Ашық сабақ
Тақырыбы: «Қазіргі қазақ тілінде тұрақты сөз тіркестерінің қолданылуы»
Тобы: ҚТӘ-121
Оқытушы: А.Қ.Мамбетова
Ақсукент – 2016ж.
Пәні: Қазіргі қазақ тілі
Оқытушы: Мамбетова А.Қ.
Педагогикалық ұстанымым: «Әр сабақ өмірге сабақ болсын»
Сабақтың тақырыбы: Қазіргі қазақ тілінде тұрақты сөз тіркестерінің қолданылуы
Сабақтың мақсаты:
А) білімділік- тұрақты тіркестер туралы алған білімдері мен біліктерін еске түсіру
Ә) тәрбиелік- сөз өнерін дұрыс бағалай білуге, алғырлыққа, тілдің нәзік құбылыстарын тануға, ана тілінің қыр-сырын меңгеруде ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Б) дамытушылық- ұлтымыздың ұлылық сипатын, өрісі кең өнегелі лебіз-ғибратты ойларын тану, тіл оралымындағы тағылымдық шеберлігін байқауға дағдыландыру, іскерлік қабілеттерін дамыту, алған білімдерін бекіту.
Көрнекілік: интерактивті тақта, Power Polnt бағдарламасында жасалған презентациялар,компьютер,жаттығулар жинағы
Сабақтың әдісі: модульдік оқыту технологиясы, «Брейн - ринг» ойыны, сыни тұрғыдан ойлау, жеке, жұппен, топпен жұмыс
Сабақтың типі: бекіту сабағы
Сабақтың түрі: іскерлік ойын сабағы
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды 3 топқа бөлу, сабақтың мақсатымен таныстыру.
Топқа бөлу. «Оркестр» ойынын ұйымдастыру. Оқушыларға аспап таңдату арқылы үш топқа бөлу. «Домбыра», «Қобыз», «Жетіген». Үш топ мүшелерін өз орындарына отырғызып болған соң, осы топ құрамы жанұя тобы екенін түсіндіру.Бұдан соң әр топ мүшелерін реттік қатармен санатып, (1,2,3,) әр топтан жұмыс тобын құру.
№11111 №22222 №33333
Мәтінмен жұмыс.
1-тапсырма.
№1 жұмыс тобына 1 мәтін
№2 жұмыс тобына 2 мәтін
№3 жұмыс тобына 3 мәтін
Жұмыс тобындағы әрбір оқушы сөйлемдермен танысады. Жеке оқиды, жұпта бір-біріне айтады, тұрақты тіркестердің астын сызады.
2-тапсырма.Жұмыс тобы жанұяға оралады, мәтін бөлімдерінің мазмұнын бір-біріне баяндайды, талқылайды. Тұрақты тіркестердің мағынасын ашады.
«Абай жолы» романында ұйытқы фразеологизмдердің қолданылу аясы
1 мәтін
«1.Олар самсаған сары қол. Самсаған сары қол – иін тірескен топ, қалың әскер
2.Көз ұшына кетіп, ұзап алып, ылғи жапа-жалғыз шауып отырған. Көз ұшына кетіп – алысқа ұзады.
3.Қолды болса, болатын жорға Жұмабай. Қолды болса – із-түзсіз жоғалды, ұрланды.
4.Қазір жүрегі аттай тулатып, соншалықты қуантып, еркін алған көрінісі. Жүрегі аттай тулатып – қатты толқыды.
5.Құнанбайға бұлардың ішінде көз алмай, қырандай қарап отырған дәл төрдегі Байсал.
Көз алмай – қадалып қарау.
6.Тура баспас тобан аяқ болған соң ит те, құс та шығады да! Тобан аяқ – жай қимылдады.Тобан аяқ – жай қимылдады.»
2 мәтін
«1.Жастар әлі Тәкежанның қазасын көбірек ойлай ма, тіс жарып, тіл қатпады. Тіс жарып, тіл қатпау – үндемеді.2.Қол қарасы көрінбейді, мұнысы тіпті жайлы еді. Қол қарасы – адам пендесі.3.Көшірі Баймағамбетке үлкен көзін қысып, әзір тұр дегендей иек қақты. Иек қағу- ымдады.4.Осы елді, көпшілікті зарлатқан қанды ауыз қасқырдың ең сойқаны – сол.
Қанды ауыз – жауыз, қаскүнем.5.Бол, тез деп, мені қолды-аяққа тұрғызбай сол әкелген жоқ па!- деді. Қолды-аяққа тұрғызбай – тыпыршып шыдамады.6.Ақырын ғана сыңғырлап, сонша нәзік талдай баяулап қана тіл қатты. Тіл қатты-сөйледі.
7. – Біздің ақсақал мен ысқақ ағама осы ақылды құдай білдірмеген соң, не дерсің? Ертең ауыздары аппақ боп қара жерге отырғанда бір-ақ білер! Қара жерге отырғанда – ұятқа қалдырды.8.Бұл дастанның басын тыңдамаса да, жаңағы өзі келген тұсынанайып тапқан Шұбар қазір суық жүзбен сөйледі. Суық жүзбен – зәрлі бет.
3 мәтін
«1.Бір тоқтамай, мүдірмей, соншалық бір шебер жүйрік тіл тауып жыр самғайды. Жүйрік тіл – сөзге шешен.2.Заман не боп барады? Ит ашуын тырнадан алғаны ма? Ит ашуын тырнадан алу – біреу үшін кекті әлсізден қайтару.
3.Сойылмен перейін бе осы кеп!- деп тісін қайрады.Тісін қайрады – ыза болды.
4.Ақбас білімді тіс қақққан адам болғанымен қазақ арасына жаңадан келген. Тіс қаққан – тәжірибесі мол.5.Абайдың жалғыз арманы бір ғана оңашада жүз көрісіп, сөйлесу болатын. Жүз көрісу- кездесу, бетпе-бет жолығу. 6.Соның үстіне «Сен Құнанбайдың баласы болсаң мен Алшынбайдың қызымын» деген өр көңіл де болатын. Өр көңіл – тәкаппар.
«Брейн - ринг» оқыта үйрету ойыны.
Ойынның жүру барысы:
Білімгерлерге нөмірленген жетондар үлестіріледі.Сілтеме бойынша алты адамнан үстел маңына топтасып отырады.Алты бөлікке бөлінген жаймалардың әр бөлігіне үш деңгейлік тапсырмалар жазылған қима қағаздар қойылады.Үстіңгі сұрақтарға дайындықсыз жауап беру талап етіледі. Екінші сұраққа - 2-3 минут, ал үшінші сұраққа 7-10 минут уақыт беріледі.Жүргізуші 1-6 ға дейін сандар жазылған қима қағаздарды жайманың үстіне тастағанда қандай сан оңынан түссе, сол санға сәйкес жетоны бар білімгердің жауап беруі талап етіледі.Толық жауапқа – көк түсті, жақсы жауапқа – қызыл түсті, орташа жауап бергендерге – сары түсті, қосымша жауапқа жартылай фишкалар беріледі.Тапсырмалардың орындалуы ұпаймен есептеліп, білімдері бағаланады.
1-деңгей:
Әзіл – көңіл кілті
1.Айнаға қай кезде өкпелеуге болмайды? (бетің қисық болса)
2.Қорқақ неден қорқады? (көлеңкесінен)
3.Тауық түс көре ме? (тауықтың түсіне тары кіреді)
4.Аппақ қарға бола ма? (қарға баласын аппағым дейді)
5.Қар жана ма? (Қалауын тапса қар жанады)
6.Шошқа үре ме? (ИТ ЖОҚТА ШОШҚА ҮРЕДІ)
7.Отқа түсіп күймеуге бола ма? (Отан үшін отқа түс, күймейсің)
8.Қандай кілт аспанда болады? (кісідегінің кілті)
9.Неменеге өкпелеп жүргенде не шықты? (мұртқа өкпелеп жүргенде сақал шықты)
Логикалық сұрақтар:
1.Жердің ортасында не бар? (Е)
2.Кімнің шашына жауын жауғанда су тимейді? (Тақырбастың)
3.Айжан мен Маржанның әкелерінің аттарын ата.Айжан мен Маржан – Асқар мен Мұраттың қыздары.Айжан Асқардың қызынан 2 жас кіші болса,бұлардың әрқайсысының әкелерінің аты кім? (Айжан – Мұраттың, Маржан – Асқардың қызы)
4.Арман, Аян,Аслан – ағайынды үшеуі әр сыныпта оқиды.Аслан Арманнан, ал Аян асланнан кіші емес.Бұл үйдің үлкені, ортаншысы, кішісі кім? (Ең үлкені Аян, ең кішісі – Арман, ортаншысы-Аслан)
5.Қай ауылдың балалары? Әділет, Еркін, Ерлан үшеуі лагерьде кездесті. Бұлардың біреуі Көктастан, екіншісі Ақтастан, үшіншісі Мергеннен келген.Ерлан мен Көктастан келген Еркін екеуі бір бөлмеге орналасты, бұлардың екеуі де Ақтаста болып көрмеген болса, қай бала қай ауылдан келген? (Әділет Ақтас, Еркін Көктас, Ерлан Мергеннен келген.)
6.Тауықты таразыға бір аяғымен тұрғанда өлшегенде 3 кг, ал екі аяғымен тұрғанда
неше кг болады? (Екі аяғымен тұрса да 3 кг болады.)
7.Жаңадан туған негр баласының тісінің түсі қандай болады? (жаңадан туған балада тіс болмайды)
2-деңгей:
1.Фраза мен идиома, мысал келтір
2.Еркін сөз тіркесі мен тұрақты сөз тіркестерінің айырмашылықтары
3.Фразеологиялық тіркестердің мағынасын аш
4.Тұрақты тіркес жазып, фонетикалық талдау жасап дыбыстарға математикалық тәсілмен мінездеме бер
5.Ортақ ұғым болатын сөз қойып жаз.
Ажарлы әке
Сұлу .......... бала .................
Көрікті ана
Бір кеше
Үштен бір ертең .... ..................
Бір жарым биыл
6.Берілген сөздерді тұрақты тіркестермен алмастырып, антонимдік жұп құра:
Алыс-жақын, қуану-ренжу,жиі келу- сирек келу, сәтті-сәтсіз, ұялу-ұялмау
3-деңгей:
1.Қазақ фразеологиясының зерттелу тарихы
2.Қазіргі қазақ тілінде тұрақты сөз тіркестерінің қолданылуы
3.Тұрақты сөз тіркестеріне морфологиялық талдау жаса
4.Тұрақты сөз тіркестерін қатыстырып, сөзжұмбақ немесе ребус құрастыр.
5.Топ мүшелері әрқайсысы тұрақты тіркестерді пайдаланып өз досыңа мінездеме жазу.
6.Семантикалық кестені толтырыңыз.
Сөздер
|
синоним
|
антоним
|
Тұрақты тіркес
|
Мақал-мәтел
|
момын
|
|
|
|
|
қорқу
|
|
|
|
|
алыс
|
|
|
|
|
сәтті
|
|
|
|
|
қуану
|
|
|
|
|
7. Әр топтан бір студент шығып тұрақты тіркеске сатылай кешенді лексикалық талдау жасайды.
Аузы – аузына жұқпайды
Сөздің шығу тегіне байланысты – туынды мағынадағы сөз
Сөздің тіркесу сипатына байланысты – фразеологиялық байлаулы сөз.себебі, орын жағынан әбден қалыптасқан, құрамын өзгертуге келмейді, екі сөзден тіркесіп бір мағына білдіріп тұр.
Мағынасы – сөзшең
Сабақты қорыту.
Сонымен, тұрақты тіркес туралы алған білімімізді жинақтайық.Егер тұрақты тіркестердің барлық қасиеттерін таба алсаңдар «Тұрақты тіркес» атты отау үйдің шаңырағын көтерген, яғни қазақ үйді дұрыс тіге алған болар едіңдер.
Қорыта айтқанда, тілдегі тұрақты сөз тіркестері тілді көркем, айшықты айтудың бір тәсілі болса, ендігі бір артық белгісі сөзді неғұрлым дәл нақты береді.
Тұрақты сөз тіркестері тілде сөзді алмастырып қана қоймайды, ойды анықтайды. Таным-түсінікті береді.Осындай ерекшеліктеріне қарай тұрақты сөз тіркестерін шартты түрде тарихты, таным-түсінікті және ой дәлдігін ашатын тіркестер деп бөлуге болады.
Жаугершілік заманда жауынгер ұрыста өзі жеңген жауларының басын кесіп, қанжығасына байлап алатын көрінеді. «қанжығаға байлады», «қанжығасында кетті», «қанжыға майланды», «қанжығаң қан болсын», «қанжығасын қандады» тіркестерінің тарихын аңыз осылай шертеді. Бұны тарих іздері де дәлелдейді.
Әр істің , әр заттың қадір-қасиеті болады деген халық нені болсын қадірлеуді қалап, қиратып – жоюды, сындырып шағуды хош көрмеген. Бұдан «киесі ұрады», «киесі атады» деген тіркес қалған.
Қазақ фразеологиясында қарға құсына байланысты туындаған бірнеше тұрақты тіркестер бар. Олар «қарға тамырлы қазақ», «қарға қарғаның көзін шұқымайды» деген тіркестерді жатқызуға болады.
«Қарға тамырлы қазақ» үш сөздің тіркесінен құрылған. «Қарға тамырлы қазақ» деген тіркес бір атадан тараған ұрпақтың туыстық белгісін емес, адам баласының бір-біріне жанашырлық қолдауы мен белгілі бір іске жұмыла кірісетін татулықты білдіреді. Қарға құстың татулық пен қамқорлығын бейнелейтін мазмұндар түркі халықтарының көне мифтері мен ертегілерінде сақталған.Мысалы, түркі монғолдарының көне мифтік танымы бойынша, қарға – басына іс түскен жанға қамқорлық көрсетіп, жанашырлық білдірген киелі құс.Айталық, ғұндардың көне мифінде жапан далада жалғыз қалған Үйсін күнбиінің баласын қасқыр емізіп асыраса, сол жас нәрестеге ет тасып асыраған жанашыр, қамқоршы құс – қара қарғалар.Қасқыр мен қарғаның қамқорлығы арқасында аман қалған жас нәрестені ғұн патшасы киелі жан деп танып асырап алады. Сол бала кейін үйсін елінің билеушісі болады.
Бағалау кезеңі.
Топтарға бағалау парақтары таратылады және жинаған фишкалары бойынша бағаланады.
Үйге тапсырма:
1. Бір-бірімен синоним болатын, антоним болатын бірнеше тұрақты тіркес тауып жазу.
Достарыңызбен бөлісу: |