Эмбриология


15-Тарау. Эндокринді жүйе 1 5 .1 1 -с у р е т. Егеуқуйрықтың қалқанша безіндегі парафолликулярлық эндо-



Pdf көрінісі
бет329/383
Дата04.10.2022
өлшемі74,12 Mb.
#151686
түріОқулық
1   ...   325   326   327   328   329   330   331   332   ...   383
Байланысты:
Афанасьев Гистология

510
15-Тарау. Эндокринді жүйе
1 5 .1 1 -с у р е т. Егеуқуйрықтың қалқанша безіндегі парафолликулярлық эндо- 
криноциттер: а — микрофотография. Нитратты күмісті сіңіру (импрегнациялау) 
(Н.П. Федченко бойынша); б — электронды микрофотография, үлкейтілімі 9000. 
1 — қалқанша безі фолликулының қуысы; 2 — парафолликулярлық эндокриноцит- 
тер; 3 — ядро; 4 — секреторлық түйіршіктер; 5 — митохондриялар; 6 — базальды 
мембрана; 7 — микробөлікшенің дәнекер тіндік қабықшасы
Тамырлануы. 
Кдлканша безінің тамырлануы өте жоғары деңгейде болады. 
Бір мезгілде калканша безінен өтетін канның мөлшері, шамамен, бүйректен 
сол уакыт арасында өтетін канның мөлшеріне тең, сонымен бірге, мүшенін 
белсенділігінің жоғарылауы, оның канмен камтамасыз етілуін тағы да ынта- 
ландырып жібереді.


15.3. Шеткері эндокриндік бездер
511
1 5 .1 2 -сур ет. Қалқанша безінің микро- 
бөлікшесінің құрылысы (Н.П. Федченко 
бойынша): а —  схема; б — электронды 
микрофотография, үлкейтілімі 10 000. 
1 — фолликул қуысы; 2 — фолликулярлық 
эндокриноциттер (Т-тироциттер); 3 —  
парафолликулярлық эндокриноциттер 
(С-тироциттер, 
кальцитониноциттер); 
4 — базальды мембрана; 5 — гемо- 
қылтамыр; 


микробөлікшенің
дәнекер тіндік қабықшасы; 7 — артери- 
ола; 8 — лимфа қылтамыры; 9 — тіндік 
базофил


512
15-Тарау. Эндокринді жүйе
Жүйкеленуі. Калканша безінде симпатикалык және парасимпатикалык 
жүйке талшықтары мол аныкталады. Адренергиялык жүйке талшыкта- 
рының стимуляциясы Т-тироциттердің кызметінін аздап күшеюіне, ал 
парасимпатикалык талшыктардын тітіркенуі 
онын 
кызметінің 
геже- 
луіне әкеледі. 
Тиротропты 
гормон 
негізгі 
реттеуші 
рөл 
аткарады. 
Парафолликулярлык жасушалар гипофиздің гормонына бейтарап калады, 
бірак симпатикалык (ынталандырушы) және парасимпатикалык тежеуші 
сигналдарга жауап береді.
Реактивтілігі және қалпына келуі. Улану, жаракаттану, аутоиммундык 
процесстер, тұкым куалау факторлары және тағы баскадай жағдайлар 
тиреотоксикоздарға немесе гипотиреозға әкелуі мүмкін. Калканша безінің 
калыпты жұмыс істеуі үшін организмге йодтын жеткілікті мөлшерде түсіп 
отыруы кажет екенін есте ұстаған жөн. Қалканша безінің жаракаттанудан 
кейін калпына келу кабілеті жоғары. Тиреоидты паренхиманың өсу көзі 
фолликулдардың эпителийі болып табылады. Т-тироциттердің бөлінуі 
фолликулдың жалпы ауданының ұлғаюына әкеліп, бұл фолликулдын ішкі 
беткейінде оның қуысына шыға орналасқан (интрафолликулярлык калпына 
келуі) катпарлардың, томпаймалардың және бүртікшелердін кұралғанын 
байқатады.
Жасушалардың көбеюі, сонымен катар, базальдык мембрананы сыртқа, 
фолликул аралық кеңістікке карай ығыстыратын эпителийлік бүршіктердің 
түзелуіне де әкелуі мүмкін. Біраз уакыт өткеннен кейін бұл кұрылымдардын 
Т-тироциттерінде тироглобулиннің биосинтезі кайтадан жүре бастай- 
ды да, микрофолликулдар кұралады. Куысында коллоидтын өндірілуі мен 
жинакталуы жалғасып жаткан микрофолликулдардың көлемі өсіп, бастапкы 
аналык фолликулға үксай бастайды (экстрафолликулярлык калпына келу). 
Парафолликулярлык жасушалар фолликулогенезге катыспайды.
Қалканша безінің аутоиммунды ауруының мысалы ретінде Хашимо- 
то дертін айтуға болады. Ол, антиген болып табылатын тироглобулиннің 
калканша безінің стромасына еніп кетуінің салдарынан туындаған, 
организмнің иммундык реакциясына бола қалыптасады. Бұл жағдайда бездің 
стромасы тым өсіп кетеді, оның ішіне лимфоциттер мен плазмоциттер мо- 
лынан келіп орналасады, ал калканша безінің фолликулдарында коллоидтын 
мөлшері азайып, бара-бара атрофияланады.
15.3.2. Қалқанша маңы безі
Калканша маңы безі 
(glandulae parathyroideae)
(4—5) калканша безінін 
арткы беткейінде орналасып, одан капсуламен бөлектенген. Бездің салмағы 
0,05—0,3 г болады.
Кдлканша маны бездерінін кызметтік маңызы кальцийдің метаболизмін 
реттеуде аныкталады. Олар остеокластардың сүйектерді резорбциялауын ын- 
таландыру аркылы кальцийдің канның кұрамындағы мөлшерін арттыратын, 
нәруызды гормон паратиринді өндіреді және, бүйректе өтетін фосфордың ре- 
зорбниясын тежеу жолымен, оның кандағы мөлшерін төмендетеді, кальцийдін 
бүйректегі экскрециясын азайтады, канның сары суындағы кальцийдін


15.3. Шеткері эндокриндік бездер
513
мөлшерін және ас корыту түтігінде оның сіңірілуін арттыратын 1-2,5-дигидр 
оксихолекальциферолдың (D дәруменінің метаболиті) синтезін белсендіреді.
Паратирин және кальцитонин минералдык заттардың алмасуын реттеу- 
де бір-бірімен тығыз байланыста болады: кальцитонин кандағы кальиийдін 
деңгейін төмендетеді; паратирин кальцитониннін антогонисі болып табыла- 
ды. Гипокальциемия паратириннін секрециясын арттырады, ал гиперкаль- 
ииемия, керісінше, тежейді. Кальиитонин және паратирин, сонымен катар, 
мүшелердегі кальиийдін экскреииясы мен сінірілуін реттеу аркылы, бүйректін 
және ас корыту жолдарының кызметіне ыкпалын тигізеді.
Дамуы. Калканша маны бездерінін ұрыкта калыптасуы жұткыншактык 
ішектін желбезек калталарынын III және IV жүптарының эпителийлерінін 
томпаймасы түрінде басталады. Эмбрионалдык дамудың 5—6 аптасында 
бездердін бастамасы эпителийлікбүршіктертүрінде кұралады. Эмбриогенездің 
7 -8 аптасында бұл бүршіктер желбезек калталарынын кабырғасынан 
бөлектенеді де, калканша безінін арткы беткейіне жабысады. Калканша маңы 
безінін эпителийлерінін гистогенезі барысында оны кұрайтын жасушалардың 
дифференииялануы арта түсіп, олардын көлемдері үлғаяды, күрамындағы 
гликогеннін мөлшері азаяды, цитоплазмасы ашык түсті бола бастайды. Олар 
басты паратироциттер деп аталады. 5 айлык ұрыкта басты паратироииттер 
ашык және күңгірт паратироииттерге дифференцияланады. Адамнын 10 жа- 
сында бездін келесі эпителийлік жасушалары пайда болады: аиидофилді не- 
месе оксифилді паратироциттер. Калканша маны бездерінің паренхимасында 
жекелеген косынды түрінде кальцитонин өндіретін С-жасушалардың болуы 
мүмкін.
Күрылысы. Әрбір калканша маны безі сыртынан жұка дәнекер тіндік 
капсуламен капталған. Онын паренхимасы кұрамында көптеген кыл- 
тамырлары бар дәнекер тіннін жұка кабатшаларымен бөлінген 
трабеку-
лалардан
— эпителийлік созындылардан немесе эпителийлік эндокриндік 
жасушалардын — 
паратироцшптердің (parathyrocytus endocrinus)
жиынтығынан 
кұралған (15.13-сурет, 
а, б).
Паратироциттердін арасында жасушааралык 
санылаулар жаксы дамығанымен, көрші жасушалар бір-бірімен интердигита- 
циялар және десмосомалар аркылы байланыскан. 
Басты паратироциттерді
(parathyrocytus principalis)
және 
оксифилді паратироциттерді (parathyrocytus
oxyphilicus)
ажыратады.
Басты жасушалар
паратиринді өндіреді, олар бездін паренхимасында 
басымырак кездеседі, көлемдері кішіректеу (7—10 мкм), пішіндері полиго- 
налды болып келеді. Шеткері аймактарында цитоплазмасы базофилді, ол 
жерлерде еркін рибосомалардың (полисомалардын) жиынтыктары шашыла 
орналаскан.
Секреторлык түйіршіктердің диаметрі 150—200 нм. Калканша маңы 
безінін секреторлык белсенділі жоғарылаған мезгілде басты жасушалардын 
көлемі ұлғаяды. Басты паратироциттердің арасында ашыктүсті 
(parathyrocytus
principalis lucidus)
белсенді емес және күнгірт 
(parathyrocytus principalis densus)
белсенді түрлерін ажыратады. Кейінгілерде өнім өндіретін (синтетикалык) 
органеллалар жаксы дамыған. Ашык жасушалардын цитоплазмасында




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   325   326   327   328   329   330   331   332   ...   383




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет