Әміров Әбдібек Жетпісұлы Қазақ терминологиясы


Сөз тіркесі арқылы жасалған терминдер



бет21/25
Дата10.03.2023
өлшемі212,85 Kb.
#171684
түріМонография
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
treatise64286

3.4 Сөз тіркесі арқылы жасалған терминдер

Аналитикалық тәсілмен термин жасаудың тағы бір амалы сөздердің тіркесуі арқылы болады.


Бір сөзбен екінші сөзді тіркестіре отырып атау жасау сөзжасамның өнімді тәсілдерінің бірінен саналады.
Тіркесті терминдер зат не құбылыстың атауы ретінде атауыштық қызмет атқарады. Өйткені дара мағыналы болып, таза номинативті қызмет атқару – терминге тән қасиет. [97,13]. Олар номинативті мағынада қолданылуының нәтижесінде тұрақтылық қасиетке ие бола бастайды, көпшілігінің құрамындағы сыңарлары бір-бірімен біріге келе, бөлуге келмейтін бір бүтін бірлік ретінде жеке атауға айналады.
Сөз тіркесі арқылы жасалған терминдер жайлы проф. Т.Сайрамбаевтың «Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен белгілі бір байланыс формасында жұмсалатындығы сияқты терминологиялық сөздер де сөз санына қарай өзара белгілі бір байланысу формасында қалыптасады» [98,83] деген пікірін негізге ала отырып, біз тіркестерден болған терминдерді байланысу ерекшелігіне қарай есімді және етістікті деп, сондай-ақ олардың өзін іштей бірнеше үлгіде талдап көрсететін боламыз.
Есімді сөз тіркестері.
Қабыса байланысқан тіркесті терминдер:
Қабыса байланысқан сөз тіркестері қазіргі қазақ тілінде, сондай-ақ түркологияда сөз тіркесінің басқа да типтері сияқты есімді және етістікті сөз тіркестері болып бөлінеді.
Қабыса байланысқан есімді сөз тіркестерінің ішінде өнімді қолданылатындары – зат есім мен зат есімнің тіркесі. Бұл құрамдағы сөз тіркесі бір-бірімен тіркесе келе, алдыңғысы соңғысының анықтауышы қызметіңде жұмсалады.
Соңғы жылдардағы баспасөз беттерінде зат есім мен зат есімнің тіркесуі арқылы жасалған терминдер: аманат ақша, ағын су, дыбыс толқын, ғалым хатшы, қопарылыс толқын, маңдай кедергі сияқты болып келеді.
Ғалымдар арасында қабысу мен матасуды ажыратуда жекелеген пікірлердің болып келгені белгілі. Кейбір ғалымдар ілік жалғаулы сөздердің ашық және жасырын түрінің тәуелдік жалғауымен тіркесуін матасу деп қарастырса, ал екінші бір ғалымдар ілік жалғауынсыз сөздердің тіркесуін қабысуға жатқызады. Біз де осы соңғы пікірге қосыламыз. Өйткені мұнда көбіне орын тәртібі негізге алынады.
Сондықтан газет беттерінде қолданылып жүрген Ақсақалдар алқасы, Ардагерлер кеңесі, бөбек үйі, валюта тұрлаулығы, жүйке аурулары, көңіл күйі, су құбыры, табыс көзі, шарт талаптары, шаруа шаруашылығы, ылғал айналымы т.б. сөз тіркесі терминдерін де қабыса байланысқан сөз тіркесі ретінде қарастырамыз. Мысалы, Облыстық «Қазақ тілі» қоғамы қасынан құралған Ақсақалдар алқасының бір тобы жуырда облыс әкімімен кездесіп «Өліара кезеңінің» ұзаққа созылып кеткенін, халықтың, әсіресе ауыл тұрғындарының тұрмыс тіршілігі күйзеліске түсіп, сең соққан балықтай халге келгенін баяндаған едік. (А.т. 1997. №136. Наурыздың 27-сі, -2 б). Бұрынғы қалалық, аудандық партия комитеттерінің үйлері де денсаулық сақтау саласына берілген 120 орынды бөбектер үйі іске қосылған (Е.Қ . 1995. №122. 28 мамыр, -3 б). Қазақстан ұлттық банкі ақша-несие саясатының мақсаты Қазақстан Республикасының ұлттық валюта тұрлаулығын оның сатып алу қабілеті мен басты шетел валюталарына қатысты бағамын қамтамасыз ету болып табылады (Е.Қ. 1995. №73. 18 сәуір, -3 б). Бұл арада қаржы жағдайына байланысты мәселе тарифті өсіруде тұрған жоқ, компанияның техника-экономикалық және қаржы саласына келіп тіреледі. (Е.Қ. 1999. № 252. 16 қараша, -1 б). Беловод топтық су құбырының 1997-1998 жылдары су беруді тоқтатуына байланысты сумен қамтамасыз етудегі ең қиын жағдай Уалиханов және Ақжар аудандарында қалыптасты, су құбырынан су алатын 57 елді мекен сусыз қалды. (Е.Қ. 1997. №247. 9 қараша, -1 б).
Тілімізде сөз тіркестерінің бірінші сыңары атау тұлғасында, екіншісі тәуелдік формада тұрған сөздерден атау сөз құрау бұрыннан бар нәрсе болатын. Әйтсе де бұл тәрізді тіркестерден құралған атаулар онша көп емес. Мұндай сөз тіркестерінің құрамындағы сөздер негізінен ықшам сөздерден құралады. Осыған орай бұл тіркестерден көбіне біріккен сөздер жасалып отырған. Демек, соңғы жылдары қолданысқа түскен осындай тіркесті сөздерден біріккен терминдер жасалары анық. Бірақ бұл бірден бола қоятын шаруа емес, ол үшін әрине уақыт керек.
Соңғы жылдардағы газет беттерінде сын есімдер мен зат есімдердің тіркесуі арқылы жасалған тіркесті терминдер де жиі ұшырасады.
Сын есімдер мен зат есімдер қатар тұру арқылы өзара қабыса байланысқан есімді сөз тіркесі жасалады және мұндай тіркестердің құрамы әр алуан болатындықтан олар анықтауыштық қатынаста жұмсалады. Мысалы, шағын кәсіпорын, ортақ валюта т.б. Өтпелі кезеңде ортақ валюта – сом – өте маңызды екені рас. (Е.Қ.1992. №121. 27 мамыр, -2б). Шағын кәсіпорынды жылына тек бір рет қана кешенді (салық, өрт, санатория т.б.) тексеруге рұқсат ету керек деген сияқты ұсыныстар талай айтылады.(А.т. 1997. №2. 16 қаңтар, -1б).
Осындай тіркестердің бірі – лы,-лі, -ды,-ді, -ты,-ті жұрнақтары арқылы жасалған сын есімдердің есім сөздермен мағыналық байланысқа түсуі. Мысалы, Аксионерлік қоғамның құнды қағазына ие болғандардың қатарында Өскемен титан-магни, Соколов-Сарыбай кең байыту комбинаттары «Балқаш мысы», «Маңғыстау мұнай газы», «Екібастұз көмірі» өндірістік бірлестіктері сияқты алыптар бар (Е.Қ. 1994. №62. 7 мамыр, -3б). Соғыстан соң мұнда Мырғалымсай және Глубокий (кен 1500 метр тереңдіктен шығарылатындықтан осылай аталған) кеніштері іске қосылды және ол бұрынғы КСРО-да гидрологиялық құрылымы өте ерекше, мол сулы қабатты аймақ деп есептелінген еді (А.т. 1998. №51. 24 желтоқсан, -4б).
Сол сияқты –лық,-лік,-дық,-дік,-тық,-тік грамматикалық көрсеткіштері де тіліміздегі сөздердің тіркесу шеңберін арттыруда, яғни сөз тіркесі терминдерін жасауда өнімділік танытуда. Оны мына мысалдардан байқауға болады: ауырлық күш, бұрыштық жылдамдық, валюталық бағам, валюталық келісім, валюталық қаражат, әкімшілік акт, әкімшілік алымдар, депутаттық кеңес, жалгерлік ақы, жауынгерлік тапсырма, заңнамалық келісімдер, материалдық игілік, механикалық қозғалыс, нарықтық экономика т.б. Нарықтық экономикада кеңшар ұжымшарлардың орнын мемлекеттік кәсіпорындарда жекешелендірудің оптималды формалары–шаруашылық серіктестіктері алмастыруы қажет деген тұжырым баса айтылыды (Қ.Ә. 1995. №33.12 желтоқсан, -3б). Демек, сол салаға орналасқан кісі көпке ортақ, нақты иесі абстрактылы материалды игілікті қоймадан шығармай оған деген сұранысты жасанды жолмен күшейту арқылы қосымша пайда табатын (Қ.Ә.1998. №4. 27 қаңтар, -6б). Солардың бірі Ресей Федерациясы Президенттік кеңесінің мүшесі, «Реформа» қорының вице-президентті А.М. Миграниян мырзадан келді (Е.Қ.1999. №232. 19 қазан, -1б).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет