етеді;
лизингке берілетін техникалық жэне автококөлік құралдарыныңкепілдік және кепілдік мерзім өткеннен кейінгі құрылымдарын ұйымдастыру;
облыстарда (аудандарды) лизинг қызметтерін көрсету бойынша нарықтарды жасау, ол техниканы лизингтік жеткізу бойынша жағдайды еөзгертуге мүкіндік береді;
ауылшаруашылық техника нарыгының көлемін анықтаубойынша терең маркетинг зертгеулерін жасау;
отандық және шет елдік коммерциялық банктердің несиелері есебінен ауылшаруашылық техника лизингін қаржыландырудабюджеттен тыс қаражаттарды пайдалану;
Қазақстандық ауылшаруашылық техниканы жеткізу бойынша ТМД елдерінің лизинг қызметтері нарығында жұмыс жасаитын компаниялармен ынтымақтастық орнату;
Ауылшаруашылық өнімін өндірушілерді егістік жұмыстарда өжеттілігін қамтамасыз ету және ауылшаруашылық техниканы пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында аумақтық КТС жасау;
лизингке беріліп отырған жабдықтар мен техниканың номенклатурасын кеңейту;
басқа шаралармен қатар, нормативтік құқықтық және ұйымдастырушылық-әдістемеләк базаны жетілдіру керек, яғни техника мен асыл тұқымды малдардың лизинг қорын пайдалану тәртібін қайта қарау керек.
Ауылшаруашылығын қаржыландыруға және банк жүйесінің мықты қаржылық позициясы несиені орналастырған кезде келесі талаптарды ескере отырып қалыптасуы керек: операциялардың мүмкін болатын табыстылығын бағалау. Ол ауылшаруашылық тауар өндіруші үшін күтіп отырған пайда несие бойынша пайыздарды жабуға, оның қайтарылуын қамтамасыз етуге, өзіне өндірісті ары қарай дамыту үшін қаражаттар қалдырады ма екенін бағалауға мүмкіндік береді. Есептер көрсетіп отырғандай, міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету 30-40% құрауы керек.
Халықаралық тәжірибеге және мемлекеттегі қалыптасып жатқан қолайлы экономикалық жағдайға қарасақ, отандық лизинг қызметі нарығының дамуы агролизинг саласына отандық және шетелдік банктердің қаражаттарын тарту арқылы агролизинг саласына инвестицияларды ынталандыру негізінде жасалуы керек.
Сонымен қатар, мемлекет лизинг операцияларында ауылдағы ауылшаруашылық тауар өндірушілердің кепіл берушісі болуы керек. Осындай көзқарас нарықты реттеудің маңызды құралы болып табылады және жаңа экономикалық жағдайлардағы елеулі мүмкіндіктерге ие болып табылады.
Осы ережені елеулі деп табу керек, мeмлeкeттiк басқарудың нарықтық процесстерге қатысу деңгейі кәсіпорындардың бәсекеге қабелеттілігін дамыту үшін тежелген болуы керек.
Бipaқ, бюджет қаражаттарын лизинг берушілер мен олардың несие берушілеріне мемлекеттік кепілдемелер беру үшін агролизингті тікелей қаржыландыру арқылы пайдалануды қайта қарастыру керек. Ол шарттарды орындамау қауіпін, лизинг төлeмдepi құрылымындағы банк пайыздарының ставкаларын едәуір төмендетеді, беріп отырған техниканың құнын азайтады, аграрлық секторға ipiқаржылық ресурстарды тартады.
Осы мақсаттарға жету үшін лизинг мәмілелері бойынша мемлекеттік кепілдік берудің арнайы қорын құрған жөн. Ол әр түрлі деңгейлердгі бюджеттер есебіне толықтырылып отырады, қазіргі таңда аграрлық кәсіпорындардың техникалық қайта құруына жіберіліп отыр.
Лизинг компанияларына беріліп отырған кепілдіктер мөлшері дифференцияланған болып табылады, ол заем сомасына байланысты және лизинг алушыдан түспеген сомалардың кем дегенде 70-80% жабуы керек. Несиелерді тартуды ынталандыру үшін екінші деңгейдегі банктерге (конкурстық және лицензиялық негізде) салық салу бойынша лизингті қаржыландыру бойынша нақты инвестициялар сомасынан 20% мөлшерінде жеңілдіктер беру.
Осындай жеңілдіктердің қажетті шарты ретінде банктердің несие үшін минималды пайыздық мөлшерлемелерді белгілеуі және шаруашлықтар үшін мемлекеттік лизинг кезіндегі жеңілдік жағдайларын сақтау болуы керек. Осындай жеңілдіктерді алатын банктер лизинг компанияларына минималды мөлшерлеме бойынша несиелер беруі керек, ал соңғылары өз кезегінде лизинг қызметтерін ыңғайлы шарттармен көрсетулері керек.
Тағы да бір маңызды жайт - бұл аграрлық саладағы лизингтің қаржылық тәуекелдерін нақты сақтандырудың болмауы. Қазіргі таңда лизинг компанияларымен ішкі нарықта жасалған мәмілелері сақтандырылмайды, ал бүкіл әлемде бұл кеңінен тараған тәжірибе болып табылады. Дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде арнайы агенттіктер бар, мысалы, КОФАСЕ (Франция), ДГЭК (Англия), Эксимбанк (США), Гермес (Германия), САЧЕ (Италия) және т.б. олар лизинг операцияларын жасаған кездегі тәуекелдерді сақтандырумен айналысады.
Осыған байланысты отандық нарықтағы лизинг мәмілелерінің тәуекелін сақтандыру құқықтық мемлекеттің маңызды атрибуты ретінде, мүмкін болатын құқыққа қарсы әрекеттерден қорғану атрибуты ретінде қарастыруы керек. Сактандыру лизинг шартын біpжақты тәртіпті ешбір негізсіз жалға берушілер лизинг шартын бұзған кезінде ауылшаруашылық жалдаушылар шығындарының кепілі болуы мүмкін. Екінші жағынан, жayaпкepшiлiктi сақтандыру жалдаушылардың арам ниетті және жауапкершіліксіз әрекеттерінен жалға берушiмен олардың несие берушілерін қорғау кепілдігі болуы керек.
Лизинг шартының міндеттемелерін орындау бойынша қаржылық тәуекелдерді қамтамасыз ету үшін арнайы сақтандыру агенттіктерін реттеу факторы ретінде құру дурыс болып табылады. Оларды құруды мемлекет экономикалық шаралар арқылы ынталандыруы керек, яғни салық салудың жеңілдік режимдерімен.
Шетелдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, лизинг операцияларының қаржылық тәуекелдерін сақтандырумен айналысатын осындай агенттіктер әлемнің көптеген елдерінде тиімді әрекет етеді және AӨK саласындағы коммерциялық лизинг дамуының тиіді құралы болып табылады.
Сонымен қаржылай тәуекелдерді кепілдеу мен сақтандырудың ұсынылған нұсқалары агролизинг мәмілелерінің сенімділік деңгейін елеулі түрде жоғарылата отырып, қызметтерді көптеген тұтынушылардың көбеюін қаржылық лизингке қол жетімділігі мәселесін шеше алмайды.
Лизинг төлемдерін төлеу тәртібі тиімсіз болып табылады, оларды қазірігі заманда қолданып отырғандай, тоқсан сайын емес, ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер қызметінің және ауылшаруашылық өнім өндірушілердің нақты қаржылық сомалары түсуінің маусымдық сипатын ескере отырып белгілеуі керек.
Ауылшаруашылық саладағы лизинг компанияларының белсенділігін ынталандыру және лизинг шартарының бағасын төмендетудің басқа бағыты ретінде несиелер бойынша пайыздардың бір бөлігін компенсациялау (жылдық 7-8% астам) табылады. Осындай тәжірибе, мысалы, АҚ «ҚазАгроҚаржы» қолданылады.
Ауылшаруашылық өндірісінде лизинг ic жүзiндe жүзеге асыруды жетілдіру үшін басқа шаралармен қатар техникаға лизинг мерзімін ол моральдық тұрғыда тозғанға 8-10% дейін ұзарту қажеттілігі туындап отыр.
Сонымен, ауылшаруашылық тауар өндірушілерді қолдауда пайдаланылмаған және қолданылмаған резервтер бар, олар ауыл шаруашылығы түріндегі капиталды қажет ететін және қайырымдылығы ұзаққа созылатын салада лизингті пайдалануды ынталандыруы мүмкін.
Республика аумағында әрекет етуші лизинг компаниялары өзінің қызметін ұзақ мерзiмді турғысында қарастыратынын ескерген жөн. Бұл өркениетті кәсіпкерлік элементтері осы салада әрекет етіп жүргенін білдіреді, әcipece, өткен жүзжылдықтың 90 жылдарындағы банк қызметінің басталуымен салыстыратын болсақ.
Лизинг дамуының перспективалық бағғыттары оны ic-жүзінде пайдаланумен тікелей байланысты екенін атап кеткен жөн. Осы аспектіде сәйкес инфрақұрылымның бар болуы да қажет, онымен жабдықтарды дайындаушы кәсіпорындар тікелей байланысты. Олардың көпшілік бөлігі республикадан тыс жерлерде орналасқан, ал ол өз кезегінде қосымша қиындықтар тудырады.
Лизинг дамуының перспективалары толық болуы үшін нарықтық осы сегментінде инвесторлардың болуы анық. Сонымен қатар, олар қазақстандық нарыққа шығуы үшін қосымша кепілдіктер қажет. Нарықта лизинг берушілердің қатысуын күшейту үшін халықаралық қаржылық лизинг туралы Конвенцияның әрекет етуін Қазақстан Республикасының аумағында кеңінен тарату керек (Оттава, 1988 жылдьщ 28 мамыры).
Белгілі бір қиындықтар бухгалтерлік есептердегі әр түрлі тәсілдердің бір бірімен байланыспағанымен, несиеге қабілеттілік пен қаржылық қамтамасыз етуді анықтауда түсіністіктермен және т.б. байланысты.
Бірақ, лизингтің даму перспективаларын банк несиелеуіне балама ретіндегі қалыпты және тиімді қызмет етуіне шарттарды қамтамасыз ету ретінде көрсетуге болады. Осындай көлемді анықтама,біздің ойымызша, лизингтің жоғарыда аталып кеткен проблемаларына қатысты.
Қазақстан экономикасындағы лизинг республиканың экономикалық дамуының деңгейі өсуі үшін ең қолайлы, ал оның перспективалары анық және нақты болып табылатынын атап кету керек, ол қазіргі таңда әлсіз болып табылатын экономика секторы ауылшаруашылықтың көтерілуін күтуге мүмкіндік береді.
Сонымен, жоғарыда аталғандарды қорытындылай отырып, экономикадағы лизинг қатынастары перспективті, практикалық қолданыс пен дамуында белгілі 6ip жетістіктерге ие екенін атап кеткен жөн. Есептер бойынша, ауылшаруашылықтың техникалық базасын жеделдетіп жаңарту үшін лизингтi республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландыруды кем дегенде 5 есе көбейту керек, ол сатып алынатын техниканың жалпы көлеміндегі лизинг үлесін 35-40% артгыруға мүмкіндік береді.
Лизинг қаржыландыруды көбейту үшін лизинт қаржыландыруды банк капиталын салықтық жеңлідіктер беру және несиелерді мемлекеттік жеке несиелеу жүйесі арқылы арзандату арқылы тартуды экономикалық ынталандыру қажет, лизинг төлемдерінің құнын азайту үшін агролизинг мәмілелерін жүзеге асыру үшін лизинг компанияларына берілген несиелер бойынша цайыздардың (жылдық 7-8% астам) 6ip бөлiгін компенсациялау қажет.
Орта және шағын фермерлердің жоғарыда дәрежедегі шығындар және шектелген қаржылық мүмкіндікктері мен шартталған өндірістік қызмет ерекшеліктерін ескерсек, лизинг ерушінің сыйақы алу мөлшерін минималды (1-2% аспайтын) немесе нолдік ставкалар бойынша бекіту ұсынылады. Бұнда беріліп отырған жеңілдіктерді ipi, қаржылық жағдайы тұрақты ауылшаруашылық құрылымдарының сыйақы мөлшерлемелерін жоғары етіп бекітіп ақтауға болады.