14.7. Иммундық жүйе және иммундық реакциялардағы жасушалардың арақатынасы
479
жасушалар миелоидты және лимфоидты жасушаларға бөлінеді.
Миелоидты
жасушаларға теріде, шырышты кабыкшаларда және мүшелердің интерстиция-
сында орналаскан дендритті жасушаларды жаткызады.
Лимфоидты
дендритті
жасушалар лимфа түйіндерінде, көкбауырда және тимуста аныкталған. Ти-
муста олар өзінің антигендеріне агрессия көрсететін Т-лимфоииттердің жой-
ылуына (теріс селекция) жауапты.
Лимфа түйіндерінің, көкбауырдың лимфалык түйіншелерінде және шы
рышты кабыкшалардың лимфалык тіндерінде ерекше
фолликулярлық дендритті
жасушалар
(ФДЖ) орналасады. Олардың плазмолеммаларында көптеген
антиденелер және комплемент болады және баска дендритті жасушалардан
айырмашылығы II кластың гистоүйлесімділіктің басты жасушасынын моле-
куласы болмайды. Фолликулярлык дендритті жасушалар плазмолеммасында
антиген-антидене кешенін түрактандырып, коймалауға және В-лимфоциттерге
антигенді таныстыруға маманданған. Олар лимфоциттердің пролиферациясын
ынталандыратын цитокиндерді бөле алады. Бұл жасушалар орналаскан жерінен
көшпейді және өсінділерімен байланысу аркылы тұракты торларды кұрайды.
Сонымен, макрофагтар және олардын әр түрлі түрлері организмнін
иммундык реакцияларында жасушалардын
біріге,
әрекеттесе
жұмыс
аткаруына (Т- және В-лимфоциттердің) тікелей белсене катысады (14.17-су-
реттер,
а, б).
Достарыңызбен бөлісу: