Қайталау сұрақтары:
Қазақстанда ауылшаруашылық лизинг дамуының мақсаттары мен міндеттері
Лизингтің елеулі артықшылықтары
Лизинг операцияларының артықшылықтары
Ауылшаруашылық өнімді қайта өңдеу бойынша ауылшаруашылық техника, жабдықтардың лизингі
Лизинг қызметін институцианалды қамтамасыз етілуін ұйымдастыруы мен дамуы
Лизинг қатынастарының қағидалары
Дәріс №9-10-11
Тақырыбы: Ауылшаруашылық лизингте негізгі қорлардың түрлеріне қарай қажеттілік
5.1 Ауылшаруашылық лизингтің даму стратегиясы
5.2 Ауылшаруашылық өнімін қайта өңдеу, дайындау, сақтау бойынша лизинг
5.3 Үйлер мен ғимараттардың, соның ішінегі ауылшаруашылық мақсаттардағы лизингі
5.4 Ауылшаруашылық малдарының лизингі
5.1 Ауылшаруашылық лизингтің даму стратегисы. Қазақстан эканомикасының аграрлық саласындағы лизингтік даму стратегиясы келесі бағыттардан тұруы керек:
инновациялық- инвестициялық (техниканың құрамы мен номенклатурасының құрылымдығы, асыл тұқымды мал лизингін кеңейту, жаңа техниканың лизингі негізінде КТС құру);
экономикалық (лизинг алушыларды көбейту, жеткізілетін негізгі құралдардың құнын азаиту, бюджеттік және бюджеттен тыс және шет елдік инвестициялардың өсуі);
ұйымдастырушылық (тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау әдістерін жетілдіру және т.б.) (сур 4).
Лизинг қатынастарын жетілдіру үшін шартты соттан тыс бұзу ережелеріне өзгерістер енгізу керек, ол төлемеу қауіпін төмендетуге мүмкіндік береді, лизинг пәнін қамтамасыз ету тәсілі ретінде төлемеген жағдайда мүлікті сенімгерлікпен басқаруға мүмкіндік.
Салық кодексіне талдау көрсетіп отырғандай, негізгі қорларды сатып алу және лизингі бойынша салық жеңілдігіне брінші рет эксплуатацияға қосылған бекітілген активтерді кем дегенде үш рет жылдық жиынтық табысты алу үшін пайдалану және корпаративті салықты анықтаған кезде шегерімге жатқызу шартымен пайдаланғанда алғашқы салық мерзімінде амортизациялық аударымдар екі есе норма бойынша жүргізіледі. Бірақ, аталған жеңілдік ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерге маңызды болып табылмайды, себебі, олар корпоративті салықты арнайы режимдер бойынша төлейді.
Сондықтан, агролизингті дамыту үшін өзге де жеңілдіктер қажет: мәселен, ауылшаруашылық техниканы, қондырғыларды және өзге де негізгі қорларды сатып алу, сату және лизинг бойынша айналымды қосылған құн салығынан босату сатып алынатын негізгі қорлардың құнын төмендетіп олардың ауыл шаруашылық тауар өндірушілері үшін қолжетімді болуын қамтамасыз етер еді. Сонымен қатар, салық кодексінде лизингтегі мүлікке меншік құқығын лизинг берушіге беру керек, ол лизинг компаниларына салықта амортизацияны екі есе нормалары бойынша есептеуге және салық жүктемесін азайтып, пайыздық ставкаларды төмендетуге мүкіндік береді.
Лизингтің даму стратегиясы
ұйымдастырушылық
экономикалық
Ауылшаруашылық және тамақкәсіпорындарының экспорттық потенциалын
Лизинг операцияларын басқарушылық есепке алуды енгізу
Жаңа техника лизингінің негізінде ауақтық КТС құру
Аграрлық өндіріс саласына лизингті енгізу
Лизинг және салық заңнамасын жетілдіру
Жеке, соның ішінде шетелдік инвестицияларды арттыру
Техника құрамы мен номенклатурасының құрылымдылығы
Лизингті пайдалану географиясын кеңейту
Лизинг бойынша халықаралық қатынастарды дамыту
Бюджеттік және бюджеттен тыс көздерді көбейту
Асыл тұқымды мал лизинг саласын кеңейту
Отандық тауар өндірушілерді мелекеттік қорғаудың жаңа әдістерін жетілдіру
Лизинг бойынша жеткізіліп отырған негізгі қорлар құнын азайту
Лизинг алушылар санын көбейту
Инновациялық инвестициялық
инвестициялық
Сурет 4- Қазақстан аграрлық саласындағы лизингтің негізгі бағыттары
1 мысал. Шаруа қожалығы ҚазАгроҚаржының жергілікті өкілдігіне лизингке құны 2800 мың теңге, соның ішінде ҚҚС (15%), Т-95,4 тракторын-7 жыл. Лизинг бойынша сыйақы ставкасы -5%. Арызды берген кезде техника құнының 10%, арыз берген соң техниканы алғанға дейін тағы 10% төлеу қажет. Техниканы алу мерзімі арызды бергеннен кейін 3 ай. Негізгі қарыз бойынша екі төлемді қамсыздандыру үшін депозит, банк кепілдігін беру қажет. Кепілдікті беру үшін жергілікті банктердің пайыздық ставкасы - 6%.
Осы мысалды біз әлемдік тәжірибені ескеретін көзқарасты ұсынамыз, яғни аванс төлемдері мен банк кепілдігін талап етпей салық жеңілдіктерін беру. Біздің мысалда лизинг техникасын ҚҚС босату (15%) оның құның 13% немесе 365,0 мың теңгеге азайтады.
Техниканы соттан тыс тәртіпте алып қою мүмкіндігі лизинг берушілерге лизинг мүлкін аванс төлемдерінсіз және қосымша қамсыздандырусыз, төлемеу қауіпін төмендетеді және лизинг алушы үшін де лизинг беруші үшін де пайдалы.
Сонымен, лизинг алушы банк кепілдігі болмағандықтан, 285,6 мың теңге үнемдеді, ал лизинг алушы аванс төлемдері болмағандықтан 67,1 мың теңгеге артық сыйақы алды.
Қаржы және өндірістік лизинг фиралары үшін бұл көлік техникалық қондырғыларды жалға берудің тиімді тәсілі, себебі, ол пайдаланушы техниканы пайдалануды жоғары бағамен төлеу және салық жеңілдіктерін пайдалану арқылы үлкен табысқа жетуге мүмкіндік береді.
Техниканы пайдаланушылар, әсіресе, орта және кішкентай фирмалар үшін лизинг ірі бір жолғы шығындарынсыз күрделі және қымбат машиналарды алу кезінде өндіріс қорларын жедел түрде ауыстыру құралы болып табылады. Мемлекеттік үшін лизингті қаржылай қолдау жаңа техниканы сатып алу үшін ынта болып табылады, себебі, лизинг алушылар осы операцияларға капитал салуды көбейтуге, ал пайдаланушы фирмалар өндіріс қорларын үнемі жаңартып отыруға мүдделі болады. Осыған байланысты лизинг кәсіпорындық түсудің тиімді механизімі және эканомикадағы инвестициялық процессті белсенділендірудің тиімді механизімі ретінде Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына, әсіресе, фермер қожалықтарының дамуына әсер етеді, себебі, олар өзінің сатып алушылық құны төмен болғандықтан қазырғы заманға қондырғыларды сатып алуға қабілетсіз болып табылады.
Лизинг операцияларын тиімді пайдалану үшін нормативті- құқықтық және ұйымдастырушылық – әдістемелік базаларды жетілдіру қажет. Ол үшін техникамен асыл тұқымдарды сатып алуға арналған лизинг қорын пайдалану тәртібін қайта қарау, техниканың лизингін ол тозғанға дейін ұзарту, аванс төлемдерін жою, лизинг операцияларын жүзеге асырған кезде өткізу бағаларын арттыруды төмендету, лизинг берушінің техниканы пайдаланудың барлық мерзімде лизинг машиналарына материалдар мен қосалқы бөлшектердің жеткізілуін қамтамасыз ету. Мүлікті лизингке тапсыру кезінде лизинг операциялары бойынша кеден салымдары мен аналогтарын, соның ішінде ҚҚС төмендету; кем дегенде үш жыл мерзімге лизинг шарттары бойынша алынған пайдаға табыс салығынан лизинг алушыны босату; лизинг шарттары бойынша міндеттемелерін орындамаған лизинг алушылардан лизинг пәнін алып қою процедурасын жеңілдету ұсынылады. Лизинг арқылы қондырғылар мен техниканы алған кезде мемлекеттік қаржылық қолдауды кеңінен пайдалану; ауылшаруашылық техника лизингі бойынша оның құнын төмендету үшін сыйақы (мүдде) ставкасын азайту; техниканы лизингке берген кезде тауар өндірушілерді қолдау үшін қаражаттар бөлу.
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, елеулі салықтық жеңілдіктер беріліп отырған мемлекеттерде лизинг бизнесі дамып отыр.
Сондықтан, ауылшаруашылық техника мен қондырғылар импортының лизингі бойынша айналымды салықтан босатуды ұсынамыз, ал өз кезегінде техника құнын 13% төмендетеді салық кодексінде лизинг берушінің лизинг мүлкіне меншік құқығын сақтап қалуды ұсынамыз, ол оған амортизациялық есептерді екі есе ставка бойынша есептеуге ал ол өз кезегінде салық салынатын табысты көбейтуге және лизинг берушінің табысын арттыруға, табыс салығын азайтып лизингтік мүліктің құнын төмендетуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, төлемеу қаупін төмендету үшін аванс төлемдерін талап етуді болдырмау үшін негізгі қарыз бойынша келешек төлемдерді талап етуді болдырмау үшін шартты бұзу тәртібіне өзгерістер енгізу қажет. Шартты соттан тыс тәртіпте бұзуға мүмкіндігі болуы керек. Ол халықарарлық стандарттарға сәйкес болып табылады және лизингтің артықшылықтарын көздейді.
Лизингті пайдалану мүмкіндіктерін арттыру үшін маркетинг жүйесінің қажеттілігі туындайды. Материалдық техникалық қамсыздандыру және қызмет көрсету саласындағы маркетингтік зерттеулер нарықты, қалыптасып жатқан бағаны зерттеумен байланысты және техникамен оған қызмет көрсету бойынша қызметтерге сұраныс қалыптастырудың негізгі заңдылықтарын анықтауға бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: |