Эмбриология


14.11-сурет. Лимфалықтүйіншеніңқұрылысыныңөзгеруініңтөрт сатысы (Е. Кон­



Pdf көрінісі
бет300/383
Дата04.10.2022
өлшемі74,12 Mb.
#151686
түріОқулық
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   383
Байланысты:
Афанасьев Гистология

461
14.11-сурет. Лимфалықтүйіншеніңқұрылысыныңөзгеруініңтөрт сатысы (Е. Кон­
вей бойынша): а — бастапқы сатысы; б —  көбею орталығының қалыптасуы; в —  
ашық аймақтың айналасында кіші лимфоциттерден тұратын күңгірт аймақтың 
қалыптасуы; г — ретикулярлық жасушалардан және макрофагтардан тұратын 
ашық (реактивті) орталық
кұрамында есте сактау В-жасушалары көбірек анықталады. Бұл салыс- 
тырмалы тыныштық сатысы. Орталыктардың пайда болуы және жойылуы 
2—3 тәуліктің ішінде жүреді.
14.4.2. Паракортикалды аймақ
Қабыктык және 
милык заттардың 
шекарасында 
паракортикалды 
(
paracortex
) тимуска тәуелді аймак орналасады. Ол жартылай шар және жар- 
тылай сопакша пішінді кұрылымдар катарынан тұрып, бір немесе бірнеше 
лимфалык түйіншелердің жалғасы болып келеді де, милык заттың созын- 
дыларына ұласады. Бұл аймақта биік эндотелийі бар постқылтамырлык ве- 
нулалар орналасады, қызыл жілік майынан және тимустан қанға түскен


462
14-Тарау. Қан жасау (түзу) және иммундық қорғау жүйесі
лимфоциттерде оларға арнайы рецепторлар болады. Олар түйінге циркуля- 
цияланушы және рециркуляцияланушы лимфоциттердің жайғасу орыны 
болып табылады. Микроортаның жасушаларына ретикулярлык жасушалар, 
макрофагтар және антиген таныстырушы дендригтік жасушалардын ерек- 
ше түрі — 
интердигиттендіруиіі
жасушалар жатады. Олардың ұзын саусак 
тәрізді өсінділері көрші жасушалардын араларына еніп, ұзакка созылады. 
Жасушаның ядросының инвагинациялары бар. Олар гіндерден әкелуші 
лимфа тамырлары аркылы көшеді деп есептеледі. Олардың плазмолеммала- 
рында гистоүйлесімділіктін II кдасының басты кешенінін молекулаларынын 
бірталай мөлшері болады, олар антигеннің пептидтерімен біріккен комплек- 
сте, осы жерде басым болып келетін, Т-лимфоцигтердің белсендірілуінде 
негізгі рөл аткарады. 
Тимэктомиядан соң паракортикалды аймакта 
Т-лимфоциттердің мөлшері күрт төмендейді, сондыктан оны тимуска тәуелді 
деп атайды. Тимуска тәуелді антигендерге иммундык жауаптын дамуы осы 
аймакта басталады.
Осы жерде антигеннің көмегімен Т-хелперлердің активациясы іске асады, 
ол В-лимфоциттердің және Т-киллерлердің белсендірілуі мен пролиферация- 
сын бастауға түрткі болады.
14.4.3. Милық зат
Түйіншелерден және паракортикалды аймактан түйіннің ішіне, оның 
милық затына, бір-бірімен косылыстар түзейтін 
милық созындылар
(chordae
meduUaria)
кіреді. Синустардың арасында орналаскан милык синустардың 
ретикулярлык тінінде плазмобласттарға және плазмоциттерге дифференци- 
яланатын, белсендірілген В-лимфоциттер болады. Милык созындылар және 
оларды коршап жататын трабекулалар мен синустар бірлесе 
милық затты
(medulla)
кұрайды (14.10-суретті караңыз, 
б).
Мүшеде лимфаның ағуы 
синустар
деп аталатын мүшеішілік лимфа 
тамырларының жүйесінін аркасында іске асырылады. Олар бір-бірімен 
косылыстар күрайтын түтікшелер және куыстар жүйесін калыптастырады. 
Әкелуші лимфа тамырларынан лимфа алдымен, түйіннің капсуласының және 
тәждің субкапсулалык полюсінін арасында орналасатын 
шеткері
(капсула 
асты, субкапсулалық) синуска түседі, әрі карай 
туйінше аралық
(кабыктык 
трабекулалар мен лимфа түйіншесінің арасында) және 
милық синустарға
(милык трабекулалар мен милык созындылардың арасында) күяды, ол 
какпа маңында 
ақырғы синусқа
кұяды, ал кейінгіден әкетуші лимфа тамы- 
ры басталады. Көктамырлык синустын кабырғасы араларында ені 1—3 мкм 
болатын саңылаулар аныкталатын эндотелиоциттерден және үзікті базаль- 
ды мембранадан тұрады. Эндотелиоциттердің пішіні таякша түрінде болып 
келеді. Қабырғасы сыртынан ретикулярлык жасушалардан және олардын 
өсінділерінен күралған. Перициттер болмайды. Милык созындылардың ма- 
крофагтары өздерінің псевдоподияларын синустардың ішіне енгізе алады 
және бөгде заттарды фагоциттей алады. Синустардың куыстарын өсінділі 
ретикулярлык жасушалар және лимфаның ағымын әжептәуір баяулататын


14.4. Лимфа түйіндері
463
аргирофилді талшыктар, әр түрлі лимфоциттер, макрофагтар, плазмалык 
жасушалар және бірен — саран гранулоциттер толтырған. Мұнын бәрі 
антигендердін фагоцитозын және жасуша аралык байланыстарды женілдетеді. 
Синустардың лимфасына өндірілген антиденелер және түйіннен шығатын 
лимфоциттер түседі. Сонымен, синустар корғаныш сүзгісінің кызметін 
аткарады, оларда фагоцигтеуші жасушалардың болуына байланысты лимфа 
түйіндеріне түскен антигендердің басым көпшілігі кармалынады.
Лимфа түйіндері әр түрлі сырткы және ішкі факторларға өте сезімтал болып 
келеді. Мысалы, иондаушы радиациянын әсерінен лимфа түйіншелерінде, 
милык созындыларда лимфоциттер тез өле бастайды. Бүйрек үсті безінің 
кыртысы кызметініңжеткіліксіздігі кезінде, керісінше барлык мүшелерде лим­
фа тінінің қаулан өсуі 
(status thymicolymphaticus
) байкалады. Лимфа түйіндері 
инфекция ошактарының және ісік жасушаларының орныккан жерлері болуы 
мүмкін. Кейбір аурулар көптеген лимфа түйіндерінін көлемдерінің ұлғаюына 
әкеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   383




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет