Қайталау сұрақтары:
Қазақстандағы лизингтің қазіргі заманғы жағдайы
Республикада лизингтің дамуы бағыты
Негізгі қорлардың ауылшаруашылық лизингі дамуының шет елдік тәжірибесі
Қаржылық лизинг мәмлесі
Лизинг операцияларының негізгі көлемі үш континентте шоғырланғануы
Германиядағы лизинг компанияларыеың салықтарды төлеуі
Дәріс №5-6
Тақырыбы: Негізгі қорлардың ауылшаруашылық лизингінің даму проблемалары
Ауылшаруашылық кәсіпорындары несиелеу жүйесін мемлекеттік қолдау механизмін жасауға тырысуымен, олардың аз бөлігіне ғана несие ресурстары қол жетімді болып табылады. Оның ірі түрлі кестелері оларға қаржылық институттар мен ауылшаруашылық кәсіпорындардың тең қол жеткізуімен қаржылық нарықтағы бәсекеге қабілеттілік шарттарын бұза алады. Сондықтан, проблема ауылшаруашылық несиелеу саласындағы сұраныс пен ұсыныстағы ынталандыруда емес, несилер мен инвестицияларды тұтынушылар мен жеткізушілердің бәсекелестік қағидаларын ынталандыруда болып отыр.
Лизинг компанияларының практикалық жұмысының тәжірибесі лизинг қызметіндегі бірқатар проблемаларды айқындады. Бұл, ең алдымен әрекет етуші заңнаманың кемшіліктері, азаматтық және салықтық заңнамадағы «қаржылық лизинг» терминін әр түрлі талқылау.
Лизинг кестесі бойынша несие қаражаттарын тарату бойынша коммерциялық банктермен жұмыс несие беру мерзімдері 3-4 жыл екенін көрсетті, ал ол лизинг пәнінің пайдалы қызмет ету мерзімінен едәуір төмен. Сонымен қатар, несиелеудің ұзақ мерзімі лизинг алушы үшін де пайдасыз және мақсатына сай болып табылмайды, бизнес жоспарлардың ақталу мерзімдері әдетте, пайдалы пайдалану мерзімінен едәуір төмен болып келеді.
Іс жүзінде қаржылық лизингтің минималды мерзімін шектеу компаниялар пайдалы пайдалану мезімін нақтыдан төен етіп белгілеуіне немесе шартта қаржылық лизинг мерзін пай далы қызмет ету мерзіміне тең қылып белгілеуіне әкеп соғады, ал төмен кестелері лизинг алушы лизинг пәнінің барлық құнының алғашқы 3-5 төлейтін қылып бекітілуіне әкеп соғады. Қалған бөлігін лизинг алушы шарт мерзімі аяқталғанға дейін толық төлей алмайды, ол лизинг алушылар үшін белгілі бір қолайсыздықтар туғызады, соның ішінде, ол бойынша барлық төлемдер жасалған лизинг пәнін кепілге сала алмау мүмкіндігі.
Сонымен қатар, жалдау мәмілесі лизингтік болып келесі талаптарды қанағаттандырған кезде ғана табылады ( ҚР 05.07.2000 ж №78-И «Қаржылық лизинг туралы» Заңына сәйкес):
жалға алу мерзімі негізгі қорлар қызмет етуінің 80% асатын болса;
жалға алушы негізгі қорларды бекітілген баға бойынша немесе жалдау аяқталған кезде анықталатын баға бойынша сатып алу құқығына ие болса;
жалдау аяқталған кезде негізгі қорлардың қалдық құны олардың жалдау басындағы құнының 20% құраса;
жалдау мерзіміндегі ағымдық (дисконттвлған) баға жалға алынатын құралдар бағасынан 90% құраса.
Негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлеміне ұйымдастыру нысаны мен операциялардың жүргізудің техникасына қарай қаржылық және қаитарымды лизинг кірді.
Қаржылық лизинг - лизинг обьектісінің амортизациялық мерзімімен салыстырылатын және одан аспайтын мерзімге және пайдалану кезінде оның құнын толық немесе бір бөлігін жабу көзделетін техниканы ұзақ мерзімге жалға беру түрі.
Достарыңызбен бөлісу: |