Эмбриология



Pdf көрінісі
бет377/383
Дата04.10.2022
өлшемі74,12 Mb.
#151686
түріОқулық
1   ...   373   374   375   376   377   378   379   380   ...   383
Байланысты:
Афанасьев Гистология

митоз көріністері; д  — аш ішектің 
бүрлерінің тамырлары
Аш ішектің сірлі кабыкшасы эмбриогенездін 5-ші аптасында мезенхимадан 
(оның дәнекер тіндік бөлігі) және мезодерманын спланхнотомының висце- 
ральды жапыракшасынан (оның мезотелийі) каланады.
Қүрылысы. 
Аш ішектің кабырғасы шырышты кабыкшадан, шырыш асты 
негізден, бұлшыкет және сірлі кабыкшалардан кұралады ( 16.23-сурет).


588
16-Тарау. Ас қорыту жүйесі
Аш ішектің ішкі беткейі айналмалы катпарлар, бүрлер және криитілер 
(ішек бездері) тәрізді ішектің күрылымдарының аиықталуына байланысгы 
өзіне ғана тән ерекше бедерлі болыи келеді. Бүл кұрылымдар аш ішектің жал- 
пы беткейінің көлемін арттыра отырып, ас корытудын негізгі кызметтерін 
аткаруға жағдай жасайды. Ішек бүрлері және криптілер аш ішектің шырышты 
кабыкшасының негізгі кұрылымдык-кызметтік бірлігі болып табылады.
Айналмалы катпарлар 
(plicae circulares
) шырышты кабыкшадан және шы- 
рыш асты негізден кұралады.
Ішек бүрлері (villi intestinales)
аш ішектің куысына еркін шыға орналасқан, 
пішіндері саусак немесе жапырак тәрізді болатын, аш ішектің шырышты 
кабыкшасының өсінділері.
Жаңа туған нәрестелерде және ерте постнаталдык кезенде бүрлердін пішіндері 
саусак тәрізді болса, ересектерде ол жайпактанып, пішіні жапыракка (немесе тіл 
тәрізді болады) ұксайды. Ж айпактанған бүрлердін екі беті — краниалды және каудал- 
ды беткейлері және екі шеті (айдары, жотасы) болады.
Аш ішекте бүрлердің саны өте көп. Олардың саны он екі елі ішекте 
баскалардан көбірек (1 мм2-ге 22—40 бүр аныкталады), одан сәл аздау мықын 
ішекте (1 мм2-ге 18—31 бүрден келеді) болады. Он екі елі ішекте бүрлер жалпак 
және кысқа болады (биіктігі 0,2—0,5 мм), ащы және мыкын ішектерде олар 
едәуір жіңішке, бірак биіктеу (биіктігі 0,5—1,5 мм-ге дейін) болады. Әрбір 
бүрдің түзелуіне шырышты кабыкшанын барлык кабаттарының кұрылымдык 
элементтері катысады.
Ііиек криптілері
(бездері) 
(cryptae seu glandulae intestinales
) шырыш­
ты кабыкшанын меншікті табакшасында орналаскан көптеген түтікшелер 
түріндегі эпителийдің терендемелері болып келеді (16.23-суретті караңыз, 
а, в).
Олардын сағалары бүрлердің араларына ашылады. Ішектің 1 мм2 
беткейіне 100 криптіге дейін келеді, ал аш ішекте барлығы 150 миллионнан 
астам криптілер болады. Әрбір криптінің ұзындығы шамамен 0,25—0,5 мм- 
дей, диаметрі 0,07 мм-ге дейін болады. Аш ішекте криптілердің жалпы ауданы 
14 м 2 шамасында аныкталады.
Аш ішектің 
шырышты қабықшасы
бір кабатты бағаналык жиекшелі эпи- 
телийден 
(epithelium simplex columnarum limbatum
), шырышты кабыкшанын 
меншікті табакшасынан 
(lamina propria mucosae)
жэне шырышты кабыкшанын 
бұлшык ет табакшасынан 
(lamina muscularis mucosae)
тұрады.
Аш ішектін эпителийлік қабатының кұрамында бағаналык эпите- 
лиоциттердің 
(epitheliocyti columnares),
бокал тәрізді экзокриноциттердің 
(ехо-
crinocyti calciformes),
Панет жасушаларының, немесе ацидофильді түйіршіктері 
бар экзокриноциттердің 
(exocrinocyti cum gzanulis acidophilis),
эндокри- 
ноциттердің 
(endocrinocyti),
сонымен катар, микроқатпарлы эпителиоциттер- 
дің (М-жасушалардың) жасушалык дифферондарын ажыратады.
Жоғарыда аталған жасушалардың даму көзі криптілердің түбінде орна- 
ласып, асимметриялык митоз және дивергентті дифференцировка әдісімен


16.3. Ac қорыту жүйесінің ортаңғы және артқы бөліктері
589
бастапкы-жасушалар сатысы аркылы накты эпителиоциттердің біріне айна- 
латын дің жасушалары. Бастапкы — жасушалар да криптілерде орналасады, 
олар дифференцировка үдерісінің барысында бүрдің жоғарғы ұшына карай 
орын ауыстырады, ол жерде бөлінуге деген кабілеті жоқ жасушалар өмірлік 
циклін апоптоз аркылы аяктайды немесе ас корыту барысында механикалык 
ыкпалдың әсерінен түлеп түседі. Адамда эпителиоциттердің тұтас жаңару 
циклі (физиологиялык калпына келуі) 5 -6 тәулікті кұрайды.
Репаративтік калпына келудің де негізінде осындай механизм жатады, 
эпителийдің дефектісі жасушалардың көбеюінің нәтижесінде жойылады.
Эпителиалдык кабаттың кұрамында, жасуша аралык кеңістіктерде 
гематогенді дифферонның туындылары — түйіршікті интраэпителиалды 
лимфоциттер, эпителиоциттердін дифферонымен косарласып орналасады, 
кейін олар шырышты кабыкшаның меншікті табакшасының ішіне, одан әрі 
лимфокылтамырларға орын ауыстырады. Ішек куысына түскен антигендер 
лимфоциттерді белсендіреді, олар иммундык корғанышта маңызды кызмет 
аткарады.
Ішек бүрінің қүрылысы. Әрбір ішек бүрі үстінен бір кабатты бағаналық 
эпителиймен қапталған (16.23-суретті караңыз, 
б).
Эпителийде негізгі үш 
жасушаларды ажыратады: бағаналы эпителиоциттер (және олардың бір түрі 
М-жасушалар), бокал тәрізді экзокриноциттер, эндокриноциттер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   373   374   375   376   377   378   379   380   ...   383




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет