Эмбриология



Pdf көрінісі
бет313/383
Дата04.10.2022
өлшемі74,12 Mb.
#151686
түріОқулық
1   ...   309   310   311   312   313   314   315   316   ...   383
Байланысты:
Афанасьев Гистология

Бақылау сүрақтары
• Қызыл жілік майының даму негіздері, кұрылысы. Сүйек майындағы кан 
жасаудың сипаттамасы, кан жасауды реттеудегі строманың кызметі.
• Эмбрионалдык кан жасаудың сатылары.
• Тимус: дамуы, кұрылысы, кызметі, балалык шақта иммунитеттін 
калыптасуындағы маңызы.
• Шеткері лимфоидты кешеннің мүшелері, дамуы, кұрылысы, лимфо- 
циттердің антигенге тәуелді пролиферациясы мен саралануының бары- 
сындағы Т- және В-аймактардын сипаттамасы
• Антигендерді тануға катысатын иммунокабілетті жасушаларды атаңыз.


15-Тарау
ЭНДОКРИНДІЖҮЙЕ
Эндокринді жүйе — кан мен лимфаға гормон бөліп шығаратын кұры- 
лымдардын, мүшелердің. мүше бөлігінің, жеке орналаскан жасушалардың 
жиынтығы.
Гормондар
(грек тілінен 
һоппаи
— коздырамын) — организмнің зат алма- 
су, сомалық өсу, репродуктивтік тәрізді негізгі кызметтеріне үдетуші немесе 
тежеуші ықпал көрсететін, жоғары белсенділігі бар реттеуші факторлар.
Жүйке жүйесімен бірлесе отырып, эндокриндік жүйе организмнің 
кызметтерін реттейді және үйлестіреді. Эндокринді жүйенің құрамына 
маманданған 
эндокринді бездер
немесе ішкі секреция бездері кіреді. 
Кейінгілер жоғары биологиялық белсенділігі бар, организмнің басқа жа- 
сушалары мен тіндерінің тіршілік үдерістеріне контактты және дистантты 
ықпал көрсететін гормондарды түзеп, оларды канға, лимфаға немесе жасу- 
ша аралық кеңістікке бөлетін мүшелер. Эндокринді бездерден басқа, адам 
организмінде терінің эпителийлік тінінің кұрамында, тыныс алу, ас корыту 
және несеп шығару жүйелерінде жеке орналаскан эндокриноциттер молы- 
нан кездесіп
дисперсті эндокринді жуйені
түзейді.
Химиялык кұрылысы бойынша гормондарды амин кышкылдардың туын- 
дыларына (адреналин және норадреналин тағы басқалар), пептидтерге (сан 
жағынан ен көп кездесетін топ, кұрамына 50-ден астам гормондар кіреді, 
оның ішінде инсулин, глюкагон, ингибин, гастрин тағы баскалары бар), 
стериодтыларға (жыныстык, бүйрек үсті безінін кыртысты затынын гормон- 
дары және тағы баскалар), каныктырылмаған май кышкылдарына (проста- 
гландиндер) бөледі. Физиологиялык әсеріне орай бастаушы гормондарды 
және орындаушы гормондарды ажыратады. Бастаушы гормондарға гипо- 
таламустың нейрогормондары және гипофиздін гормондары жаткызылады, 
олар баска ішкі секреция бездерінде гормондардыц өндірілуі мен бөлінуін 
арттырады немесе тежейді. Орындаушы гормондар жасушалардағы және 
тіндердегі зат алмасу үдерістеріне тікелей эсер көрсетеді. Бұл үдерістер 
гормонға тәуелді (олар тек кана накты гормонный ыкпалымен кызмет 
аткарады) және гормонға сезімтал (олар гормонның тіке ыкпалынсыз жұмыс 
аткаруы мүмкін болады, бірак олардың жұмысын гормон бакылап отырады) 
болулары мүмкін.
Нысана — жасушалар әрбір гормонға жеке арналған нәруыз-рецептордын 
көмегімен гормонды белсенді түрде кармап ұстайды және жинактайды


486
15-Тарау. Эндокринді жүйе
(гормонный байланыстырылуының тандамалылығы). Рецепторлар цитозоль- 
ға ене алатын гормондар үшін жасуша ішілік болады, немесе жасушаға кіре 
алмайтын гормондар үшін плазмолемманың интегралды нәруыздары түрінде 
болуы мүмкін. Кейінгі жағдайда гормоналдык сигналды жасуша ішілік эле- 
менттерге жеткізетін косымша механизмдердің болуы кажет. Ынталандыру 
жасуша ішіне екіншілік медиаторлар аркылы немесе делдалдардын көмегімен 
(цАМФ, цГМФ, кальций иондарытағы баскалар) іске асырылады. Гормонный 
рецептормен байланысуы кезінде плазмолемманын гормонға тәуелді фермен- 
тінің, яғни аденилилциклазаның белсендірілуі жүреді. Кейінгі цитоплазмада 
АТФ-тан жасуша ішілік көмекшінін — циклдік аденозинмонофосфаттың 
(цАМФ) түзелуін камтамасыз етеді. Әрі карай көмекшінің жасуша ішілік ре­
цептормен байланысуы және цАМФ-рецептор кешенінің ядроға орын ауы- 
стыруы жүріп, жаңа синтездердің туындауы басталады. Осымен катар жасу- 
шада зат алмасу реакцияларының жүруі үдейді.
Стериодты гормондар плазмолемма аркылы өтуге және жасуша ішілік ре- 
цепторлармен байланысуға кабілетті. Олар нысана — жасушалардын гендік 
аппаратына да әсерін тигізе алады.
Гормондар өте аз мөлшерде бөлінуіне карамай, жоғары биологиялык 
белсенділікке ие. Сырттан кіргізілетін жағдайда гормондардың өте аз концен- 
трациялары тиімді болып келеді.
1 5 .1 . ЖҮЙКЕ ЖӘНЕ ЭНДОКРИНДІ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ 
ӨЗ-АРА БАЙЛАНЫСТАРЫ
Гуморалды реттеуші факторларды өндіру жүйкелік және эндокриндік жа- 
сушалар үшін ортақ белгі болып табылады. Эндокринді жасушалар гормон- 
дарды өндіреді және оларды канға бөліп шығарады, ал нейрондар нейро- 
трансмиттерлерді немесе көбі нейроаминдерге жаткызылып, синаптикалык 
куыска шығарылатын кайта коскыштарды (норадреналин, серотонин тағы 
баскалар) өндіреді. Гипоталамуста жүйкелік және эндокриндік жасушалар­
дын қасиеттерін біріктірген секреторлык жасушалар болады. Олар нейро- 
аминдерді де, олигопептидті гормондарды да түзей алады ( 15.1 -сурет). Нейро- 
эндокринді жасушалар жүйкелік және эндокриндік жүйелерді біртұтас 
нейроэндокриндік жүйеге біріктіреді.
Жаңадан ашылған жаңалыктардың нәтижесінде жүйке және эндокриндік 
жүйелердің кұрылымдарының кұралуы мен кызмет аткаруында иммундык 
жүйенің ұксас кұрылымдарымен көптеген сәйкестік бар екені көрсетілді. 
Мысалы, иммундык жүйенін жасушалары сигналдык молекулалар үшін 
нейроэндокриндік жүйенін ыкпалын жеткізуші рецепторларды экспрессия- 
лай алады, ал нейроэндокриндік жүйенің жасушалары иммундык жүйенін 
медиаторы үшін рецепторларды экпрессиялауға кабілетті. Сонымен, әдеттегі 
нейроэндокринологияның нейроиммуноэндокринологияға немесе мидын 
жұмыс істеуінін физиологиялық негізін зерттейтін және әр түрлі патологиялык 
үдерістердін негізінде жаткан механизмдерді түсінуге мүмкіндік беретін, 
ғылымның перспективті саласына айналуына куә болып отырмыз.


15.1. Жүйке және эндокринді жүйелердің өз-ара байланыстары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   309   310   311   312   313   314   315   316   ...   383




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет