Эмбриология


Бір кабатты бағаналы (призмалық) эпителий



Pdf көрінісі
бет75/383
Дата04.10.2022
өлшемі74,12 Mb.
#151686
түріОқулық
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   383
Байланысты:
Афанасьев Гистология

Бір кабатты бағаналы (призмалық) эпителий 
(e p ith e liu m s im p le x c o lu m n a r e
). 
Бүл эпителий аскорыту жүйесінің ортаңғы бөліміне тән (6.4-сурет, 
6, в ) .
 
Ол 
асказанның, аш және ток ішектердің, өт кабының, бауыр мен ұйкы безінің 
біркатар өзектерінің ішкі бетін каптайды. Эпителий жасушалары бір-бірімен 
десмосома, кұлып тәрізді санылаулы коммуникациялык байланыстар, тығыз 
тұйыктаушы байланыстар аркылы бірігеді (4-тарауды караныз). Олар аркылы 
эпителийдің жасуша аралык куыстарына асказан, ішек және т.б. куысты 
мүшелердің ішіндегісі өте алмайды.
Асказанда бір кабатты бағаналы эпителийдің барлык жасушалары шырыш 
бөлетін безді (беткейлік мукоциттер) болып табылады. Мукоциттердің секреті 
асказан кабырғасын астың катты түйірлерінен, pH ортасы кышқыл асқазан сөлінін 
және нәруыздарды ыдыратуға катысатын ферменттердің қорыту әсерінен корғайды. 
Асказан шүнкырларында — асказан қабырғасындағы ұсак терендемелерде орналаскан 
эпителий жасушаларының аз мөлшері бөлінуге және безді эпителиоциттерге 
дифференциялануға кабілетті камбиальды эпителиоциттер болып табылады. Асказан 
шүнкырлары жасушаларының есебінен әрбір 5 тәулік сайын асказан эпителиінің 
толык жаңаруы — онын физиологиялык регенерациясы өтеді.
Аш ішекте эпителий бір кабатты бағаналы, аскорытуға, яғни астың соңғы 
өнімдерге дейін ыдырауына және олардың кан мен лимфаға сіңірілуіне, белсенді 
катысады. Ол ішекте бүрлердің бетін каптайды және ішек бездерінің — криптілердін 
кабырғасын кұрайды. Бүрлердің эпителиінде микробүрлі эпителиоциттер басым бола­
ды. Эпителиоциттердің апикальды бетінің микробүрлері гликокаликспен капталған.


6.1. Жалпы морфологиялық сипаттамасы және жіктелуі
133
Мұнда мембраналык аскорыту — астың соңғы өнімдерге дейін ыдырауы (гидролиз) 
және олардың төменде орналаскан дәнекер тінінің кұрамындағы қан және лим ­
фа кылтамырларына сінірілуі (эпителиоциттердің цитоплазмасы мен мембрана- 
сы аркылы тасымалдау) жүреді. Эпителийдің ішек криптілерін каптайтын бөлігінде 
жиекшесіз бағаналы эпителиоциттерді, бокал тәрізді жасушаларды, эндокриндік 
және ацидофилді түйіршіктері бар экзокриноциттерді (Панет жасушаларын) ажы- 
ратады. Криптілердің жиекшесіз эпителиоциттері пролиферацияға (көбеюге) және 
микробүрлі, бокал тәрізді, эндокриндік және Панет жасушаларына дивергентті диф- 
ференциялануына кабілетті ішек эпителиінің камбиальды жасушалары болып табы- 
лады. Камбиальды жасушалар есебінен микробүрлі эпителиоциттер 5—6 тәулік ішінде 
толык жанарып (регенерацияланады) отырады. Бокал тәрізді жасушалар эпителий 
бетіне шырыш бөледі. Шырыш оны және төменде орналаскан тіндерді механикалык, 
химиялык және инфекциялык әсерлерден корғайды, кабыргалык аскорытуға 
катысады, яғни онда адсорбцияланған ферменттердін көмегімен нәруыздардың, 
майлардың және көмірсулардын аралык өнімдерге дейін ыдырауы іске асырылады. 
Эндокриндік (базальды-түйіршікті) жасушалардын бірнеше түрлері (EC, D, S және 
т.б.) аскорыту мүшелерінін кызметтерін жергілікті реттеуге катысатын гормондарды 
канға бөледі. Панет жасушалары лизоцим — бактерицидтік зат бөледі.
Сонымен катар, бір қабатты эпителий нейроэктодерманын туындыла- 
ры — эпителийлердің эпендимоглиалдыктүрінен де түрады. Жасушаларының 
кұрылысы бойынша ол жазык эпителий түрінен бағаналыға дейін өзгеріп 
отырады. Мысалы, жұлын каналын және ми карыншаларын каптайтын 
эпендималык эпителий бір кабатты бағаналы. Көздің торлы кабыкшасының 
пигментті эпителиі, пішіні көп бұрышты жасушалардан түратын, бір кабатты 
эпителий. Жүйке бағанын қоршайтын және периневралды кеңістікті тыстай- 
тын периневралды эпителий — бір кабатты жазык. Нейроэктодерма туын- 
дылары ретінде эпителийлердің калпына келу мүмкіндігі шектеулі, көбінесе 
жасуша ішілік деңгейде жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   383




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет