«Емдеу және бейімделу дене шынықтыру» Оқу-әдістемелік кешені 050108 «Дене шынықтыру және спорт»



бет3/42
Дата01.11.2022
өлшемі258,51 Kb.
#156008
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
«Емдеу ж не бейімделу дене шыны тыру» О у- дістемелік кешені 050

Лекция №1
Тақырып. Жалпы және жеке патология негіздері.
Мақсаты: Жалпы ауруға анықтама беру. Ауру, сырқаттың алдынғы кезі, патологиялық жағдай, ауруға қарсыласуға анықтама беру. Аурудың себебі мен дамуы, барысымен таныстыру . Ағзаның ауруға қарсы туру қабілетін түсіну..
Дәріс тезистері:
Қандай ауру болмасы, алғаш басталғанда, адамның еркін алып, күнделікті қалыпты өмір тіршілігін өзгертеді. Жұмысқа деген қабілеттілік азайып, бойды немқұрайдылық пен самарқаулық билеп алады. Ал жұқпалы індетке тап болса, адамның ыстығы көтеріліп, жүрегі жиі соғып, бас ауруы жиілеп, берекесі кетеді.
Осындай кезде, әлбетте, науқас адамды жылы төсекке, тыныш жеке бөлмеге жатқызып қояды. Өйткені індет асқынып кетуі ықтимал, организмнің ауруға қарсыласуы, төзімділігі кенет төмендеп кетуі мүмкін.
Дегенмен ұзақ уақыт науқасты төсекте қозғалтпай, қимылдатпай жатқызып қоюдың өзі де жақсылыққа апармайды. Қимылсыз жатқан денеде неше түрлі жағымсыз жағдайлар болады. Содан бойды аулақ ұстау үшін, сырқат адам әлі келген кезде біртіндеп тыныштық пен қимылдың арасын жақындату керек. Бұл науқастың жағдайына, жасына, аурудың түріне, кезеңіне байланысты шешілетін мәселе.
Емдік гимнастика, дұрыс қолданса, денені жылдам сергітіп, ауруға төзімділігін арттырып, қорғаныс қабілетін нығайтып, сырқаттың жылдам айығуына ықпал етеді.
Емдік гимнастика адам денесіне әсер еткенде күрделі құбылысқа сүйенеді. Ол-жоғары нерв жүйесі мен гуморальды (денедегі сұйық зат) реттеуші күштер моторлы-висцералдық рефлекстер.
Негізінде емдік гимнастиканың төрт механизмі бар: денені әлдендіру (сергіту), қоректендіру, орнын толтыру, бірыңғайлау немесе бұрынғы қалпына келтіру. Бұлардың бәрі бір-бірімен тығыз байланысты.
Студенттің өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1.Жалпы және жеке патология негіздері.
2.Жалпы ауруға берілетін анықтама.
3.Шеткері қан айналымының бұзылуының негізгі түрлері.
4.Тіндегі зат алмасуының бұзылуы.
5.Қабыну және жылу алмасынуың өзгерүі.
Әдебиет:
1. Икиманова ГК. Саулық пен сымбат. Алматы. 1991ж.
2. Попов СН Лечебная физическая культура. –М 1988г.
3.Дубровский ВИ. Лечебная физическая культура. М 2001 год
4.Васичкин ВН. Лечебный и гигиенический массаж. –Минск 1996 год.
5. Правосудов ВП. Лечебная физическая культура. М-1980год.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет