Елтаева Қ. Е. Алматы: ҚазҰАУ, 2018. 80 бет


Техниканы оны пайдаланушылардың сатып алу мақсаты



бет18/40
Дата27.09.2024
өлшемі206,63 Kb.
#205240
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   40
Байланысты:
Лизинг дәрістер жинағы

Техниканы оны пайдаланушылардың сатып алу мақсаты- оны пайдаланудан пайда алу, сондықтан, машиналарды сатып алуды олар көбіне сырттан тыс қайнар көздер есебінен жүзеге асыратын инвестициялар ретінде жүзеге асырады. Осыған байланысты нақты қамсыздандырылған төлем қабілеттігі бар сұранысты емес, потенциалды сұранысты бағалау қажет.
Соңғысы техниканы жеткізушілердің белсенді қызметінің соның ішінде, қаржы нарығының инвестициялық сегментінде жүзеге асырылады. Маркетингтік зерттеулер мүмкін болатын тұтынушыларды техника мен қызметтерді алу үшін қаражат көздерімен қамтамасыз етуге ғана емес , көліктер нарығын қамтамасыз ету үшін ерекше ақшалай каналдарда нақты қажеттіліктерді анықтайды.
Техникалық қамсыздандыру саласындағы төлемге қабілетті сұраныс жаңа және ұсталған көліктерге оларды қалпына келтіру жұмыстарынан кейін қалыптасады, сонымен қатар, ұзақ мерзімді аренда (лизинг), техника прокаты және т.б. сұранысты қамтиды. Қаржы нарығының коньюнктурасын талдау негізінде техниканы пайдаланушы заем қаражаттарының қайтаруын, пайдалану шығындарын ескере отырып, алуы қажет пайда нормасы есептеледі.
Техникаға төлем қабілетті сұранысқа жасау негізінде, өзіндік сатып алу – өткізу шығындарына (өз қызметінің табыстық көрсеткіштеріне), сондай ақ нарықты реттеу механизмдеріне болжау жасаудың негізінде лизинг қызметтерін көрсету бойынша кәсіпорындардың өндірістік бағдарлааларының пареметрлері есептеледі.
Лизинг қызметтеріне төлем қабілеттілігі бар сұраныстардың көлемі осы саладағы кәсіпорындар бір жағынан техниканы, бөлшек заттарды, жиынтық бұйымдарды өндірушілер, ал екінші жағынан техника мен қызмкттерді тұтынушылар арасындағы беру – тарату субмердігерлік қызметтерді тиімді орындауымен анықталады.
Жекелеген лизинг компаниялары қызметінің талдауы ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер үшін лизинг операцияларын пайдалануды тежеп отырған негізгі кемшіліктер ретінде лизинг берушінің сыйақы ставкаларын өтеудің қатаң реттелген тоқсан сайынғы мерзімдері, кепілдік қамсыздандыру қиындықтары және т.б. табылатынын көрсетіп отыр.
Бұл ауылшаруашылық құрылымдардың материалдық-техникалық ресурстарға қажеттілігін қамтамасыз етудің жолын көліктерді қондырғылар мен өндірістік-техникалық мақсаттағы өзге де құралдардың аудан орталықтарында жалға беру пунктерінің желісін кеңейтуде іздеу керек екенін көрсетіп отыр. Ол лизинг қызметтерінің бағасын төмендетуге мүмкіндік береді.
Ауыл шаруашылыгындағы осындай лизингтік саясат саланың өзінің дамуына, сондай ақ нарықтық қатынастар жағдайындағы сәйкес әдістер мен тәсілдердің дамуына ықпал ететін қажетті инфрақұрылым қалыптасуы турғысында мультипликациялық эффектке үміттенуге мүмкіндік береді.
Ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің көліктік-тракторық паркін жаңарту қанағаттандырарлықсыз дәрежеде жүзеге асырылады. Жем жинаушы және өзге техникаға маусымдық жүктелім мөлшерліктен 2,5-3 есе асады. Осыған орай егістік алқаптар тиімділігі төмен технологияларға ауысады, ал ол өнімділіктің төмендеуі мен ауылшаруашылық өнімдерін жоғалтуға әкеп соқтырады.
Осындай жағдайдың негізгі себебі болып тауар өндірушілердің жаңа техника сатып алу үшін ақша ресурстарының жоқ болуы табылады. Жыл сайын осы жағдай өнеркәсіптік және ауылшаруашылық өнімге бағалардьң диспаритеті 7 есе болуымен ушығады. Жоғарыда көрсетілгендей, ауылшаруашылық техниканың тозу дәрежесі 80%, өндірістік жайлар мен қондырғылардың тозу дәрежесі -35% құрайды. Өндірістік жайларды өндірістік процесстерді қажетті деңгейімен қамыздандыру іріқара мал үшін 40%, қойлар үшін - 27%, көлік-трактор паркі үшін - 50-60%, қайта өңдеу ойынша - 50% астам құрайды.
Бірақ, талдау көрсетіп отырғандай, 2003-2007жж. трактор паркі 5,5% (орта жылдық 0,8%), жем комбайндарының паркі (орта жылдық - 3,2%), сепкіштерге 5,8% (орта жылдық - 0,8%), жаткаларға 14,1% (орта жылдық - 2%) жаңартылғанын көpceттi.
Есептер керсетіп отырғандай, орташа бағаларды ескергенде ескірген техниканы ауыстыру үшін шамамен 10 млрд, теңге қажет. Ауылшаруашылық өндірістің техника сатып алуына жалпы қажеттілігі, 80% пайдаланудан қалған техниканы шығарып тастауды және ресурстарды үнемдейтін техниканы енгізуді ескере отырып барлық түрлердегі тракторлар үшін - 75 мың, жем комбайндары үшін - 40 мың бірлік құрайды. Сондықтан жыл сайын 7,5 мың тракторлар және 4 мың комбайндар сатып алу қажет, сонда 2007 ж. салыстырғандағы жыл сайынғы өнім: тракторлар үшін - 6,8 есе, комбайндар үшін -2,5 есе артады.
Техника мен лизингтік қызметтер саласындағы нарық қалыптасуынын негзгі проблемасы ретінде ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерде қаржы қаражаттарын жетіспеушілігі болып табылады. Бұл, өз кезегінде, бюджет есебінен қаржы лизингінің, әсipece, коммерциялық құрылымдар мен банктерді қаржыландырудың жеткіліксіз көлемдерімен байланысты. Ауылшаруашылық техниканы жеткізудің жалпы көлеміндегі лизинг үлесі 2007 ж. тракторлар бойынша - 15 және комбайндар бойынша- 25% құрады.
Шетелдік тәжірибе мен ауылшаруашылық техникага қажеттілікті пайдалана отырып лизинг арқылы техника жеткізу көлемдерін ұлғайту ұсынылып отыр. «ҚазАгроҚаржы» олардың жалпы қажеттілігінен тракторлар бойынша 35% комбайндар бойынша - 38% дейін: орта есеппен алғанда 2625 тракторлар және 1520 бидай жинайтын комбайндар, яғни 26,3 млрд, теңгеге - тракторлар, 20,5 млрд, теңгеге - комбайндар. Сонымен қатар, республикалық бюджеттен ауылшаруашылық техника лизингі бойынша сыйақы мөлшері 5 есе көбейіп, 600 млн теңге құрауы керек. Осыған байланысты агроөнеркәсіп кешені және ауылшаруашылық көлік құрастыру субъектілерін техникалық қамсыздандырудың басым бағыттары ретінде табылатындар:

  • ТМД елдерінің көлік құрастырушы кәсіпорындарымен бірлесе отырып тракторлар мен комбайндар өндірісін ұйымдастыру;

  • Ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу мен жинау үшін ылғал ресурстарын сақтау жүйесіндегі жер корғау кешені көліктерін өндіру және ұйымдастыру;

  • Технологиялық процесстерді механизациялау үшін мал шаруашылығын қажетті энергетикалық құралдар және көліктермен техникалық қамсыздандыру және өндіру:

  • Ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу және қайта өңдеу үшін қажет жоғары технологиялық көліктер, қондырғылар мен бөлшек заттарды өндіруді өңдеу және ұйымдастыру;

  • Қаржылық лизинг инвестициялары арқылы ресупбликада өндірілмейтін немесе жеткіліксіз дәрежеде ендірілетін ауылшаруашылық өндірісіне қажетті жоғары технологиялық көліктеp мен қондырғыларды сатып алу;

  • Көлік-технологиялық станциялар желісін жасау және жетілдіру негізінде ауылшаруашылық көліктердің жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ету және сақтау;

  • Жөндеу-қалпына келтіру жүйелерін дамыту жолымен ауылшаруашылық өндірісі үшін кажетті ауылшаруашыльқ көліктер мен қондырғылардың жұмыс қабілеттігін сақтау және қамтамасыз ету.

Жаңа көлік-трактор паркінің қалыптасуын Қазақстан мен ТМД-де, алыс шет елдерде (АҚШ, Канада, Германия және т.б.) өндірілетін көліктер арқылы жүзеге асыругға болады.
Қазақстан мен ТМД елдерінде өндірілетін ауылшаруашылық көліктер жергілікті жер климаттық жағдайларға адаптацияланған, жөндеуге икемді оларды механизаторлар жетік меңгерген, бipaқ олардың комфорты мен ceнiмдiлiгi төмен.
Алыс шет елдердің көліктерінің сапасы жоғары, олар ыңғайлы, бipaқ Қазақстан жағдайларына икемділігі төмен және олар ТМД елдерінде жасалған аналогтардан 2-3 қымбат болып келеді.
«ҚазАгроИнновация» АҚ ауылшаруашылықты механизациялау және электрофикациялау ҒӨО есептеу нәтижелерін көрсетіп отырғандай, көлік-трактор паркін толығымен жаңартқан кезде өнімділігі 10 ц/га болған кездегі бидайдың 6ip тонна өндірісінің өзіндік құны, ТМД көліктерімен - 120, алыс шет елдердегі көліктермен - 166 құрайтынын көрсетіп отыр.
Сонымен, ТМД елдерінің көліктері мен көлік-трактор паркін көбейту бидай өнімдерінің өнімділігі 64%, ал алыс шет елдердегі көліктермен 227% артқанын көрсетіп отыр. Сондықтан, көлік-трактор паркін жаңарту процессі өндірістің тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін жаңа технологиялар, сорттар және технологиялық факторларды өндіру негізінде жүзеге асырылуы керек. Ұсақ тауар өндірісі жағдайында өндіріс мөлшерін үлкейту субъектілерерге елеулі артықшылықтар береді. Мәселен, ауылшаруашылықты механизациялау және электрофикациялау ҒӨО есептеулері көрсетіп отырғандай, егістік алқаптардың 100 ден 500 га өсуі күздік бидайды егу шығындары шамамен 2 есе, еңбек шығындары шамамен 4 есе азайтылғанын көрсетіп отыр. (7, 8 кесте).
7-кесте.Оңтүстік өңірдегі өндіріс тиімділігіне бидайөнімдерін егу алқаптарының әcepi



Келемі га

Еңбек
шығындары,
адам-ад/га

Отын
шығындары,
кг/га

Техникаға
шығындар,
теңге га
теңге/га

Техникаға шығындар 1 т, тенгеге есептегенде

бидай

арпа

102

20,6

129,3

33746

9534

11590

316

10,5

109,2

24614

6960

8451

784

4,1

104,7

20671

5845

7097

2167

5,3

115,8

26535

7502

9105

6256

3,6

113,3

25142

7109

8633

12381

3,7

116,4

25333

7151

8697

Техникаға шығындарға кіретіндер: еңбек ақы, отынға шығындар, техниканың амортизациясы мен жөндеу. НПЦ МЭСХ ұсыныстары,-Алматы, 2008ж.


8-кесте. Бидай өніру тиіміділігіне егу айналымы аумақтарының әсepi



Керсеткіш

өлшем бірлігі

Ericтiк аумағы, га

100

200

500

Күздік бидай, өнімділігі 2,5 т/га

Отын шығыны

кг/га

46,5

42,7

43,2

Еңбек шығыны

ад.-ч/га

7,2

3,2

1,8

Техникаға шығындар

тенге/га

29585

21735

15375

Техникаға шығындар

тенге/т

11835

8694

6150

Арпа, өнімділігі 1,2 т/га

Тын шығыны

кг/га

39

30,7

33,0

Еңбек шығыны

ад.-ч/га

7,0

2,6

1,6

Техникаға шығындар

тенге/га

24149

17902

15483

Техникаға шығындар

тенге/т

20124

14918

12902

Нут, өнімділігі 1,1 т/га

отын шығыны

кг/га

43,4

35,4

38,2

еңбек шығыны

ад.-ч/га

7,6

3,1

2,2

техникаға шығындар

тенге/га

27943

21219

16986

техникаға шығындар

тенге/т

25402

19290

15442

Ары қарай, өнімділікті15 ц/га көбейткен кезде көлік-трактор паркін ТМД елдерінің көліктері мен жаңарту бидай өндірісінің өзіндік құнын арттырмайды, ал өніділік 20 ц/га болған кезде осы өзіндік құнды сол парк кезіндегі 18% азайтуға мүмкіндік береді.


Көлік-трактор паркін алыс шет елдер көліктерімен толығымен жаңғырту бидай өнімділігін сәйкесінше 5,1 және 41,7% өсіруге үмкіндік береді.
Бipaқ, көптеген ауылшаруашылық өнімдерін өндіірушілердің қаржылық жағдайы келік трактор паркін толығымен жаңғыртуға мүмкіндік бермейді. Жылдық есеппен алғанда тракторларды жаңартутемптері 1%, комбайндерді - 3% құрайды. Болжанып отыртан есептер бойынша тракторлар бойынша 8% және комбайндар бойынша - 16% жанғыртылады. Жаңа көліктер келік трактор паркінің өнімдерін арттырып, жөндеуге кеткен шығындарды азайтуға мумкіндік береді. Сонымен 6ipгe, ескі көліктердің жасы өсе береді де өнімдердің азайып, жөндеуге кеткен шығындар өседі. Сонымен, жаңа және eскi көліктердің ара қатынасына байланысты бидай өнімдерінің өзіндік құны даөзгеріп отырады.
Алыс шет елдердің көліктерін олардың құны жоғары болғандықтан, ipi бидай компаниялары өндірістің басқа саларында (элеваторлар, жанар жағар май станцалары және т.б.) алған табыстары есебінен ала алады.
Сондықтан, көптеген шаруашылықтар үшін көлік трактор паркін жаңғырту Қазақстан және ТМД шығарылған көліктермен жүзеге асыру тиімді болып табылады. Алыс шет елдерден көліктердің ең жақсы түрлерін Қазақстанда жасау қажет, ол оның құнын едәуір түсіруге мүмкіндік бередгі.
Жалпы максаттағы тракторлар паркін қалыптасқан құрылымын келесі себептер бойынша рационалды деп тануға болмайды: ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерде доңғалақтық және шынжыр табанды тракторлар арасындағы тең таңдау жасауға мүмкіндік болмайды. Оларға қуатты, өнімділігі жоғары, ыңғайлы доңғалақты және қуаттылығы төмен, жұмыс жағдайлары ыңғайсыз шынжыртабан тракторлар ұсынылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет