Әміров Әбдібек Жетпісұлы Қазақ терминологиясы


Сын есім мен зат есімнің бірігуі арқылы жасалған терминдер



бет18/25
Дата10.03.2023
өлшемі212,85 Kb.
#171684
түріМонография
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25
Байланысты:
treatise64286

Сын есім мен зат есімнің бірігуі арқылы жасалған терминдер:
Бұл жағдайда біріккен сөздер сыңарлары сын есім + зат есім немесе зат есім + сын есім қалпында ауысып келе береді.
Бұл топқа аскөк (укроп), көкбауыр (селезенка), көктамыр (вена), қарашірік (перегной), тікұшақ (вертолет), шағынаудан (микрорайон) жеделхат (телеграмма), т.б. терминдерді жатқызуға болады.
Мысал келтірейік: Тікұшақ Ақмолаға қайта ұшқанда да аядай терезеден шағын көлдер мен жасыл егін, жазира шалғынға мыңқыстай жайылған малдарға қараумен болды (Қ.Ә. 1992. № 29. 17 шілде, -1 б.). «Дортресстрой» акционерлік қоғамның күшімен Жеңіс және Бигельдинов көшелерінің қиылысында бой көтерген 28 пәтерлі үй мен «Транстелеком» тапсырған №2 шағынаудандағы 12 пәтер де қазіргі заманғы талаптарға жауап берердей сәулетті де сәнді (Е.Қ. 1997. №164, 22 тамыз, -3 б.). Мұндай бассыздыққа ашынған №6 совхоз басшылары министр Есенғаринге, Алматы теміржол басқармасының бастығы Омаровқа, теміржол кәсіподағының төрағасы Шубинге жеделхат жөнелтіп-ақ бақты (Қ.Ә. 1993. №15. 9 көкек, -11 б.).
Сын есім мен зат есімнің бірігуінен жасалған терминдердің басым көпшілігі медицина терминдері болып келетіндігі байқалады. Оған басты себеп – дене мүшелеріне атау болған кезде олардың түр ерекшеліктерін сипаттап көрсететіндіктен болса керек.
Сын есім мен басқа сөз таптарының бірігуі арқылы жасалған терминдер:
Біріккен терминдердің жасалуында сан есімдер де айрықша қызмет атқарады. Мұндай жағдайда сан есімді сөз алғашқы сыңарда жұмсалады да, екінші сыңары әр түрлі сөз таптарынан болып келеді.
Соңғы жылдары баспасөз беттерінде сан есімнің басқа сөз таптарымен бірігуі арқылы жасалған біріккен терминдердің ішінен бірінші сыңарда әсіресе «бір» сөзі жиірек ұшырасқаны байқалады.
Мысалы, біртұтас (унитарный), біржолғы (единовременный), бірауыздан (единогласный), біріздендіру (унификация) т.б.
Ата заң – ол басқа ел алдында біртұтас мемлекет екендігімізді мойындатып қана қоймайды, Қазақстанды мекендеген барша халықтың достығын, ауызбіршілігін, туысқандығын паш етеді (А.т. 1998. № 34. Тамыздың 27-сі, -15 б.). Рахманқұл Бердібай азаматтығы жайында аз айтылмайды. Бір ғажабы – замандастары өзара ақылдасып алғандай Рахаң азаматтығын бірауыздан, бір дауыспен айтады. (Қ.Ә. 1997. № 43. 28 қазан, -12 б.).
Бір сан есімі түбір сөз күйінде тұрып-ақ көбінесе сандық мағынадан гөрі бірдей деген сындық мағынаға ие. Осы мағынасын ол басқа сөздермен бірігу үдесінде сақтап, өзі бірігетін сөз мағынасымен тұтастықта нақтылай түсетіндігі байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет