Германиядағы лизинг компаниялары келесі салықтарды төлейді: капиталға салық (қоғамды құрған кездегі жарғылық капиталының немесе жарғылық капиталды арттырған кезде айырмасының соммасынан 1%); пайдаға салынатын салы (36% акционерлер арасында таратылған пайдамен 50% таратылмаған); жергілікті промысел салығы (5% базалық ставка бойынша капитал мен пайдаға жаратылмаған пайда плюс капиталды 0,2% жуығы) қосылған құнға салынатын салық (ағымдағы ставка -14%).
Сонымен шет елдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, барлық елдерде мемлекет фермерлер шаруашылықтарының пайда деңгеиін қадағалап отырады, олардың ішінде 70-80% техниканы сатып алу және пайдалану кезіндегі шығындарды өтеуге, ЖЖМ сатып алуға, минералды тыңайтқыштар сатып алуға, бөлшек заттар мен өзеге де ресурстар сатып алуға минералды тыңайтқыштар сатып алуға, бөлшек заттар мен өзге де ресурстар сатып алуға, жұмсалады да, сол арқылы ауыл шаруашылығының материалдық техникалқ базасын қолдау және дамытуға ықпалын тигізеді. Ауылшаруашылық өнімдерге бағаларды бюджет есебінен тұрақты ұстап тұру арқылы, шаруашылықтарға техника мен мал бірлігіне төленетін тікелей төлемдері мен әр түрлі субсидиялармен және т.б. қамтамасыз етіледі.
Ауылшаруашылық техника лизингінің эканомикалық ынталандыруында осы мақсаттарға коммерциялық банктер инвестицияларының жеңілдікпен салық салу арқылы, лизингке берілетін техника мен өзге де мүлікке салынатын салықтың икемді үлесімен ынталандырылуының ролі ерекше болып табылады. Олар арқылы фермерлер лизинг алушылардың құқықтары қорғалады. Прокьюремент жүйесінің ресурстар мен қызметтердің мемлекеттік тапсырыс беруінің ролі артып отыр.
Әлемнің әр үрлі елдеріндегі лизинг қатынастарының дамуы лизинг туралы арнайы заңнама мен операциялар көлемі арасында арнайы байланыстың болмауын көрсетеді. Франция, Португалия, Италия, Испания, Бельгия және Швеция арнайы лизинг заңдарын шығарған, олда лизинг алушы мен лизинг берушінің құқықтары бекітілген, оларды мүлікті өндірушілерен қарым қатынастары бекітілген, ал АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Дания елдерінде ол жоқ болады. Осында лизинг қатынастары әдеттегі коммерциялық құқық нормаларымен реттеледі. Осы жағдайда лизинг қатынастарының көлемі ен тереңдігіне ең алдымен макроэканомикалық жағдайлар әсер етеді: елдегі инвестициялық климат, салық салу және банк несиенің деңгейі, инфляция темптері, салық салу және банк несиесінің деңгейі, бухгалтерлік есеп жүйесі және т.б.
«Жалпы құқық» елдерінде Англия, Австралия, Жаңа Зеландия лизинг алушылар мен лизинг берушілердің құқықтық қатынастарын реттейтін заңға тәуелді актілер ғана қабылданады. Олар лизинг пәнінің құны мен лизинг қатынастарының субьектілеріне байланысты болады.
Ауылшаруашылығын мемлекеттік реттеудің шет елдік тәжірибесі Қазақстанда пайдалануға жарайтын көптеген пайдалы мәліметтерден тұрады. Аграрлық секторды қаржылық қолдаудың көп жылдық тәжірибесі біздің елімізде осыған ұқсас шараларды қолданудың мысалы бола алады, бірақ оның табиғи климаттық жағдайларының ерекшеліктерін және шаруашылықтардың негізігі бөлігінің қаржылық жағдайын ескере отырып.