Вакуольді дистрофия 1
267. 35 жастағы науқас тіліндегі этиологиясы белгісіз түзіліске шағымданады. Қарау барысында: тіл ұшында дөңгелек пішінді диаметрі 8 мм, негізі кең, тығыз, шеміршек тәрізді консистенциялы, жиектері аздап көтерінкі және тегіс айқын-қызыл түсті эрозияға ұқсас түзіліс анықталды. Пальпациясы ауырсынусыз. Жергілікті лимфа түйіндері ұлғайған, тығызэластикалық консистенциялы.
Болжамды диагноз қойыңыз:
біріншілік сифилис 1
декубитальды ойық-жара
туберкулезды ойық-жара
трофикалық ойық-жара
ісіктік ойық-жара
268. Жасы 30-дағы пациент стоматологқа 2 апта бұрын байқаған тілінің рельефінің өзгеруіне шағымданып келді. Ауырсыну сезімдері жоқ. Қарау барысында: тіл арқасының артқы бөлігінде беті тегіс ақшыл-сұр түсті, дөңгелек диаметрі 6-7 мм бөрткендер анықталды. Қырған кезде ошақтардың беті алынып, эрозиялы беткейлері жалаңаштанады, пальпацияда ауырмайды, ошақ консистенциясы тығыздау. Аурудың салыстырмалы диагностикасын төмендегі аурулардың біреуінен басқасының бәрімен жүргізеді:
жедел герпетикалық стоматит 1
десквамативті глоссит
Лейкоплакия
Қызыл жалпақ теміреткі
Ауыздың созылмалы атрофиялаушы кандидозы
269. Науқас 16 жаста, қызылиектің жайылуына, қышуға, қанағыштыққа, тамақ ішкенде күшейетін ауырсынуға, аузынан жағымсыз иістің шығуына шағымданып келді. Обьективті: жоғары және төменгі жақтың тісаралық емізікшелері және қызылиек шеті ісінген, борпылдақ, цианозданған, өлшемінде ұлғайған, тіс сауытының 1/3 бөлігіне дейін жауып тұр. Зондтауда жалған тіс-қызылиектік қалталар анықталды. Иг-4.
Ықтимал диагноз:
созылмалы пародонтит, жеңіл дәрежесі
гипертрофиялық гингивит, ісінулі түрі
созылмалы катаральды гингивит
гипретрофиялық гингивит, фиброзды түрі
созылмалы катаральды гингивиттің асқынуы 1
270. Науқас 36 жаста, оң жағының тістерінің түсінің өзгеруіне шағымданып келді. Анамнезінен: тісі ауырмаған, тісжегілік қуысты бұрын байқаған, бірақ дәрігерге қаралмаған. Обьективті: 1.2 тістің дистальды беткейінде терең тісжегілік қуыс. Тіс қуысы ашылды, зондтау және суық тітіркендіргішке ауырсынбайды, перкуссияда ауырсынусыз. 1.2 тістің рентгенограммасында- тіс түбірі ұшының аймағында сүйек тінінің ақауы, перидонтальды саңылаудың айқын шекаралармен кеңеюі. Ықтимал диагноз:
созылмалы фиброзды пульпит
Достарыңызбен бөлісу: |