Елтаева Қ. Е. Алматы: ҚазҰАУ, 2018. 80 бет


Лизингті тиімді пайдалану үшін



бет31/40
Дата27.09.2024
өлшемі206,63 Kb.
#205240
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   40
Байланысты:
Лизинг дәрістер жинағы

Лизингті тиімді пайдалану үшін - құқықтық және ұйымдастырушылық - әдістемелік негізді жетілдіру қажет болып табылады. Сонымен қатар, қаржылық лизинг мерзімін 3-5 жылдан 6-10 жылға деиін ұзарту (нақты тозғанға деиін) ұсынылады, ол бастапқы жарна көлемін 2-30% дан 8-10% дейін төмендетуге және лизинг операцияларын жүзеге асыруға қамтамасыз ету - өткізу қосымшасын төмендетуге септігін тигізеді.
Мемлекетаралық лизинг қызметінің құқықтық негізін қамтамасыз ету үшін ТМД де 1998 ж. 25 қарашасында ТМД үкіметтер басшысының кеңесңмен Мәскеуде халықаралық лизинг туралы конвенция қабылданды. Ол мемлекетаралық лизинг қызметінің қажетті жағдайларын реттейтін ережелер жиынтығы болып табылады және экономиканың нақты секторындағы тауар өндірушілердің дамуына өз ықпалын тигізеді. Аталған Конвенцияны ратификациялау ТМД қатысушы мемлкеттерге лизинг туралы келісімдер мен шарттардың негізінде өзара тиімді ынтымақтастыққа келуге және мемлекетаралық лизинг компаниялары мен ассоциялары түрінде бірлескен құрылымдарды құруға мүмкiндiк береді.
Осы мәселелерді шешу үшін «Қаржылык лизинг туралы» Заңды жетілдіруге ерекше назар аударған жөн. Аталған заңдарда лизинг алушы мен лизинг берушінің жағдайлары тең емес болып саналады; ауылшаруашылық өнім өндірушілердің лизинг төлемдерін төлемеу қауіпі сақталады және т.б. Сондықтан, белгіленген мөлшерлердегі аванс төлемдерін бекіту, банктердің кепілдіктерін беру, ликвидті аванс төлемдерін бекіту, бидайлық, қолхаттарды пайдалану және т.б. қажет.
Облыстық бюджетке төленетін төлемдердің бір бөлігіне жеңілдікпен салық салу тәртібін енгізу ұсынылады. Оларөндірісті кеңейтіп, жаңғыртуға жұмсалуы керек. Бipiнші жылы инвесторлар төлемдерден толығымен босатылады, екінші жылы белгіленген мөлшерден- 80%, үшінші жылы белгіленген мөлшерден - 60%.
Лизинг операцияларын жүзеге асырушы кәсіпорындар мен ұйымдарға табысқа салынатын салық ставкасы алғашқы жылы (тіркелген сәттен бастап) 90% төмендетіледі, кейінгі бес жыл ішінде -50%. Инвестициялық құрылымдар үшін мүлікке салынатын салықтың ставкасы -50% төмендетіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет