Эмбриология


Лдамның жасына байланысты өзгерістері



Pdf көрінісі
бет296/383
Дата04.10.2022
өлшемі74,12 Mb.
#151686
түріОқулық
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   ...   383
Байланысты:
Афанасьев Гистология

Лдамның жасына байланысты өзгерістері. 
Қартайған кезде көкбауырда 
ак және кызыл пульпаның атрофиясы жүреді, осыған байланысты оның 
трабекулярлык аппараты айкынырак көрінеді.
Көкбауырдағы лимфалык түйіншелердін саны мен олардың көбею 
орталыктарынын көлемдері біртіндеп кішірейеді. Ак және кызыл пульпанын 
ретикулярлык талшыктары дөрекіленіп, иректеле түседі. Карт адамдар- 
да талшыктардын түйінделе жуандауы байкалады. Пульпадағы макрофаг- 
тар мен лимфоциттердін саны азаяды, түйіршікті лейкоциттердін және мес 
жасушалардын саны арта түседі. Балалар мен карттарда көкбауырда көпядролы 
гигантты жасуша — мегакариоциттер аныкталады. Эритроциттердің өлу 
үдерісінін айғағы болып табылатын, кұрамында темірі бар пигменттін мөлшері 
адамнын жасы үлғайған сайын көбейе түседі, бірак, ол көбінесе жасушадан 
тыс орналасады.
Қалпына келуі. 
Лимфоидты және стромалдык жасушалардын физио- 
логиялык жаңаруы дербес дін дифферондарының шегінде өтеді. Жануарлар- 
да жүргізілген эксперименттік зерттеулер көкбауырдың көлемінің 80— 
90% сылынуынан кейін калпына келу (репаративті регенерация) мүмкіндігін 
көрсетті. Бірак, әдетте мүшенін пішіні мен көлемінің толык калпына келуі 
жүрмейді.


456
14-Тарау. Қан жасау (түзу) және иммундық қорғау жүйесі
1 4 .4 . ЛИМФА ТҮЙІНДЕРІ
Лимфа түйіндері 
(noduli limphatici)
лимфалык тамырлардың бойымен, 
аймактана, топтана орналасып, лимфоцитопоэз, иммундык корғаныш және 
ағып өтетін лимфаның коймалану мүшесі болып табылады.
Лимфа түйіндерінде Т- және В-лимфоциттердің 
антигенге тэуелді
проли- 
ферациясы (клондау) және эффекторлык жасушаларға, есте сактау жасуша- 
ларына саралануы жүреді. Лимфалык түйіндер дөңгелекше немесе сопакша 
пішінді, көлемдері 0,5—1 см шамасындағы өте көп (ЮООдейін) кұрылымдар. 
Әдетте олардың бір жағында ішіне кіре орналаскан ойпаңы болады (14.9-су- 
рет). Қакпа деп аталатын бұл жерде түйінге артериялар мен жүйкетер кіріп, 
көктамырлар мен әкетуші лимфа тамырлары шығады. Лимфаны әкелуші 
тамырлар түйінге карама-қарсы, дөңес жағынан кіреді. Түйіннің лимфа 
тамырларының бойымен осылайша орналасуының нәтижесінде, ол, тек кана 
кан жасау мүшесі ғана емес, сонымен бірге, канға бағытталып, тіндерден 
шығатын сүйыктык (лимфа) үшін де ерекше сүзгі болып табылады.
Лимфа түйіндерінен өту барысында, лимфа 95-99% бөгде заттардан және 
антигендерден, артык судан, нәруыздардан, майлардан тазарып, антидене- 
лермен және лимфоциттермен байытылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   ...   383




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет