Эмбриология


 4 .5 -сур ет. Тимустың милық затының ретикулярлық эпителиоциті. Электрондық



Pdf көрінісі
бет291/383
Дата04.10.2022
өлшемі74,12 Mb.
#151686
түріОқулық
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   383
Байланысты:
Афанасьев Гистология

1 4 .5 -сур ет. Тимустың милық затының ретикулярлық эпителиоциті. Электрондық 
микрофотография, үлкейтілімі 18 000 (Л. П. Бобованың препараты): 1 — ядро; 
2 — вакуольдер; 3 — лизосомалар; 4 — митохондриялар; 5 — ретикулярлық эпите- 
лиоцитке инвагинацияланған лимфоцит


448
14-Тарау. Қан жасау (тузу) және иммундық қорғау жүйесі
әсіресе қабыктык затта. Кабыктык затта кылтамырлар үзіксіз тұтас базаль- 
ды мембранамен және перикылтамырлык кеңістікті шектеуші эпителийлік 
жасушалардын кабатымен коршалған. Тіндік сұйыктыкпен толтырылған 
перикылтамырлык кеністікте лимфоциттер және макрофагтар кездеседі. 
Қабыктык кылтамырлардын басым көпшілігі тікелей капсула асты венула- 
ларына ұласады. Аздаған бөлігі милык затка өтіп, кабыктык затпен шека- 
рада капсулярлык венулалардан призмалык эндотелиімен ажыратылатын 
посткылтамырлык венулаларға ұласады. Бұл эндотелий аркылы лимфоциттер 
рециркуляцияланады (тимустан шығады және кайтадан кайте келеді). Милык 
затта кылтамырлардын айналасында тоскауыл жок.
Сонымен, кабыктык және милык заттардан канның әкетілуі бөлек жүреді.
Лимфалык жүйе кылтамырлардын терең және үстіңгі (капсулалык 
және капсула астылык) әкетуші торынан түрады. Терен кылтамырлык тор 
кабыктык затта көбірек аныкталады, ал милык затта кылтамырлар катпарлы 
эпителийлік денешіктің айналасында ажыратылады. Лимфалык кылтамырлар 
кан тамырлардың бойымен жүретін бөлікше аралык тоскауылдардың тамыр- 
ларына жиналады.
Жүйкеленуі. Без симпатикалык және парасимпатикалык жүйкетермен 
жүйкеленеді: капсуланың және септаның күрамында кезбе жүйкенің және 
онын тармактарының, симпатикалык шекаралык бағандардың және диа­
фрагма жүйкесінін талшыктары болады. Жүйке үштары тамырлардын 
кабырғаларында және эпителиоциттерде аныкталған.
Тимустын адамныц жасына байланысты және акциденталды инволюиия- 
сы. Тимустың толык дамуы ерте балалык шакта жүреді. 3 жастан 20 жаска 
дейін оның салмағының тұрактылығы байкалады. 
Одан 
кейініректе 
тимустын кері дамуы (адамның жасына байланысты инволюциясы) өтеді. 
Бұл лимфоциттердін санының азаюымен, әсіресе кабыктык затта, дәнекер 
тінінің жасушаларында липидтік косындылардың пайда болуымен және май 
тінінің дамуымен косарланады. Қатпарлы эпителийлік денешіктер одан көрі 
үзағырак сакталынады.
Өте сирек жағдайда тимустың адамның жасына байланысты кері дамуы 
жүрмейді 
(status thymicolymphaticus).
Әдетте бұл бүйрек үсті безінің кыртыстык 
глюкокортикоидтарының жеткіліксіздігімен коса жүреді. Мұндай адамдардын 
инфекциялар мен улануларға төзімділігі төмендейді. Әсіресе ісіктердің даму 
катері жоғарылайды.
Уакытша, шапшан, немесе 
акциденталды
, инволюция организмге әр 
түрлі өте күшті тітіркендіргіштердің (жаракат, интоксикация, инфекция, 
ашығу және т.б.) әсерінен кейін басталуы мүмкін. Стрессреакция кезінде 
Т-лимфоциттердің канға шығарылуы және лимфоциттердің мүшенің 
өзінің ішінде, әсіресе кабыктык затта, жаппай өлуі жүреді. Осыған байла­
нысты кабыктык және милык заттың арасындағы айырмашылык білінер- 
білінбес болады. Лимфоцитолизбен коса макрофагтардың сырт көзге 
өзгермеген 
лимфоциттерді 
фагоциттеуі 
байкалады. 
Лимфоцитолиздін 
биологиялык мағынасы толык аныкталмаған. Мүмкін, лимфоциттердің өлімі 
Т-лимфоциттердің селекциясының көрінісі болар.


14.3. Көкбауыр
449
Лимфоциттердін өлімімен катарласа мүшенін эпителийлік бөлігінің 
каулап өсуі жүреді. Эпителиоциттер ісінеді, олардың цитоплазмасында гли- 
копротеиндерге тән реакцияға жауап беретін, секретке үксас тамшылар пайда 
болады. Кейбір жағдайларда олар жасушалардың араларында жинакталып, 
фолликулаларға үксас кұрылымдарды түзейді.
Стресс реакцияларға тимус бүйрек үсті безімен бірге катысады. Бүйрек үсті 
безінің кыртысынын гормондарының, алдыменен глюкокортикоидтардың, 
организмде көбеюі тимустың өте жылдам және оте күшті акциденталды инво- 
люциясына әкеледі.
Сонымен, кан жасаудағы тимустың кызметтік маңызы тимуска тәуелді 
лимфоциттерді, немесе Т-лимфоциттерді (тимоциттерді) түзеу, сондай-ак, 
мүшенін бөлетін гормоны — тимозиннін ыкпалының нәтижесінде шеткері кан 
жасау мүшелерінде лимфоциттердін селекциясының, пролиферациясы мен 
саралануының реттелуін жүргізу болып табылады. Сипатталған кызметтерден 
баска, тимус канға баскадай біркатар биологиялыкбелсенді факторларды бөлу 
аркылы организмге әсерін тигізеді: кандағы канттың мөлшерін төмендететін 
инсулинге ұксас фактор, кандағы кальцийдін концентрациясын азайтатын 
кальцийтонинге ұксас фактор және осу факторы.
14.3. КӨКБАУЫР
Көкбауыр (
splen, lien)
кан ағымына түскен антигендерден қорғану реак- 
цияларын камтамасыз ететін манызды қан жасаушы (лимфопоэздік) және 
корғаныш мүшесі; бұл жерде картайған және закымданған эритроциттер 
және тромбоциттер жойылады, сонымен катар кан коймаланып, тромбоцит- 
тер жинакталады.
Көкбауырда Т- және В-лимфоциттердің антигенге тәуелді пролифера­
циясы мен саралануы өтеді және эффекторлык жасушалардың, есте сактау 
жасушаларынын түзелуі жүреді. Бұл мүшенің көлемі мен салмағы канның 
коймалануының және кан жасау үдерісінің белсенділігіне байланысты өте 
катты өзгеріп тұрады.
Дамуы. Адамда көкбауыр эмбриогенездің 4—5-апталарында дорсалды 
шажыркайдынішіндекаланады.Дамудыңбасындакөкбауыр,біріншіреттіккан 
тамырларымен тілімделген, мезенхималык жасушалардың тығыз жиынтығы 
болып табылады. Әрі карай мезенхима жасушалары ретикулярлық тінге диф- 
ференцияланады, ал ол гемооэздік дің жасушаларымен коныстандырылады. 
Дамудың 7—8-апталарында көкбауырда макрофагтар пайда болады; 12-ап- 
тада бірінші рет иммуноглобулиндік рецепторлары бар В-лимфоциттер 
аныкталады. Эмбрионалдык дамудың 3-ші айында көкбауырдын кан тамыр- 
лар жүйесінде кең көктамырлык синустар пайда болып, оны аралшықтарға 
бөледі. 5-ші айда лимфа түйіншелері калыптасады. Түйіншелердін даму- 
ымен бірге кызыл пульпаның дамуы да өтеді; ал оның морфологиялык 
ажыратылуы кұрсак ішілік дамудың 6-шы айында мүмкін бола бастайды. 
Көкбауырдағы миелопоэз үдерістері кұрсак ішілік дамудың 5-ші айында 
жоғарғы шегіне жетіп, содан кейін олардың белсенділігі төмендей келіп, туар


450
14-Тарау. Қан жасау (түзу) және иммундық қорғау жүйесі
кезде мүлдем токтайды. Лимфопи- 
топоэз, керісінше, көкбауырда туар 
алдында арта түседі.
Құрылысы. Адамнын көкбауыры 
дәнекер тіннен 
түратын 
капсу- 
ламен және шажыркаймен кап- 
талған. 
Капсуланын 
калыңдығы 
көкбауырдың әр түрлі аймактарында 
әр түрлі. Ең калын капсула ішімен 
кан және лимфа тамырлары өтетін 
көкбауырдың какпасы маңында бо- 
лады. Капсула, кұрамында фибро- 
бласттар және көптеген коллаген 
және эластикалык талшыктары бар, 
тығыз талшыкты дәнекер тіннен 
тұрады.
Талшыктардың араларында аз- 
даған жазык бұлшык ет жасуша- 
лары орналаскан. Капсуладан мү- 
шенің ішіне карай тоскауылдар — 
көкбауыр 
трабекулалары 
кіреді, 
олар мүшенің тереңінде бір-бірімен 
косылыстар 
түзейді 
(14.6-сурет). 
Адамның 
көкбауырында 
капсула 
мен трабекулалар мүшенін жалпы 
көлемінің шамамен 5—7% алып, 
оның тіректік және жиырылғыш ап- 
паратын кұрайды.
Адамнын көкбауырының трабе- 
кулаларында жазык бұлшык ет жасу- 
шаларының мөлшері көп емес. Тра- 
бекулаларда эластикалык талшык- 
тар капсулаға карағанда көбірек 
болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   383




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет