Эмбриология


 4 .6 -сур е т. Көкбауырдың қүрылысы (Ю. И. Афанасьев бойынша): а — тіректік



Pdf көрінісі
бет292/383
Дата04.10.2022
өлшемі74,12 Mb.
#151686
түріОқулық
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   ...   383
Байланысты:
Афанасьев Гистология

1 4 .6 -сур е т. Көкбауырдың қүрылысы (Ю. И. Афанасьев бойынша): а — тіректік 
және жиырылғыш аппараты — капсула және трабекулалар; б  — қан айналымы; 
в — көкбауырдың гистологиялық құрылымы. 1 — капсула; 2 — мезотелий; 3 — тра­
бекулалар; 4 — көкбауыр артериясы; 5 — трабекулярлықартерия; 6 — пульпарлық 
артерия; 7 — орталық артерия; 7а — лимфа түйіншесіндегі қылтамырлар; 
76 — шеткері синус; 8 — шашақты артериолалар; 9 — эллипсоидты муфта; 10 —  
пульпаға тура бос ашылатын қылтамыр (ашық қан айналым теориясы бойынша); 
11 — көктамырлық синусқа үласатын қылтамыр (тұйық қан айналым теориясы бой­
ынша); 12 — трабекулярлық көктамыр; 13 — көкбауыр көктамырсы; 14 —  
периартериалдық лимфа қынабы; 15 — лимфа түйіншелері (ақ пульпа); 16 — қызыл 
пульпа; 17 — көктамырлықсинустар; 18 — ретикулярлықтін; 19 — қызыл пульпадағы 
эритроциттер және лейкоциттер; 20 — синустың эндотелиіндегі саңылаулар; 
21 — эндотелийлік жасушалардың ядролары; 22 — аргирофилді талшықтар


14.3. Көкбауыр
451
Көкбауырдың пульпасы 
ақ (pulpa alba
) және 
қызыл (pulpa rubra)
болып 
бөлінеді. Ак және кызыл пульпаның стромасы ретикулярлык тіннен тұрады. 
Көкбауырдың кұрылысы және ак және кызыл пульпанын аракатынасы 
мүшенің кызметтік жағдайына байланысты өзгеруі мүмкін.
14.3.1. Көкбауырдың ақ пульпасы
Ак пульпада лимфалык периартериалды муфтаны (кынап) және лимфалык 
түйіншілерді ажыратады. 
Периартериалды муфталар
Т-лимфоциттердің 
белсендірілуі, пролиферациясы және саралануы және В-лимфоциттердін ак- 
тивациясы жүретін орын. Бұл аймакты 
тимусқа тәуелдіpen
атайды. Муфтаның 
стромасы, орталык артерияның айналасында шоғырланған шеңберлердің 
бір немесе бірнеше кабаттарын түзейтін, ретикулярлык жасушалардан және 
ретикулярлык талшыктардан кұралады (төменнен кара). Муфтаның орталык 
бөлігінде антигентаныстырушы жасушалар және каннан рециркуляциялана- 
тын Т-лимфоциттер болады. Олардын 75% Т-хелперлер (CD4+), калғандары 
Т-киллерлер (CD8+). Сонымен бірге, В-лимфоциттер, плазмалык жасушалар 
және макрофагтар кездеседі.
Лимфоидты түйіншелер
(noduli lymphoideus sp/enici).
Орталык артерияның 
(a. centralis
) тармакталатын жерлерінде периартериалды муфтаның шеткі 
аймақтарында лимфоциттердің сфера түріндегі жиынтығы орналасады 
(14.7-сурет). Олар жай көзбен карағанда диаметрі 0,3-0,5 мм болатын акшылт 
дактар түрінде көрінеді. Лимфалык түйіншелер периартериалды лимфалык 
муфтадан созылған ретикулярлык жасушалардан тұратын жұка капсуламен 
бөлінген.
Бірінші реттік түйіншелер
қаннан көшіп келген кіші В-лимфоциттерден 
және антиген таныстырушы дендритті жасушалардан түрады. 
Екінші реттік
түиіншелер
антигендік ынталандырудан кейін пайда болады. 
Көбею орталығы,
немесе түйіншенің герминативті орталығы ретикулярлык жасушалардан және 
бөліну үстіндегі В-лимфобласттардан, дифференцияланған антидене түзеуші 
плазмалык жасушалардан түрады. Бүл жерде макрофагтардың жиынтығын 
жиі көруге болады, олардын ішінде фагоциттелген лимфоциттер немесе 
хромофилді денешіктер түріндегі олардың фрагменттері және дендритті жа­
сушалар аныкталады. Бұл жағдайда түйіншенің орталык аймағы ашык түсті 
(«реактивті орталык») болып көрінеді.
Келесі 
мантиялық аймак,
периартериалды аймакты және көбею орталы- 
ғын сыртынан коршап түрады, негізінен тығыз орналасқан кіші В-лимфо- 
циттерден және аздаған Т-лимфоциттерден, сонымен бірге плазмоциттер 
және макрофагтардан кұралады. Бұл аймактың бір-біріне жанаса тығыз ор- 
наласкан жасушалары айналмалы бағытталған жуан ретикулярлык тал- 
шыктармен кабаттарға бөлінеді.
Көкбауырдын түйіншелерінің 
шеткері
немесе 
маргиналды аймағы
ак 
және кызыл пулпаның араларындағы ені 100 мкм шамасындағы өтпелі 
бөлігі. Ол көбінесе Т- және В-лимфоциттерден және микроортаның жасу- 
шаларынан — фибробласттар түріндегі ретикулярлык жасушалардан тұрады. 
Бұл аймакта көптеген артериалдык тармакшалар және көктамырлык сину-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   ...   383




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет