Елтаева Қ. Е. Алматы: ҚазҰАУ, 2018. 80 бет


Осыған байланысты бір қатар шаралар жүзеге асырылған, атап айтқанда



бет15/40
Дата27.09.2024
өлшемі206,63 Kb.
#205240
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   40
Байланысты:
Лизинг дәрістер жинағы

Осыған байланысты бір қатар шаралар жүзеге асырылған, атап айтқанда;

  • Мотор салуды дамытуға (Костанай дизель) Қазақстанның даму банкі 40,0 млн ақш.долл 15жыл мерзімде берді;

  • Бұрынғы зауыттар «Қазақауылмаш», «Кормашзаут» (Астана қ.) инвестицияланған және олардың негізінде егістік және өнім дайындаушы техниканың өндірісі ұйымдастырылған;

  • Республиканың алты зауыттарында ұстап алу ауқымы кең жаткалар өндірісі (Петропавл зауыты ЖШС «Азлитрлік қозғалтқыштар зауты), ЖШС «Қазаққаумыш» корпорациясы (Астана қ.) ЖШС «Астана агроөнеркәсіптік техника», ААҚ «Ісмер» (Астана қ.) АҚ «Тыныс» (Көкшетау қ.), ЖШС «Агротехкөл» (Қостанай қ.) дұрыс жолға қойылған.

Сонымен қатар, кәсіпорындарды қазіргі заманғы маркілеу дилерлік, өткізу және өзге де қызметтері жоқ.
Индустриялдық иновациялық даму бағдарламасына ауылшаруашылық көлік құрылысының, соның ішінде, трактор құрылысы, жинау техникасы, мотор құрылысы, егістік және жер өңдеу техникасының жемтік дайындау көліктері құрылысы, жөндеу қалпына келтіру жүйесі кәсіпорындарының дамуы дұрыс жолға қойылған.
Сонымен қатар республикада белгілі бір ғылыи техникалық және қарастырушылық технологиялық потенциял қалыптасқан. Ол отандық кәсіпорындарда ішкі нарықта ауылшаруашылық техникаға сұранысты қанағаттандыру үшін қажет болып табылады.
Оған мысал ретінде келесі көлік құру кәсіпорындарының ауылшаруашылық техниканы құру бойынша өз бетімен дұрыс жолға қойылған жүиесін атап кетуге болады:

  • ЖШС «Азлитрлік қозғалтқыштар зауты» (Петропавл қ.) – қосылатын ұстау ауқымы кең жатқаны ЖВП – 9,1 жинау Қазақстандық кәсіпорындардың 100% қатысуымен;

  • АҚ «ЗИКСТО» (Петропавловск қ.) – 2 ПТС-6 көлік трактор принцепінің өндірісі, ЛДГ – 10, 15, 20 дискілі гидрофициаланған лущильниктер, КР-2 ротациялық косилканың, КН -2,1, аспалы косилканың, ГП 6 байланысатын граблдердің, ОПШ- 15 сепкішінің, жер өңдеуші аралас агрегатының құрылысы дұрыс жолға қойылған.

  • ЖШС «Қазахауылмаш» Корпорациясы (Астана қ.)- СЗТС 2,1 сепкішінің КТН-4 ротациялық косилкасының, КТС-7,4 культиваторының ПС-04 шөп таситын тракторының өндірісі;

  • ЖШС «Астана-Агроөнеркәсіптехника» (Астана қ.) ГУ-4,4 әмбебап жыртқыш өндірісі СКС-2,1 культиватор сепкішінің ЖВП-9 қосылатын ауқымы кең жаткасының өндірісін;

  • ААҚ «Ісмер» (Астана қ.) жетіктерді дайындау үшін көліктер кешенінің өндірісін дұрыс жолға қойды: КН -2,1 бір брусты косилька; КДФ-4,0 екі брусты косилька; ГП-6,12, 14, граблдері, ПФН-0,8 погрузчигі, жаткаларды тасымалдауға арналған арбалар 8 – 12м ТЖ- 12;

  • АҚ «Тыныс» (Көкшетау қ.) ПСО-2000 жылжымалы станоктық окрискивательді және оған қосалқы бөлшектерді, қосылатын жаткаларға пневмогидроакумуляторларды Дьюара сосударын шығарады;

  • ЖШС «Агротехмаш» (Қостанай қ.) – өнімділігі жоғары қосылатын валиктік жаткалар өндірісін жүзеге асырады. ЖВП-9,1 және ЖВПР-9,1 подборщик ППТ-3 А, дискілік гидрофицерленген лучильник ЛДГ-15 жем сеператоры СЗ-5, платформ- жинақтаушы ПП- 3,5

  • ААҚ «Металист орал зауты» (Орал қ.) – күрішті, май өнімдерін өңдеу үшін көліктер мен жабдықтар өндірісі, жүзімді өңдеу үшін ауылшаруашылық көліктер өндірісі, күнбағысты өндіру үшін жаткалар өндірісі.

  • ЖШС «Дон-Мар» (Лисаковск қ.) – ауқымы кең қосылатын жатка ЖВП-9,1 өндірісі.

Ауылшаруашылығындағы соңғы жылдары жағымды өзгерістердің негізінде көптеген мәселелер әлі шешілмеген болып келеді. Олар еңбек өнімділігін арттыру жолында және ауылшаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру жолында кедергі болып табылады. Әлемдік банктің бағалауы бойынша Қазақстандағы ауылшаруашылығының еңбек өнімділігі мен тиімділігі Шығыс Еуропа елдеріне қарағанда бес есе төмен болып табылады. Ауылшаруашылық өнімдерінің деңгейі өндірісті техникалық қамтамасыз ету деңгейіне байланысты болып табылады. Саланың ауылшаруашылық техникамен қамсыздандыру деңгейінің төмен болуы және отандық көлік құру саласының және ауылшруашылық техника лизингінің дәрежесі төмен болуы, сонымен қатар, ауылдықтардың агробизнестің ұйымдастыруға қазіргі заман технологиялар бойынша дайындығының төмен болуы ауылшаруашылығының дамуына кедергі болып табылады. Осылардың барлығы өндірілген ауылшаруашылық өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне өз ықпалын тигізеді.
Көлік тракторы паркін жаңартуға кедерге болып табылатын негізгі қағидалары:
- тауар өндірушілерінің бағалар диспаритеті салдарынан ауылшаруашылық және өнеркәсіптік өніммен қызметтерге төлем қабілеттілігінің болуы;
- жоғары пайыздары салдарынан коммерциялық банктердің алуға қолжетімділіктің төмен болуы;
- ауылшаруашылық техника лизингіне берілетін, сондай ақ көлік технологиялық станциялардың жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін берілетін бюджет қаражаттары мөлшерінің шектеулі болуы;
- ауылшаруашылық техника лизингінің нарығында бәсекелестіктің болмауы;
- инвестициялардың жетспеушілігі.
Республикада шынжыртабанды және дөңгелек тракторлар нарығы барлық өндіруші елдерді қамтиды Соның ішінде басымдық Ресей, Украина, Белорусь елдеріне беріледі. Ол олардың қол жетімді құнымен, Қазақстанның табиғи климаты жағдайына қолайлылығымен, жөндеумен қызмет көрсету бойынша қажетті сервистік базаның болуымен түсіндіріледі. Қазақстанда-137 ауылшаруашылық техникамен оған бөлшек заттарды шығаруға бағытталған көлік салу және жөндеу қалпына келтіру кәсіпорындары болғанымен олар 400 астам техникалық мақсаттардағы атаулар шығарады, бірақ республикада өндірілмейтіндер;
- шынжыртабанды тракторлар 3,4,5т.с:
- дөңгелекті тракторлар 1,4-3 т.с:
- бидай жинау комбайндары;
- бидай өнімдерін өңдеу бойынша жер өңдеу кешендері;
- жерді егіс алдындағы өңдеу құралдарын;
- қар жинаушылар;
- тұқым таратушы құралдар;
- бидайды қайта өңдеуге арналған жабдықтар;
- жемтіктерді өндіріп дайындауға арналған көліктер мен жабдықтар;
- мал шаруашылығының қиын процесстерін механизациялауға арналған жабдықтар және т.б
Лизинг туралы әрекет етуші заңның маңызды проблемасы - лизинг беруші лизинг пәнінің меншік иесі бола отырып, арам ниетті лизинг төлеуші өз міндеттерін орындамаған немесе тиісті түрде орын алмаған жағдайда жедел түрде лизинг пәнін сотсыз тәртіпте алып қою мүмкіндігінің, лизинг шартын жедел түрде бұзып, лизинг пәнін өзге де лизинг алушылары арасында тартуға мүмкіндігінің жоқ болуы табылады.
Аталған проблемаларды шешудің нақты нұсқаларының бірі болып, біздің ойымызша заңдарда тараптардың екеуі үшін заңда көзделгеннен басқа техниканы тартып алумен шартты бұзу реттерін көздеу құқығын бекіту табылады.
Қазақстан республикасының заңнамасына «қайталама лизинг» терминін енгізу және сатып алушыдан алдын ала сатып алған техниканы лизинг берушіге міндетті түрде беру кезіндегі қаржылық лизинг терминін нақтылау қажет болып табылады. Ол төмендегілерге мүмкіндік береді:
- техниканы сатып алу үшін икемді көзқарасты пайдалану (сатушылардың маусымды, көтерме және өзге де жеңілдіктері);
- аса қажетті техникаға сұраныс ұсыныстың өндірістік спецификациясын есептеу мүмкіндігі;
- жабдықтарды таңдап сатып алу үшін мамандарды тарту;
Лизинг пәнінің лизинг беруші белгілі бір жеткізушіден көтерме баға бойынша сатып алуы лизинг алушының белгілі бір тапсырысы бойынша бір бірлік тауар сатып алғанға қарағанда, лизинг алушы үшінде лизинг беруші үшінде эканомикалық тұрғыда тиімді болып табылады.
Көтерме сатып алу лизинг алушының да лизинг берушінің де ақша қаражаттарын лизинг пәнін жеткізу бойынша шығындарын тарату есебінен үнемдеуге мүмкіндік береді. Себебі, көлік және өзге де шығындар көптеген техникаға кетеді, сол арқылы техника бірлігіне қосымша шығындар азайтылады.
Салынған қаражаттардың қайтарылауы қаупін төмендеп (техниканы қайтарған кезде сату немесе жалға беру ғана мүмкін, ол сыйақы мөлшерінде көрсетілген пайданы лизинг берушінің алуын болдырмайды).
Лизинг компаниялары заңнаманың осы кемшілігін келесі жолмен білдіртпейді: лизинг алушы техниканы қайтарған кезде және оны қайтадан лизингке беру мүмкіндігін болмағанда лизинг компаниясы лизинг пәнін аффирленген тұлғаға одан ары қарай алдын ала анықталған лизинг алушыға беру мақсатында сатуды жүзеге асырады. Сонымен, осы кестеде тағы да сатушы пайда болады, ол техниканы қайтадан лизингке беруге мүмкіндік береді, ал ол лизинг обьектісін де қымбаттатады.
Оған бастапқы лизинг алушы қайтарып берген техниканы қайтадан лизингке беру үшін айналма жолдарды лизинг берушінің іздеуін алдын алу үшін заңға қайталама лизинг терминін енгізу қажет, ол лизинг процесінің екі тарапын да қанағаттандыруға мүкіндік береді.
Қазақстанның ішкі нарығында ауылшаруашылық техниканы ірі көлемде өндірушілер болмағандықтан лизинг компаниялары ауылшаруашылық техниканы Ресейлік және шет елдік өндірушілерін сатып алуға мәжбүр. Осы жағдай техника орнына жеткізу үшін көптеген уақыт бөлуді қажет етеді. Жеткізу мерзіміне кіретіндер: техниканы тасымалдау үшін техникаға тапсырыс беру, оны тиеп түсіру үшін техникамен адамдарды жалдау, сәйкес құжаттарды рәсімдеу, техника мен тасымалдауды жүзеге асыру, кеден және өзге де рәсідерін жасау. Сонымен, оны жіберу пунктісіне қарай техниканы жеткізу екі айдан астам уақытты талап етеді. Ауылшаруашылық техникаға сұраныстың маусымдық сипатқа ие болғанын ескере отырып техниканы алдын ала сатып алған дұрыс болады, ал ол өз кезегеінде қаржылық лизингке сатушыдан алдын ала сатып алған техниканы лизинг алушыға беру тұрғысында түзету дұрыс болып табылады.
Сонымен, аграрлық сектордағы техникалық құралдар нарығының қызмет етуіне талдау жасау жақын арада ауылшаруашылығындағы механизацияланған егістік жұмыстардың негізгі көлемін өз амортизациялық мерзімін өтеген көліктер жүзеге асырылатынын көрсетіп отыр. Осы жағдайларда олардың тиімді пайдалануын қамтамасыз ететін деңгейде олардың жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды жасақтап, жүзеге асыру маңызды болып табылад:
- ауылшаруашылығының жөндеу қызмет көрсетушілік негізін күшейту;
- бөлшек заттармен қамтамасыз ету;
- көліктердің жұмыс қабілеттілігін сақтап қалу үшін алдын алу шараларын күшейту;
- мұнай өнімдерін тиімді пайдалану;
- көліктер паркін отандық және шет елдік жаңа ауылшаруашылық техникамен жаңғырту;
- техникалық сервис саласындағы мемлекеттік ұйымдастыру мен қолдауын жетілдіру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет