Дамуы. Адамда түйіндердің басым көпшілігі эмбриогенездің 9—
1 0-аптасын-
да каланады, бірак, кейбір түйіндер пренаталды кезеңнің барлык мезгілінде,
кейде одан да кештеу, пайда болуы мүмкін. Әдетте, олар лимфалык және кан
тамырларының кеңейген негіздері немесе өрімдері орналаскан жерлерінде
каланады. Лимфалык саңылаулар мен тамырлар синустарға айналады, ал
коршаған мезенхима дәнекер тіннен кұралған тоскауылдар мен ретикулярлык
стромаға бастау береді. Тоскауылдарға кан тамырлары енеді. Строманың ішіне
Т- және В-лимфоциттердің коныстануы дамудын 12—13-апталарынан баста-
лады, бірак эмбриогенездің бүкіл мерзімінде Т-лимфоциттер басым болады.
15—16-аптада капсула калыптасып, шеткері синус айкын аныкталады.
19—20-аптадан лимфоциттердін жиынтығы диффузды кыртысты, алғашқы лим
фалык түйіншелерді (көбею орталыкдарынсыз) және милык созындыларды
күрайды. Бүл мезгілде кан айналым жүйесі жақсы дамыған, кыртыстың лим-
фоциттерінің жиынтығының ішінде кылтамырлык торлар болады. Көктамырлык
тамырлардың көпшілігі лимфоциттердің коныстануына септесетін биік эндоте-
лиймен капталған. Эмбриогенездін аяғында түйіндерде барлык кұрылымдар
калыптаскан: лимфоидты түйіншелері бар кабықтык зат, милык созындылар, си-
нустар, Т- және В-аймақтар. Көбею орталыктары және плазмалық жасушалар
нәресте туғаннан кейін пайда болады. Биік эндотелийі бар көктамырлар тек пара-
кортикалды аймақта ғана сакталады. Түйінге кіретін лимфа тамырлары әкелуші
тамырларға, ал қакпадан шығатындар — әкетуші тамырларға айналады.
Кұрсақішілік дамудың 5-ші айының аяғында лимфалык түйіндер
дефинитивті кан жасау мүшесінін кескініне ие болады.
Лимфа түйіндерінде эмбриогенездің аяғында барлык күрылымдардың —
лимфоидты түйіншелері бар кабыктык заттың, милык созындылардың,
синустардың, Т- және В-аймактардын — пішінделуі аяқталады.