Эмбриология


-сурет. Жалғасы (белгілерін «а», «б»-дан қараңыз)



Pdf көрінісі
бет312/383
Дата04.10.2022
өлшемі74,12 Mb.
#151686
түріОқулық
1   ...   308   309   310   311   312   313   314   315   ...   383
Байланысты:
Афанасьев Гистология

14.19-сурет. Жалғасы (белгілерін «а», «б»-дан қараңыз)


484
14-Тарау. Қан жасау (тузу) және иммундык, қорғау жүйесі
баяу турі
дің жасушаларына және шеткері лимфалык мүшелерді коныстаған 
Т- және В-лимфоциттерге тән. Миграцияның 
жылдам турі
(бірнеше сағат) 
ұзак өмір сүретін, үнемі рециркуляцияланушы есте сактау лимфоциттеріне 
тән. Олар каннан шеткері лимфалык мүшелерге және олардан кері бағытта 
канға көшіп жүреді. Жылдам айналымда жүретін лимфоииттер популяция- 
сы негізінен Т-лимфоциттерден тұрады. Баяу көшіп-конатын жасушалардың 
көбі В-жасушаларға жатады. Жедел иммундык жауап кезінде эффекторлык 
цитотоксиялык лимфоциттердің және плазмоциттердің ізашарларынын кан 
және лимфа аркылы, иммундык жауап беруге кажетті жағдай камтамасыз 
етілетін, иммундык жүйенің барлык бөлімдеріне және дәнекер тінге көшуі 
жүреді. Қайта айналымға түсетін (рециркуляцияланатын) лимфоциттердің 
саны адамның канында шамамен 1010 болады.
Кайта айналымға тусетін
лимфоциттер кіші лимфоциттер популяциясы- 
ның негізгі бөлігін құрайды, олардын көбі ұзак өмір сүретін Т-лимфоциттер, 
ал аз бөлігі В-лимфоциттер болып табылады.
Кайта айналымға түсетін лимфоциттердің тікелей өздері антиденелерді 
бөлу арқылы жойып жібере алатын, кез келген бөгде текті нысанамен кезде- 
суге оңтайлы мүмкіндігі бар.
Лимфоциттер рецепторларының көмегімен бөгде текті материалды 
аныктай отырып, организмнің барлык тіндерін «тексеруден» өткізеді. 
Антигеннің шеткері лимфоидты мүшелерге түсуі кезінде олардың орна- 
ласқан аймактарында Т-лимфоциттер жиналады. Бұл аймақтарда сәл кеші- 
рек В-лимфоциттер пайда болады. Макрофагтардын, Т- және В-лимфо- 
циттердің әрекеттесуі және антигенді кауымдаса тануы жүріп, В-лимфо- 
циттерден есте сақтау жасушалары және антиденелер өндіретін, плазмалык 
жасушалардың саралануы өтеді. Есте сактау лимфоциттері 20 жыл бойы 
және одан да көп өмір сүреді. Есте сактау жасушаларының жүре пайда 
болған касиеттері ұрпақтан ұрпакка беріледі.
Сонымен, иммундык жүйенін жасушаларының миграциясы мен рецирку- 
ляциясы организмнің гендік даралығын камтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   308   309   310   311   312   313   314   315   ...   383




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет