Эмбриология



Pdf көрінісі
бет334/383
Дата04.10.2022
өлшемі74,12 Mb.
#151686
түріОқулық
1   ...   330   331   332   333   334   335   336   337   ...   383
Байланысты:
Афанасьев Гистология

1 5 .1 5 -сур е т. 
Шоғырлы аймақтың кортикостероциті. Электрондық микрофото­
графия, үлкейтілімі 54 000 есе (В. П. Деревянко бойынша): 1 — май қосындылары; 
2 — Гольджи кешені; 3 — митохондриялар; 4 — гиалоплазма; 5 — ядро қабықшасы; 
6 — ядро


520
15-Тарау. Эндокринді жүйе
Бұл жасушалардың питоплазмасында липид тамшылары мол болып 
келеді. Митохондриялары үлкен көлемді, пішіндері дөңгелектеу немесе 
сопакша, кристілері иректелген және тармакгалған түтікшелер түрінде бо- 
лады (везикулярлык кристілер). Жазык эндоплазмалык тор жаксы дамыған. 
Рибосомалар цитоплазмада еркін орналаскан. Бүл аймактарда ашык жа- 
сушалармен катар цитоплазмасы тығыздалған, липидтік косындылары аз, 
бірак рибонуклеопротеидтерінін мөлшері көбейген, саны ашык жасушаларға 
жуык, күнгірт жасушалар да кездеседі. Күңгірт жасушаларда түйіршіксіз 
эндоплазмалык тормен катар түйіршікті эндоплазмалык тор да бар. Ашык 
және күңгірт жасушалар бір тана жасушалардың, кортикостероциттердін 
кызметтік жағдайы эр түрлі түрлері болып табылады. Күңгірт жасушалар­
да ерекше маманданған нәруыздардың — ферменттердің түзелуі жүреді деп 
болжайды, олар кейін 
кортикостероидтардың
өндірілуіне катысады, ол ту- 
ралы күңгірт жасушалардың цитоплазмасында рибосомалардың молынан 
болуы мәлімдейді. Стероидтарды өндіріп, жинактаған сайын жасушалардын 
цитоплазмасы ашыктана түседі де, олар дайын өнімді канға бөліп, дайын 
секреторлык өнімді канға түсіру фазасына кіріседі.
Шоғырлы аймакта глюкокортикоидты гормондар өндіріледі: кортикос- 
терон, кортизон және гидрокортизон (кортизол). Олар көмірсулардың, 
нәруыздардың және липидтердің алмасуларына ыкпалын тигізіп, организмде 
өтетін фосфорлену үдерістерін белсендіру аркылы энергияға бай заттардын 
түзелуіне көмектеседі, ал олар организмнің әрбір жасушасында жүріп жаткан 
бүкіл тіршілік үдерістерін энергиямен камтамасыз етуте жұмсалу үшін 
бөлінеді. Глюкокортикоидтар тлюконеогенездің (глюкозанын нәруыздардын 
есебінен түзелуі) және гликогеннің бауыр мен миокардта жиналуын, сондай- 
ак, тіндік нәруыздардың мобилизациясын үдетеді. Глюкокортикоидтардын 
жоғары мөлшері каннын лимфоциттері мен эозинофилдерінің деструкция- 
сына және ыдырауына әкеліп, лимфоцитопения мен эозинофилопенияны 
калыптастырады, сонымен катар организмде кабыну үдерістерін тежейді.
Торлы аймақ (zona reticularis).
Бұл жерде эпителийлік созынды- 
лар тармакталып, 
борпылдак босаң тор 
кұрайды. 
Торлы 
аймакта 
кортикостероциттердің көлемдері кішірейіп, пішіндері текшелі, дөңгелекше 
немесе бұрыштанған бола бастайды. Оларда май косындыларының мөлшері 
азаяды, ал күңгірт жасушалардын саны артады. Митохондриялардағы 
кристілер түтікше түрінде болады. Эндоплазмалык тор көбінесе вакуольдер 
түрінде, цитоплазмада бос еркін рибосомалар молырак аныкталады. Гольджи 
кешені жаксы дамыған.
Торлы аймакта химиялык табиғаты жағынан және физиологиялык 
касиеттері тұрғысынан аталык жыныс безінін тестостеронына жакын, 
ан-
дрогенстероидты гормон
өндіріледі. Сондыктан бүйрек үсті безінің кабыктык 
затының ісіктері әйелдерде вирилизмнің (екінші реттік еркектік жыныс 
белгілерінің, атап айтсак, мүрт пен сакалдын өсуі) жиі себептерінің бірі бо­
лып табылады. Торлы аймакта, сонымен бірге, аналык жыныс гормондары да 
(эстрогендер жэне прогестерон) өндіріледі, бірак аз мөлшерде. Кейде торлы 
аймакта милык затпен шекарада феталды кабыктын калдыктары сакталынуы


15.3, Шеткері эндокриндік бездер
521
мүмкін. Олардың жасушалары ацидофилді цитоплазмасымен сипатталады. Бұл 
калдык күрылымдар баскаша Х-аймак деп аталады. Кейбір сүткоректілердін 
ұрғашыларында ол үнемі аныкталады, ал еркектерінде кастрациядан кейін 
біліне бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   330   331   332   333   334   335   336   337   ...   383




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет